Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Реферат

Объем: 7 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру арқылы кітапханалық - библиографиялық қызметті ғылыми зерттеуді меңгеру

Жоғары оқу орны - әрбір жас тұлға - студенттің өмірінде үлкен роль атқарады. Институт, университеттерде студент өзі таңдаған мамандығын жан-жақты, кең көлемде оқып-үйренеді Оқу жүйесі арқылы, студент оқу процесіне белсене араласады, кәсіби сана - сезімін, шығармашылығын әрі қарай дамытуға жол ашылады. Сондықтанда, студенттің әлеуметтік ролі күшейеді, өзінің таңдаған мамандығы бойынша белгілі бір позицияны, бағытты ұстанады. Сонымен қатар, оқуды меңгеруде, студенттің жеке білімпаздық қасиеті, қызығушылығы үлкен роль атқарады. Мұнымен катар, оның есте сақтау қабілеті жоғары болуға тиісті.

Аты аталған пәндер бойынша студенттердің өзіндік жұмысы олардың шығармашылық белсенділігін, логикалық ойлауын дамытуына қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты. Студенттердің өзіндік жұмысының түрлері «Кітапханалық және демалыс жұмысы» кафедрасының оқытушылар құрамы жасалып, төмендегі құжаттарды қамтиды:
- пәннің оқытылу түгел қамтитын СӨЖ кестесі;
- типтік және жұмыс оқу бағдарламаларының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі;

Мұнымен катар, студенттер ғылыми-зерттеу жұмысының негізінен, методологиялысымен танысумен қатар, оны қалай ұйымдастыру қажет екендігін, ғылыми - жұмыстың теориялық және іс-тәжірибелік базасымен танысады. Студенттер өзіндік жұмыстарды орындау арқылы зерттеудің әдістерін меңгереді және олардың творчестволық ойлау қабілеті қалыптасады.
Ғылыми - зерттеу жұмысының тиімділігі мен сапасы, кітапхана саласындағы ғылыми - ақпарат жүйесінің ұйымдастырылу деңгейіне тығыз байланысты. [5.с. 177]
Студенттердің толыққанды ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуы үшін мынадай бағыттарды жақсы білуі қажет: