Қойдың хламидиоз ауруының диагностикасы мен алдын алу шаралары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
2 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 5
2.1 Қойдың хламидиоз ауруының эпизооитологиясы, диагнозы және алдын-алуы 5
2.2 Хламидилердің сипаттамасы 8
2.2.1 Өсіп-өну циклі 8
3 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР 11
3.1 Зерттеу материалдары мен әдістемесі 11
3.2 «Алматы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперавтивінің сипаттамасы 12
3.3 Өзіндік зерттеулердің талдауы мен нәтижелері 13
3.4 Хламидиозға қарсы жүргізілген шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу 28
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ 29
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасында қой шаруашылығы -мал шаруашылығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қойдың басын және өнімін көбейтуде инфекциялық ауруларға дер кезінде диагноз қойып, аурудың алдын алудың маңызы зор.
Саулықтарға буаздықтың соңғы кезінде іш тастататын, осы іш тастаудан кейін сепсистен саулықтарды өлтіретін, сонымен қатар әлсіз, тіршілікке қабілеті төмен төлдер туатын, ересек қозыларда пневмония , артрит тудыратын және саулықтарды қысыр қалдыратын хламидиоз ауруы үлкен экономикалық зиян кетіреді.
Хламидиоз ауруының қой шаруашылығында кең тарауына ауруға диагноз қою мен алдын алу шараларының әлде болса жеткіліксіздігі себеп болып отыр.
Сонымен қатар аурудың кең таралуына хламидиоз ауруынан кейін көп малдардың хламиди тасымалдаушы болып қалып, аурудың таралуына қолайлы жағдай жасайды.
2 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
2.1 Қойдың хламидиоз ауруының эпизооитологиясы, диагнозы және алдын-алуы
Қойдың хламидиозды іш тастауын алғаш рет Шотландия ғалымы И. Стемп 1950 жылы ашқан Ол ауру қоздырушысын қойдың қынабынан аққан сұйықтан бөліп алған. Қоздырушыны тауық эмбрионына пассаж жасау арқылы және буаз қойларға енгізу арқылы осы ауруды дәлелдеген.
2.2 Хламидилердің сипаттамасы
Хламидилер прокариотты грамм әдісімен теріс боялатын микроорганизмдер қатарына жатады . Микробиология қоғамының Халықаралық комитетінің шешімі бойынша 1980 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап өзіндік тәртіппен жіктелді.
2.2.1 Өсіп-өну циклі
Хламидидің өзіндік зат алмасу қасиеті болғанымен тоғышарларға жатады , олардың өмірі иесінің торшасының энергия алмасуына байланысты. Хламидилердің өсіп-өнуі бірнеше сатыдан тұрады. Алдымен адсорбция сатысы басталады. Хламидилердің элементарлық денешіктері сезімтал торшаларға жабысады. Екінші сатысында ЭД ретикулярлық денешіктерге (РД) айналады. РД көлемі 500-1200 нм дейін барады. Ретикулярлық денешіктердің даму циклінде «аралық денешіктер» пайда болады, ал аралық денешіктер элементарлы айналады да, торшадан шығады.
3 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР
3.1 Зерттеу материалдары мен әдістемесі
Дипломдық жұмыс жоспарға сәйкес Алматы облысы Талғар ауданы «Алматы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінде және Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының зертханасында жүргізілді.
Жұмыс барысында 93 қой қаны қолданылды. Бұлардың ішінен 50-і іш тастаған, ал 43-і төлдеген қойлар. 6 түсіктен зағадат және 10 қозының қан сарысуы алынды. Клиникалық зерттеулер нәтижесінде 20 іш тастаған саулық қой және 10 ауру қозы болып шықты, бұл 10 қозыға емдеу шаралары жүргізілді.
Серологиялық зерттеулер үшін қан сарысуын пробирканың 1/3 бөлігінде алынды. Сарысуын тұндыру үшін 0,5 сағат қараңғы жерде ұстадық.
3.2 «Алматы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперавтивінің сипаттамасы
Алматы облысы Талғар ауданының «Алматы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі ауданның оңтүстік шығысында орналасқан. «Алматы» ауыл ауыл шаруашылық өндіірстік кооперативі ауданының орталығы Талғардан 5 км, Алматы қаласынан 20 км қашықтықта орналасқан.
Алматы облысының климаттық ауданға бөлінуіне байланысты «Алматы» ауыл шаруашылық өндіірстік кооперативі шөл даланың аймаққа және оның орталық егіншілік аймақ тармағына жатқызылады. Осы аймақтағы климаттың негізгі ерекшелігі болып құрғақшылық және тез арадағы континентальдық болып табылады.
3.3 Өзіндік зерттеулердің талдауы мен нәтижелері
«Алматы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінде хламидиозға 3 отар қой тексерілді. (аға шопандар: Ж.Алтаев, Қ. Талдыбаев, О. Усенбаев). Хламидиоздан таза емес жеке отарларда биылғы жылы қойдың хламидиоздан іш тастауы көктем ортасынан ауа байқала бастады. Бұл отарлардан конюктивит, полиартрит, жөтел сияқты клиникалық белгілері бойынша 10 қозы бөлініп алынды. Тыңдау және нұқу әдістерімен зерттегенде малдардан пневмония белгілері білінді. Ауру қозылардың өсу-даму қабілеті айтарлықтай төмендеген. Негізінен тұяқ, тұсамыс буындары зақымдалған.
3.4 Хламидиозға қарсы жүргізілген шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
«Алматы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінде зерттелген 3 отарда 1920 бас қой , 1607 бас қозы болды.
Әрбір қозыны емдеу үшін 1 млн. ә.б. тетрациклинді 7 күн қатарынан енгіздік. Тетрациклиннің бір флаконында 1 млн. ә.б.. Тетрациклиннің бағасы - 20тенге.
3 отар боынша ауру қозы саны 110 бас. Экономикалық тиімділікті есептеу үшін мына формула қолданылады :
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
Конституциялық кепілдіктің бірі азаматтардың еңбек қауіпсіздігі мен құқығы болып табылады. Мұны іске асыру барысында біздің елімізде қажетті құқықтық база қалыптасты. Қазір еңбекті қорғау мен еңбек қатынасы саласында Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы», «Әлеуметтік әріптестік туралы», «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңдары күшіне енсе, өткен жылы «Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау туралы» Заң шықса, «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Қазір үстіміздегі жылдың аяғында қабылдануға тиіс «Еңбек туралы Кодекс» дайындлу үстінде.