Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Жаратылыстану ғылымдары

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Полный просмотр работы

Алпамыс батыр жырын оқыту және тәрбие жұмыстары

Алпамыс батырдың қалмақтармен соғысқан сәті жырда былай суреттеледі:
… Астында Шұбар секірді,
Жазым болып кетер деп,
Үстінде бала бекінді,
Шынжыр арқан,темір тор,
Жүн- жүн болған секілді.
Тағы шұбар бұлқынды,
Үстінде бала жұлқынды,
Қамалап тұрған қалмаққа,

Белгілі фольклоршы Әубәкір Диваевтың Жетісу жеріне келіп қазақ халқының ауыз әдебиетін жинағаны белгілі. Оның «Тарту» атты жинағы қазақ фольклорының біріне жатады.
Қазақтың белгілі жазушысы С. Мұханов та қазақ фольклорын жинап, кітап етіп бастыруда көп еңбектенді. Кеңес үкіметі құрылғаннан соң қазақ батырлар жырын жинақ етіп шығару қолға алынды. Бұл игі істе С. Мұханов аз еңбектенген жоқ Бұл жөнінде М. Ғабдуллин былай деп жазды: «… 1922-жылы Ә. Диваев «Алпамыс» жырын қайта бастырып шығарды. Ал 1939- жылы «Батырлар» атты жинақ шықты. Оның редакциясын басқарған, сөз басын жазған С. Мұханов еді. Ол «Алпмыс» жырын жаңа жинаққа енгізгенде, жырдың еларасында айтылып келген және бұрын баспа жүзінде шыққан нұсқаларын шебер біріктірді де, тұтас бір жырға айналдырды…».

«Алпамыс батыр» жырында Алпамыс пен Тайшық ханның айнасы тебірене жырланады. Алпамыстың өн бойында жауына деген ыза-кек қайнайды. Жырды оқушы немесе тыңдаушы Алпамыс бойындағы патриотизмге қайран қалады:
… Олар майдан ішінде,
Түзетті бұлар ұысты.
Ойын екен бұрынғы,
Ірілетті жұмысты.

Жырда Алпамыс өз халқының жанашыры, қамқтршысы. Ел бірлігін сақтаушы батыр. Оның ойы мен мақсаты бөлінген елді біріктіру. «Бөлінгенді бөрі жер» деген ұлағатты сөзден қорытынды шығару. «Төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген аталы сөздің қадір – қасиетін ұғыну. Осы тұрғыдан қарағанда Алпамыс батыр ғана емес, ірі қайраткер, көсем. Сондықтан М. Ғабдулин: «…ол өкпелеп көшіп кеткен ел-жұртының бір бөлегін қайтару, оны қоңыраттарға қайта табыстыру, татуластыру мақсатын көздейді, ру бірлігін қарастырады. Жыр ру арасында бірлік болса, елдік бар екендігін аңғартады. Байсарының қалмақ ханына көшіп кетуін, ол жерде жат жұрттан қорлық көруін суреттеу арқылы жыр бірсыпыра жайды елестеткендей болады.

«Алпамыс батыр» жыры елдігіміз бен ерлігімізді бүкіл әлемге білдіретін аса көрнекі, халқымыздың салт –дәстүрі сақтаған жыр. Жырды оқыту арқылы мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу- қазіргі таңдағы кезек күттірмейтін мәселе.