Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Эссе (Реферат)

Объем: 8 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Білім сапасын арттырудағы ақпараттық технология негізінде экологиялық білім беру

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлтты к және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген.
Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік - жігерлерін, яғни жан - жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр.

Оқушылардың оқу үрдісіне кірісу деңгейі мен танымдық белсенділігінің байқалуы - нөлдік көрсеткіштен ең жоғарыға дейін өзгеретін динамикалық көрсеткіш. Белсенділігі әртүрлі деңгейдегі оқушылардың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерін талдап әрі олармен өзара оқу әрекетін ұйымдастыру стратегиясын анықтап көрелік. Оқытушының тактикалық әрекеті оқу - тәрбие үрдісінің міндеттерін күнделікті шешуге бағыттаса, стратегиясы оқу үрдісін оңтайландыруға бағытталады.

Экологиялық білім дегеніміз - табиғатты қорғау саясаты. Ал адамзат баласы қол жеткізген жетістіктер түрі сан алуан десек, солардың барлығын біріктіріп, біртұтас жаңа жүйеге жинақтап отырған сала - экология екендігінде дау жоқ. Экологиялық мәселелердің туу көзінің өзі әлеуметтік - экономикалық факторлар болып отыр.
Қалай болғанда да жоғары экологиялық сауаттылық әрбір адам баласынан талап етілмек. Экологиялық тазалыққа қамқорлық жасау үлкеннің де, кішінің де азаматтық борышы екендігін ескеруіміз қажет.

Экология пәнін оқыту экологиялық және әлеуметтік мәселелердің мәнін түсіндіруге, қоршаған орта мен адам арасындағы өзара байланыстың дамуына талдау жасауға үйретеді.
Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру жайын ғылыми - әдістемелік тұрғыда талдап, үздіксіз экологиялық білім беру мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын, дидактикалық негіздерін жолға қою керек. Оқушылардың үздіксіз, бағдарлы, сапалы білім жүйелерінің бір - бірімен сабақтастығы сақталуы тиіс.
Оқушылардың экологиялық сауаттылығын, мәдениетін, танымдық белсенділігін арттыру үшін оқытушының білімі мен педагогикалық шеберлігі үлкен ықпал жасайды.