Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 67 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Қазақстан Ресей Қытай қарым-қатынастары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І -ТАРАУ. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты 8
1.1 Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны 8
1.2 Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері 20
1.3 Орта Азиядағы жана саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары 29
Сілтемелер 44
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың Орталық Азиядағы жаңа ролі 44
2.1. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері 44
2.2. «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына» қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары 55
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 67

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. XX г. аяғы жаңа халықаралық геосаяси ахуал, КСРО ыдырағаннан кейін 15 жаңа мемлекеттің пайда болуы, олардың халықаралық қоғамдастықтың толық құқықты мүшелері ретінде көз түру үрдісі олардың арасындағы мемлекетаралық қатынастар үлгісін іздестіру - осы заманға тарихи – саясатнамалық, халықаралық құқықтық білім зерттейтін өзекті тақырыптардың бірі. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің толыққанды мемлекетаралық қатынастарының қалыптасуы кезеңдерін терең ой ілегінен өткізіп талдау, мұның үстіне бұл үрдістің көз-алдымызда өтіп жатқанын ескерсек, аса маңызды ғылыми және қоғамдық-саяси міндетке айналады.
Жаңа тәуелсіз мемлекеттер - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тең құқықты әріптестік қатынастарының дүниеге келіп, дамуы қазақ-орыс өзара қатынастарының көп ғасырлық бүкіл барысының өзіндік бір синтезіне айналды .

І -ТАРАУ. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты
1.1 Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны
Қазақстан - Ресей мен Қытайдай әлемдік державалар арасында шаңырақ көтерген ел. Тәуелсіздікті сақтау үшін Қазақстан осы екі елмен ерекше саясат жүргізу керек. Тарих Абылай ханнан кейін араға үш жүз жыл салып қазаққа қайтадан тәуелсіз мемлекет құру мүмкіндігін берді.
1996 жылы сәуірде Шанхайда ҚХР; РФ, ҚР, Қырғызстан Республикасы және Тәжікстан арасында КСРО-ның бұрынғы республикалары мен Қытайдың арасындағы көпжылдық өзара түсініспеушілік пен сенімсіздіктің негізіне нүкте қойылды. Шанхай кездесуі, сол кездегі, КСРО-дан қалған өзара сенімсіздік, территориялық және шекаралық мәселелер бойынша мәселелерді шешуге қажет болды.
Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, Қытайдың Қазақстандағы Орталық Азиядағы саясатына өткен дәуірдің әсері көп. Сол жағдайды ҚХР қазіргі қалыптасқан жаңа геосаяси жағдайда пайдаланып отыр/7/.

1.2 Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері
1991 жылы тамыз айынан басталған КСРО-ның ыдырау үрдісі оның орнына тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен аяқталғаны белгілі. Кеңестік Орта Азияда (Орталық Азия) бес мемлекет - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан құрылды.
Бұл мемлекеттердің құрылуының тарихи алғы шарттарына келетін болсақ, олар өз бастауын б.з.д. бірінші мыңжылдықта, яғни Орталық Азиядағы Бактрия, Согдина, Парфия, Хорезм және т.б. ежелгі мемлекеттерден алады. Бұл жерлер сыртқы жаулардың, Александр Македонскийдің, парсылардың, арабтардың шапқыншылығына ұшырап отырды.

1.3 Орта Азиядағы жана саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары
XX ғасырдың 90 жылдарынан бастап Орта Азия халықаралық саяси экономикалық үрдістерге белсенді араласа бастады. Кеңестер Одағының бұрынғы республикалары Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан өз жолын тандап, халықаралық қатынастардың субъектісіне және әлемдік саясаттың объектісіне айналды. Геосаяси үрдістер тұрғысынан Орта Азиялық мемлекеттердің аймақтық дамуын шешім қабылдау механизмінің ерекшеліктерін, функцияларын зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Орта Азия мемлекеттерінің әлемдік қауымдастыққа енуі өзіндік ерекшеліктермен сипатталды. Бұл мемлекеттерге қысқа уақыт мерзім ішінде нарықтық экономикаға бейімделіп, мемлекет аралық қатынастарды, аймақтық интеграция мәселелерін шешуге тура келді.

ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың Орталық Азиядағы жаңа ролі
2.1. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері
КСРО-ның күйреуінен кейін, өз тәуелсіздіктеріне ие блған Орталық Азия мемлекеттері өз даму саясаттарын таңдауға мүмкіндік алып, халықаралық қатынастардың жеке субъектілеріне айналды. Олар халықаралық аренада өздерінің географиялық жағдайларымен, экономикалық және демографиялық мүмкіншіліктерімен, басқа мемлекеттермен, әсіресе, көрші елдермен арақатынастарын дамытуымен және олардың аймақтық және ғаламдық ұйымдарға қатысуымен халықаралық аренада жаңа рольге ие бола бастады.

2.2. «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына» қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары
Орталық Азия мемлекеттерінің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысуын жекеше тұрде алып қарастыруымыз бізге олардың көздеп отырған мақсаттарын көрсетеді.
Қытай мен Ресей сияқты Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысу Қазақстан мен басқа да Орталық Азия елдерінің де ұлттық мүдделеріне жауап береді.
Біріншіден, Қазақстан географиялық жағынан екі ірі күшті мемлекеттер Қытай мен Ресейдің ортасында орналасқан және бұл мемлекеттердің екеуі де осы бірлестікке кіреді.
Яғни, Қазақстанның шекара мәселесін шешуіне зор көмегін көрсетті.
Өзбекстанның «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына» толыққанды мүше болып кіруінің өзі қазақ-өзбек мемлекеттік шекара мәселелерін шешуге көмегін тигізді. Өзбекстанды бірлестікке қосу туралы Бірлескен Мәлімдеме бойынша Өзбекстан әскери салада сенім шараларын орнату және шекара аймағындағы қару-жарақ санын шегеру туралы Мәскеу және Шанхай келісімдерінің принциптерін толығымен орындауға міндеттеледі.

ҚОРЫТЫНДЫ
«Шанхай бестігі» ең алдымен, шекара мәселелерін шешу үшін құрылған еді. 90-шы жылдардың соңына қарай жаңа бастамаларға да бағыт аударғаны байқалды. Яғни, аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі көпті толғандыратын мәселелердің бірі болып табылады. Дүниежүзінде кеңінен орын алған өзгерістер әлем мемлекеттері үшін жаңа мәселелерді алып келді. Осыған орай, мемлекеттердің қандай да болмасын мәселелерді күш жұмылдырып шешуге ұмтылады. Орталық Азия елдері мен оларға көршілес жатқан ірі ядролық мемлекеттер - Қытай мен Ресей арасындағы құрылған бірлестігі осыған дәлел. Негізінен, мемлекеттердің барлығы біріктіріп отырған мақсат Еуразиялық кеңістікте және бүкіл әлемде сенімді тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі еді.