Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Салық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 69 стр.

Полный просмотр работы

ҚР акциз салығының экономикалық мәні

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
I – Тарау. Акциздердің экономикалық мәні мен мазмұны 6
1.1 Акциздер және оның Қазақстан Республикасы салық жұйесіндегі орны 6
1.2 Акциз жанама салықтардың бірі ретінде 13
II – Тарау. Қазақстан Республикасындағы акциздердің қалыптасуы және есептеу ережелері 20
2.1 Акциздерді есептеу мен өндіруді ұйымдастырудың тәртібі мен қағидалары 20
2.2 Салық мекемелерінің акциз салығының төленуін қадағалауы 35
2.3 Астана қаласындағы акциздер түсімін талдау 39
III – Тарау. Салық жүйесін дамытудың негізгі қағидалары мен жолдары 45
Қорытынды 49
Қолданылған әдебиеттер тізімі 51
Қосымша 54
Баяндама 58

Кіріспе
Қазіргі уақытта Қазқстан халқы үшін ең актуалды мәселелелердің бірі болып Республикамыздағы салық жұйесін нарықтық экономика талаптары мен халықаралық стандарттарға сай келтіру болып тұр. Салық жұйесі кәсіпорындармен мемлекет арасындағы қатынастарды реттеудің маңызды құралы болғандықтан, қазіргі уақыт салық салынатын ұлттық табыстың өсуімен сипатталады.
Салық – мемлекеттік ұлттық табыстың бір бөлігі, ол өзіндік айналымға ие болып келе жатыр. Ол мемлекеттің рөлі мен қайта құрылған құнның бөлінуіне қаншалықты кірісетіндігін көрсетеді. Салықтың өндіріс процесі мен капитал айналымына әсерін анықтау үшін, салықтың ұлттық табыс қана емес ішкі жалпы сатылымдағы да орнын білу қажет, сонымен бірге салықтың айналу процесімен өнімнің жалпы қайта құрылуын байланыстыру керек.
Салық нарық экономикасына тән құбылыс және ол оның элементі. Кез – келген елде салық салу белгілі қағидаларға негізделуі керек, олар салық саласына негіз салған идеялар мен қағидалар. Қай уақытта болмасын бұл қағидалар халықтың ерекше назарына ие болған, өйткені оларға елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайымен азаматтардың тыңыштығы тәуелді. Оқымыстылармен мемлекеттік қызметкерлер негізгі ретінде тұрлі қағидаларды бөліп шығарады. Адамзаттың мыңдаған жылдар тарихында, салықты қолдану бойынша жиналған тәжірибесі көрсеткендей салық, барлық елдердің дамуына әсер етті. Соңғы жарты ғасыр ішінде жүргізілген зерттеулер, қазіргі салық салу жұйесінің ғылыми негізделген және универсалды қағидаларын құруға мүмкіндік берді.
Осылайша өткен ұрпақтардың қателіктері мен кемшіліктері ескеріле отырып, көптеген экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелер шешілді, мемлекеттің реттейтін, халықаралық қауымдастықпен біріккен және әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика құрылды, салық ауыртпалығы мен қоғам қажеттіліктерінің пропорциясы да жақсара тұсті, мұнда мемлекеттің мұқтаждығы да жеке және коллективті салық төлеушілердің мұмкіншіліктері де ескерілді. Салық салудың осы негізгі қағидалары 1995 ж. 1 шілдесінен бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Салық Және Бюджетке Төленетін Басқа да Міндетті Төлемдер» туралы жарлығында өз орнын тапты.
Негізгі қағидалардың қатарына ең алдымен мыналарды енгізу қажет:
1. Қандай да болмасын салық реформасын халық қолдамаса ол жұзеге аспайды, сондықтан ол әділ болуы керек және халық оны әділ деп тұсінуі керек.
2. Салық төлеушілердің барлық табыстары, қандай жолмен табылғаны мен жұмсалғанынан тәуелсіз, салықпен салынуы біркелкі болуы тиіс, яғни горизонтальді теңдік қағидасының сақталуын қамтамасыз ету қажет.
3. Вертикальді теңдік қағидасы бойынша, салық заңнамасы барлық салық төлеушілердің міндеттері мен құқықтарын, олардың табысы мен қоғамдағы орнына қарамастан тең ғылуы тиіс.
4. Салық заңнамасы максималды тұрде қарапайым жазылуы тиіс, яғни кез – келген салық төлеуші оны еркін қабылдап оңай орындауы тиіс. Егер ол шамадан тыс үлкен және қиын болатын болса онда ол салық әкімшілігінің де жұмсысын қиындата тұседі.
Салық салудың бұл қағидалары орындалуы үшін, салық төлеушілер мен акциз салығының объектілерін толық және өз уақытылы есептелуін қамтамасыз ету, акциз салығының бюджетке толық және уақытылы түсуін қадағалаудың тиімді нысандары мен әдістерін қолдану керек. Осыған байланысты осы дипломдық жұмыстың тақырыбы актуалды болып табылады. [8. 10 - 15бет.]
Дипломдық жұмыстың мақсаты акциз салығының экономикалық мәнін ашу, оның салық жұйесіндегі рөлін көрсету және акциз салығының тұсімін талдау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды қарастыру қажет:
- акциздердің экономикалық мәні мен мазмұнын ашу;
- акциздердің Қазақстан Республикасының салық жұйесіндегі рөлі мен орнын көрсету;
- акциздерді есептеу мен өндіріп алу механизмін қарастыру;
- салық заңнамасын бұзғаны үшін ықпалшаралардың қолданылуы мен акциз салығының түсімін талдау.

I – Тарау. Акциздердің экономикалық мәні мен мазмұны
1.1 Акциздер және оның Қазақстан Республикасы салық жұйесіндегі орны
Қазіргі таңдағы салық жұйесінің қиындығы, оның тез өзгергіштігі коммерциялық кәсіпорындардың, қаржы жағдайына жауапты бухгалтерлер мен қаржы қызметкерлерінің көз алмай бақылап отыруларын керек ететіндігінде.
Салық жалпы қоғамдық өнімнің, ұлттық табыстың, жалпы ішкі өнімнің, өндірістің дамуы мақсатында және мемлекет пен халықтың тұрлі қажеттіліктері мақсатында бөлінуіне және қайта бөлінуіне байланысты экономикалық қатынастарды көрсетеді. Сондықтан олар мемлекет пен шаруашылық жұргізуші субъектілер және халық арасындағы қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.

1.2 Акциз жанама салықтардың бірі ретінде
Салық салу механизмі, қандайда экономикалық жүйеде болмасын күрделі болып келеді. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі, оның тиімділігінен әлеуметтік және экономикалық саясаттың жүзеге асуы тәуелді.
Салық салу теориясындағы ең қиын мәселе бұл салықты аудару мәселесі.
Соның арасында, салық саясатындағы мемлекеттік биліктің барлық топшыламасын жоққа шығара алатындықтан, бұл мәселенің тәжірибелік маңызы зор.
Салықты аудару тек қана белгілі жағдайларда ғана жүзеге асады. Алдымен, салық төлеу нарықтық операциялармен байланысты болғанда – сату, сатып алу, жалға беру. Бұнда, салық төлеуші, нарық операцисын салықпен байланыстырып, бағаны салық көлеміне өсіреді. Ал, акцизделген тауар өндіруші, бұл тауарды сатқанда бағаға акциз соммасын қосып оны сатып алушыға жүктеуге тырысады.

II – Тарау. Қазақстан Республикасындағы акциздердің қалыптасуы және есептеу ережелері
2.1 Акциздерді есептеу мен өндіруді ұйымдастырудың тәртібі мен қағидалары
Қазақстан Республикасында акциз «Салық және Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер» туралы заң және №36 «Акциз салығын есептеу және төлеу тәртібі» туралы нұсқаулама негізінде өндіріледі.
Акциз тауарға салынатын, өнім бағасына қосылатын жанама салық болып табылады. Акциз Қазақстанда жасалған және Қазақстанға импортталатын тауарларға және ойын бизнесіне салынады. Экспортталатын акциздік тауарлар акцизделмейді, тек қана егер тауар өндіруші тауардың экспортқа кететінін растайтын болса, алайда бұл, Қазақстан қатысқан халықаралық келісімдерге қайшы келмесе.
Акцизделетін тауарды экспортқа шығарарда, тауардың иесі төлеген акциз, оның осы салық тұрі бойыкша болашақ төлемдер шотына алынады немесе салық органының ол берген өтінішін алғаннан кейін 60 күн ішінде қайтарылып береді. Бұл тәртіп тауар иесінің акциз төлегенін және тауардың экспортқа кеткенін растайтын құжаты бар болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілері болып табылады егер:

Акциз жиналымынының толықтығын қамтамасыз ету үшін және акцизделетін кейбір тауарлардың заңсыз енгзілуі, өндірілуі мен сатылуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының үкіметі акцизделетін тауарларды акциз маркаларының жаңа түрімен таңбалануы керек деген үкім шығарды. Бұған отандық тауар өндірушілер мен шетел тауарын импорттаушы тұлғалар жауапты деп тапты. Сонымен бірге акциз маркаларының жаңа түрлерін шығаратын кәсіпорын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің Банкнот Фабрикасы болады деп шешті.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіне қарасты Салық Комитеті мен Кеден Комитеттері отандық және шетелдік акцизделетін тауарларды акциз маркаларының жаңа түрімен таңбалау үшін, акциз маркаларының жаңа түрін жасап шығару жөнінде, Ұлттық Банктің айтылған Банкнот Фабрикасымен келісім шартқа отыруы керек. Келісім шарт бойынша Банкнот Фабрикасы алькогольдік өнімдердің акциз маркаларына міндетті тұрде жеті саннан тұратын реттік номері мен сериясын салуы тиіс және ол иридисценттік қағаздан жасап шығарылуы керек. Шарап және қатайтылған сусындардың акциз ставкаларының айырмасы мол болғандықтан олардың акциз маркалары әр түрлі болу керектігі де есепке алынды. [15. 89 – 101бет.]

2.2 Салық мекемелерінің акциз салығының төленуін қадағалауы
Жолға дұрыс қойылған салық жүйесі, кризистен шығуда маңызды рөл атқаруы мүмкін. Маңыздысы, салық заңдылығын қатаң орындау болып табылады.
Салықты бюджетке дұрыс және уақытында төлеу жауапкершілігі салық төлеушімен оның қызметкерлеріне жүктеледі.
Құжаттық тексеріс, есеп тапсыру мәліметтерінің сенімділігін, есеп жүргізілуінің дұрыстығы мен толықтығын, салық пен басқа міндетті төлемдердің бюджетке уақытылы немесе кешіктіріліп төленуін және заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізуінің қаржылық нәтижесін бұрмалауға әкелетін қателерді анықтау мақсатында жүргізіледі.

2.3 Астана қаласындағы акциздер түсімін талдау
Акциз бұл өндіруші кәсіпорынның тауарына жіберілім бағасынан пайыз ретінде салынатын, мемлекет орнатқан жанама салық болып табылады.
Әдетте ол жоғары табысты тауарға орнатылады, ол тауар өндірушілер негіссіз алған жоғары табысты мемлекеттік бюджеттің пайдасына өндіру үшін орнатылған.
Салық қызметі органдарының экономикалық – қадағалау жұмысы бекітілген бағдарлама бойынша жүргізіледі.

III – Тарау. Салық жүйесін дамытудың негізгі қағидалары мен жолдары
Әр мемлекет өзінің нақты тәуелсіздігіне, бір жағынан қоғамның бір қалыпты жан – жақты дамуын, халықтың әл – қуатын, ел қазынасына салықтық түсімдерді және мемлекеттің жалпы экономикалық жағдайының күшеюін қамтамасыз ететін, екінші жағынан шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлік қызметке деген ынтасын төмендетпейтін салық салу жүйесінің мықты механизмін құру арқылы қол жеткізеді.
Жаңа экономикалық жағдайларда мемлекеттің қазынасына түсімдердің сенімділігін қамтамасыз ететін және сол уақытта өндірістің дамуын жан – жақты ынталандыратын салық механизмін енгізу мәселесін шешу үшін, тиімді жұмыс істейтін салықты басқару жүйесі қажет.

Қорытынды
Нарық қатынастарының дамуымен байланысты Қазақстанда салық төлеушілер көлемі үнемі ұлғайып келе жатыр. Салық төлеушілер көлемінің өсуі олардың есебін жүргізуді қалай еткендеде толық ету керек және осы жағдайға сай салық төлеудің ерікті процедураларын ойлап табу керек.
Нақты критерийлерді қолдануға негізделген, ревизиялардың қазіргі таңға сай әдіс – тәсілдемесін қолдануды бастау қажеттігі туды.Ревизия жүргізілетін кәсіпорындарды сараптайтын қосалқы жүйе ревизиялық жұмыстың тиімділігін максималды тұрде жоғарылатуға көмегін тигізеді.
Бұл жүйе тексерілетін салық төлеушілерді, жиналған тәжірибиеге негізделіп өңделген, белгілі параметрлерге сай таңдауы қажет.
Салық төлеушілерді таңдаудың критерилері бола алады:

Баяндама
Дипломдық жұмыстың мақсаты акциз салығының экономикалық мәнін ашу, оның салық жұйесіндегі рөлін көрсету және акциз салығының тұсімін талдау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды қарастыру қажет:
- акциздердің экономикалық мәні мен мазмұнын ашу;
- акциздердің Қазақстан Республикасының салық жұйесіндегі рөлі мен орнын көрсету;
- акциздерді есептеу мен өндіріп алу механизмін қарастыру;
- салық заңнамасын бұзғаны үшін ықпалшаралардың қолданылуы мен акциз салығының түсімін талдау.
Қазақстан Бұкіл Әлемдік Сауда Үйымынының мүшелігіне үміткер болуымен байланысты, еліміздің қоғамы үшін қазір ең актуалды мәселелердің бірі болып Республикамыздың салық салу жүйесін халықаралық стандарттарға сай келтіру болып отыр. Бұл Әлемдік Сауда Үйымының талаптары ғана емес, бұл қазіргі таңда елең алған халықаралық интеграциялық процесстердің талаптары. Өйткені салық кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейтін негізгі құрал болып табылады, және бұл резидент емес тұлғаларға да қатысты болып табылады.
Егер салық төлеуші тауардың бағасын ол төлеген салықты жаба алатындай етіп көтере алса, онда ол салықты аудара алатындай жағдайда болады. Бұнда тікелей аудару орын алады, яғни салықты өз субъектісінен басқа субъектіге жүктейді. Дәл осы салықтың тура және жанама болып болінуінің негізіне жатты.
Жанама салықтардың, тіке салықтардың алдындағы және оларды кең пайдалануын шарттайтын артықшылығы болып келесілер табылады:
6. Жанама салықтар егер оларды рационалды және тиімді пайдалана білсе, мемлекетке өте үлкен қаржы кірістерін әкеле алады. Қазіргі таңда олар мемлекеттік бюджет кірістерінің негізгі көздерінің біріне айналған.
7. Жанама салықтар соммасы, көп сомманы бірақ төлеуді талап ететін тіке салықтарға қарағанда азғантай, маңызды емес бөліктермен өндірілетін болғандықтан, төлеуші үшін аса сезімді емес.
8. Жанама салық, тек қана егер ол бірінші қажеттілік тауарларына салынбаған болса, төлеушінінің ақшасы бар кезінде ғана төленеді, өйткені бұған салық өндірілумен байланысты екінші қажеттіліктегі тауарларды сатып алу фактісі көрсетіп тұр. Ал тура салықты төлеуді, төлеуші қиын жағдайда жүрген кезінде төлеуін керек ете қалуы мүмкін, бұл жағдайда салықтан жалтару қызығушылығы пайда болуы мүмкін.
9. Жанама салықтың мемлекет үшін тиімділігі, салық төлеушінің одан жалтарыла алмайтындығында. Тура салықтар, олар қаншалықты мұқият ойластырылсада, одан жалтаруға мүмкіндік қалдарады.
10. Жанама салықтарды жинау әлде – қайда жеңіл, өйткені салық салынушылар көлемі өте көп, ал оны саны аз өндірушілер немесе сатып алушылар төлейді.
Акциз салығы жанама салықтардың бірі, ал жанама салықтардың мемлекетке тиімділігі одан жалтарудан қиындығында, және жанама салықтар бюджеттің кіріс көзінің 30% - ға жуығын құрайды.
Акциз арқылы мемлекеттік бюджетке тауар бағасының бір бөлігі өндіріледі, ол өндірістің тиімділігімен емес, тұтынудың өзіне тән ерекшелігімен емес, өндіру мен сатудың ерекше жағдайларымен жасалған бағадан өндіріледі. Егер бағаның бұл бөлігі бюджетке өндірілмейтін болса, онда бұндай тауар өндірушілер ақталмаған мол табыс тауып, басқа кәсіпорындармен салыстырғанда тең емес, жағымды жағдайда болар еді.
Акциз түсімдері акциз салынатын жаппай тұтыну, беделі жоғары және иррационалды тұтыну тауарларын өндіру көлемімен байланысты. Үкімет акциз ставкасын да, акциз салынатын тауарлар көлемінде кең ауқымда реттей алады. Бұл жағдай акциздердің баға құрамына кіріп, анық көрінбей, латентті, яғни жасырын түрде қызмет ететіндігінен болып отыр. Акциз – тауарға салынатын, оның бағасына кіретін және сатып алушыға жүктелетін салық. Акцизді, өзіндік ерекшелігі бойынша монопольді қымбат және ұнемі сұранысқа ие тауар өндіретін өндірушілер төлейді. Акциз қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл жағдайда салық тариф құрамына енеді.
Қазақстанда акциз ел ішінде шығарылатын және басқа мемлекеттерден импортталатын мына өнімдер үшін төленеді:
11. спирттің барлық түрлері;
12. алкоголь өнімі;
13. темекі бұйымдары;
14. құрамында темекі бар басқа бұйымдар;
15. бекіре және қызыл балық уылдырығы
16. бензин (авияциялық бензинді қоспағанда);
17. жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
18. газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнай акцизделетін тауарлар болып табылады.
Қазақстанда қызметтің акцизделетін түрлері мыналар болып табылпды:
3. ойын бизнесі;
4. лотореяны ұйымдастыру мен өткізу.
Тізімде бірінші кезектегі керек заттар жоқ, тек қана қымбат беделі жоғары және иррационалды тұтыну тауарлары ғана. Акцизделетін тауарлар ставкалары да, олардың тізімі де өзгеруі мүмкін, ол біріншіден жеке тауарлардың тұтыну мөлшерін реттеумен, екіншіден мемлекеттің ағымдық фискалдық саясатына байланысты болуы мүмкін.
Бірінші жағдайдың себептері түсінікті. Өйткені біздің елде спирт, алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын мемлекеттік реттемесе, бұл жағдайдың нәтижесі өте үлкен, жағымсыз себеп салдарға әкеліп соғады. Мұндаға дейін атыс және газ қаруларына да акциз салығы салынып келді, бұныда оңай түсіндіруге болады. Еліміз тәуелсіздігін жаңадан алған жылдары криминалды құрылымдар қаптап кетіп, рекетир мен бандитизм сияқты құбылыстар елең ала түсті. Бұл мезгілді біз, бәрімізге мәлім «жабайы капитализм» деген атпен атадық. Ал қазір «жабайы капитализм» артта қалып атыс және газ қаруларының заңсыз айналымына қойылған қосымша кедергідегі керектік азайып, бұл тауардан акциз салығы өндірілмейді.
Шикізат бойынша акциз соммасы бюджеттік төлемдер соммасының азайтылымына жатады, ол дайын өнім өндіруге жұмсалған шикізат көлеміне байланысты есептеледі.
Экспортталатын акциздік тауарлар акцизделмейді, тек қана егер тауар өндіруші тауардың экспортқа кететінін растайтын болса, алайда бұл, Қазақстан қатысқан халықаралық келісімдерге қайшы келмесе. Акцизделетін тауарды экспортқа шығарарда, тауардың иесі төлеген акциз, оның осы салық тұрі бойынша болашақ төлемдер есебіне алынады немесе салық органы ол берген өтінішін алғаннан кейін 60 күн ішінде қайтарып береді. Бұл тәртіп тауар иесінің акциз төлегенін және тауардың экспортқа кеткенін растайтын құжаты бар болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Импортталған тауарлар үшін салық салынатын айналым болып тауардың кедендік құны немесе заттай нысандағы көлемі табылады. Заңнамада импортталатын тауарларға жеңілдіктер қарастырылған. Жекелеп алғанда: гуманитарлық көмек ретінде қайырымдылық мақсатта, шетел дипломатиялық және оларға теңдестірілген әкілдіктерінің ресми қолданылуына арналған, осы әкілдіктердің жұмысшылары мен олардың отбасы мүшелері қолданылуына арналған; халықаралық адам және жүк тасымалдау көліктерін пайдалануға қажетті заттар; жеке тұлғалардың, бекітілген норма шеңберінде әкелген заттары және кейбір басқа жағдайларда әкелінген тауарларларға акциз салығы салынбайды.
Акциз ставкалары қолданылады: