Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 24 стр.

Полный просмотр работы

Нотариат

МАЗМҰНЫ
1 Нотариат қызметiнiң ұйымдық және құқықтық негiздерi 3
2 Нотариаттық палата 15
3 Нотариаттық қызметке ақы төлеу 18
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24

1 Нотариат қызметiнiң ұйымдық және құқықтық негiздерi
Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактiлердi куәландыруға, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық iс-әрекеттердi жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекiтiлген жүйесi.
Осы Заңмен белгiленген жағдайлар мен шектерде нотариаттық iс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:

Нотариус ретiнде қызметiн тоқтатқан адамдар нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға мiндеттi.
Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, нотариус берген құжаттардың көшiрмелерi немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жүргiзiлген заңды және жеке тұлғаларға, не олардың уәкiлеттi адамдарына ғана берiледi.
Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi.

2. Нотариус лицензиясының күшi алты айға дейiнгi мерзiмге мынадай жағдайларда:
- нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясынан айыру жөнiндегi талап-арыз iсiн қозғағанда;
- нотариус қылмыстық iс бойынша айыпталушы ретiнде тартылған жағдайда;
- нотариус өзiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерткенi, сондай-ақ оның үй-жайының орналасқан орны өзгергенi туралы мәлiметтердi аумақтық әдiлет органына бiр ай iшiнде хабарламағанда;
- нотариус осы Заңға сәйкес өзiне белгiленген қызмет аумағын бұзғанда;
- нотариус нотариаттық iс-әрекеттердi жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғанда тоқтатыла тұруы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi құжаттар мен мәлiметтер талап етуге; ғылыми, педагогтiк және шығармашылық қызметпен айналысуға, соның iшiнде жалдау шарты бойынша айналысуға.
Нотариус:

2 Нотариаттық палата
Нотариаттық палата жеке практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, сондай-ақ нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшiн құрылатын коммерциялық емес, кәсiптiк, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және жарғымен реттеледi. Нотариаттық палата заңды тұлға болып табылады және заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.
Қазақстан Республикасының әрбiр облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында бiр нотариаттық палата құрылады.
Аумақтық нотариаттық палаталар қауымдастық (одақ) нысанындағы Республикалық нотариаттық палатаға бiрiгуге құқылы.
Нотариаттық палата:

3 Нотариаттық қызметке ақы төлеу
Мемлекеттiк нотариат кеңсесiнде жұмыс iстейтiн нотариус пен аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi аппаратының лауазымды адамы нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген ставкалар бойынша мемлекеттiк баж алады.
Жекеше нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттерге ақы Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттiк баж мөлшерiне сәйкес келетiн ставкалар бойынша төленедi.
Қазақстан Республикасы консулдық мекемесiнiң лауазымды адамы нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн консулдық алымдардың тарифiмен белгiленетiн алым алады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Конституция РК
2. Д.Н. Бахрах. Административное право. М., 1993.
3. Ноздрачев А.Ф. Административное право. Фундаментальный курс. М., 1992.
4. Ю.М. Козлов Советское административное право. М., 1984.
5. А.П. Алехин, Ю.М. Козлов. Административное право. 1994.