Қазіргі мектептегі оқыту принциптері
Жоспар
Кіріспе 3
1 Қазіргі мектептегі оқыту принциптері 7
1.1 Саналылық және белсенділік принципі 7
1.2 Көрнекілікпен оқыту принципі 10
1.3 Жүйелілік және бірізділік принципі 12
1.4 Беріктік принципі 15
1.5 Түсініктілік принципі 18
1.6 Ғылымилық принципі 21
1.7 Көңіл-күй ескеру принципі 23
1.8 Теория мен тәжірибені байланыстыру принципі 25
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер 29
Кіріспе
Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері - бұл ғылым тарапынан анықталған зандар мен заңдылықтар. Бұл заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, үдерістер мен олардың нәтижелері арасындағы жалпы, шынайы, тұрақты және қайталанып келетін байланыстар мен тәуелділіктердің мәнін ашады. Дидактика оқудың көптеген заңдылықтары және заңдарымен таныс, біз олармен әр қилы мәселелерге орай кездесіп отырамыз. Дидактикалық үдерістің негізін құрайтын аса маңызды және негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу үдерісіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мән-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пәндерін өтуде және оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мәнін сақтайды.
1 Қазіргі мектептегі оқыту принциптері
1.1 Саналылық және белсенділік принципі
Аталған принциптің негізінде ғылым тарапынан анықталған зандылық тұжырымдары жатыр - білім мәні өз ақыл ой белсенділігі арқасында игерілген терең де әрі өз бетінше ұғынылған білімдерден құралады. Білімдерді саналы игеру бірнеше шарттар мен жағдаяттарға тәуелді: оқу сеп түрткілері, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейі мен сипаты, танымдық іс-әрекетті басқару және оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастыру, мұғалім қолданған әдістер мен оқу жабдықтары және т.б. Оқушының өзіндік таным белсенділігі оқудың маңызды жағдаятының бірі есептеледі, ол оқу материалын терең әрі берік игеруде пәрменді ықпал жасайды. Оқудың саналылық және белсенділік принципін іске асыру барысында келесі маңызды оқу ережелері сақталуы тиіс:
1.2 Көрнекілікпен оқыту принципі
Бұл ежелгі замандардан қолданылып келе жатқан аса танымал және сезімдік түсінікті принциптердің бірі. Оның негізінде келесідей ғылыми заңдылықтар жатыр: адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді әртүрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру мүшелерінің аса жоғары сезімталдығына ие; қабылдағыш жүйке (рецепторлардың) орталық жүйе-жүйесіне бағытталған байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру ағзасының (оптикалық канал бойынша) миға келіп түсетін ақпарат қайта таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез және берік бейнеленіп қалады. Оқу тәжірибесі көрнекілік принципін қолданудың көптеген ережелерін іске асырған. Солардың кейбірін еске салайық:
1.3 Жүйелілік және бірізділік принципі
Бұл принцип келесі ғылыми тұжырымдарды негізге алады: қоршаған орта болмысының айқын бедерлері мида нақты бейнеленсе ғана, оқушы шынайы білім топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін қалыптастырудың басты тәсілі - белгілі жолмен ұйымдастырылған оқу; ғылыми білімдер жүйесінің бірізділігі оқу материалының ішкі қисынымен және оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен байланысты; жеке элементтерден тұратын оқу үдерісінің тиімді әрі жоғары нәтижеге жетуі ол үдерісте орынсыз үзілістердің, ескерілмей қалған қажетті сәттердің болмауына және бірізділіктің қандай да себептермен бұзылмауына тәуелді. Егер дағдылар тиісті жаттығулармен жүйелі бекімесе, олар көп ұзамай жойылады; егер оқушылар қисынды ойлауға үйретілмесе, олар өздерінің ойлау іс-әрекетінде үлкен қиыншылықтарға кезігеді; егер оқу ісінде жүйелілік және бірізділік сақталмаса, оқушылардың даму үдерісі бәсеңдейді.
Мұғалім қызметінде жүйелілік және бірізділік принципі көптеген ережелерді орындаумен іске асып барады, олардың арасына аса маңыздылары келесідей:
1.4 Беріктік принципі
Бұл принципте келесідей заңдылықтар анықталған: білім мазмұнын игеру және оқушылардың танымдық күш-қуатының дамуы - оқу үдерісінің бір-біріне байланысқан екі тарапы; игерілген оқу материалының беріктігі ақылға сай жағдаяттарға, яғни бұл материалдың мазмұны мен құралымына ғана тәуелді болып қоймай, оқушылардың сол пәнге, материалға, мұғалімге деген субъектив қатынастарына да орайлас; игерілген білімнің берік болуы оқуды ұйымдастыруға, әрқилы оқу түрлері мен әдістерін пайдалануға, сондай-ақ оқу мерзіміне байланысты келеді; оқушылар жады таңдамалы сипатқа ие: қандай да материал оларды маңыздылығымен қызықтырса, сол материал берік орнығады және ұзақ сақталады.
Игерілген білімдердің бекуіне жәрдемші оқу іс-әрекетін түсінуден дәстүрлі оқу жүйесіне жаңа ережелерді ендіру мүмкіндіктері ашылды:
1.6 Ғылымилық принципі
Ғылымилық принциптің талабы - оқушылар игеруіне ғылым тарапынан анықталған білімдерді ұсыну. Бастапқы мектептік білемденудің де міндеті осы ғылыми білімдерді игертуге бағытталған. Оқудың ғылымилығы ең алдымен мектеп білімінің мазмұнына және оны қалыптастыру принциптерін қатаң ұстануына; мұғалімдердің мазмұнды толық іске асыра алуына тәуелді; қабылданған білімдердің ғылымдық сипаты оқу жоспарларында, бағдарламаларында өрнектелген, пән аралық байланыстарда іске асып барады. Озат дидактикалық жүйелер, тәжірибелер бұл принципті жүзеге келтіретін бірнеше ережелерді ашып көрсеткен:
1.7 Көңіл-күй ескеру принципі
Көңіл-күй ескеру принципі бала табиғатының дамуы мен оның іс-әрекетіне байланысты туындайды. Ұнамды көңіл-күйден адам жаны нәр алады, ой өрісі сәулелене түседі, оқу жеңіл, жылдам және жағымды сезіммен қабылданады. Егер оқушының кітап оқуға зауқы болмаса, оны ауыр да азапты еңбек сипатында қабылдаса, одан табысты нәтиже күтудің өзі болымсыз іс. Сондықтан да оқу алдында баланың ұнамды көңіл-күйін көтеріп, оны қуанышты оқиға ретінде қабылданатын дәріс жұмысына дайындау қажет. Ұнамды қатынас болмаған жерде оқу үдерісі өз ықпалының жартысын жояды. Ықыласы болмаған адамды оқыту - бос әурешілік.
1.8 Теория мен тәжірибені байланыстыру принципі
Бұл принциптің негізіне дәстүрлі философияның ақиқат пен танымдық қызметінің дерек көзі - тұрмыс және іс-әрекет екендігі туралы тұжырымы алынған. Орынды ұйымдастырылған тәрбие әрқашан өмірдің өзінен тәжірибемен бастау алып, онымен тығыз байланыста болады, сонымен өсіп келе жатқан әулетті, белсенді тіршілік қамына дайындайды. Оқудың өмірмен, теорияның тәжірибемен тығыз байланысты болуы оқу мазмұнына, оқу-тәрбие үдерісінің келелі ұйымдастырылуына, оқудың тиімді формалары мен әдістерін пайдалануға, еңбек пен политехникалық дайындыққа бөлінген уақытқа, сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне тәуелді келеді.
Қорытынды
Біз дидактикалық принциптерді қарастырып, олардың іске асу ерекшеліктерін әңгіме арқауы еттік. Қорытындылай келе, айтарымыз: принциптер әрқашан белгілі жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан күйде іс-әрекетте кешенді, түрде жүзеге асып барады. Оларды кезекпен немесе бірінің орындалуымен екіншісіне тізбекті өте, пайдалану мүмкін емес.