Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 20 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Екінші соғыс ашудың мәселесі. Антигитлерлік коалиция


Мазмұны
Кіріспе 3
І Тарау. Екінші дүниежүзілік соғыс және Тегеран конференциясы 7
1.1 Антигитлерлік коалацияның құрылуы 7
1.2 Тегенран конференциясының ашылу себептері 9
ІІ Тарау. Екінші майдан мәселесі 12
2.1 АҚШ -Ағылшын үкіметі. Екінші майдан ашу мәселесі. Саяси ұстам 12
2.2 Екінші майдан ашу мәселесі. ССРО саясаты 13
2.3 Тегеран конференциясындағы екінші майдан ашу мәселесі жөніндегі шешімі 14
Қорытынды 17
Пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі 20

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі жас субъекті ретіндегі тәуелсіз еліміздің алдындағы келелі міндеттердің бірі, әрине бұл халықаралық қатынастардың бүгінге дейінгі қалыптасқан тарихын дұрыс пайымдап, объективті тұрғыдан жаңаша зерделеу екендігі сөзсіз. Қай мәселеге болмасын батыстың, американдық не орыстық ұстанымнан, түсінік – пайымнан гөрі қазақтық көзбен немесе «терезеден» қарау қажеттігі күнбе – күн артып келеді. Жалпы, әлемдік қауымдастықтың тарихын парықтай келгенде; оны тарихи – мәдени және саяси - құқықтық жағынан саралай білудің зор маңызы бар десек, 20 - ғасырдағы түбірлі құбылыстардың бірегейі – екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы игі дипломатиялық келісімдер: Тегеран – Ялта- Потсдам тізбекті конференциялар тарихтан әлдеқашан сүбелі бағасын алса да, толайым бағаланды деу артық болар. Әсіресе, мұндағы өзекті де назар аударарлық мәселе аталмыш конференциялардың мән маңызы жеңімпаз державалардың тұрғысынан қаралып, неміс мәселесінің әлі де шынайы көрсетілмеуін атар едік. Осы конференцияларда бекітілген тарихи шешімдердің соғыстан кейінгі Германияның тағдырын түбегейлі өзгерткендігіне баса назар аудартқым келеді.

І Тарау. Екінші дүниежүзілік соғыс және Тегеран конференциясы
1.1 Антигитлерлік коалацияның құрылуы
Тегеран кездесуінің қорытындыларын бостандық сүйгіш бүкіл адамзат, ең алдымен Совет Одағының, Құрама Штаттардың, Великобританияның халықтары жоғары бағалады. Совет үкіметінің басшысы Москваға қайтып келгеннен кейін АҚШ президентінен телеграмма алды, онда былай делінген: «Мен конференция мейлінше табысты өтті деп санаймын және ол біздің бірлесіп соғыс жүргізуге ғана емес, сондай-ақ келешек бейбітшілік ісі үшін де толық ынтымақтасып жұмыс істеуге қабілетті екенімізді қуаттайтын тарихи оқиға болғанына кәміл сенемінң. И. В. Сталин бұл телеграммаға 6 декабрьде жауап қайтарды.

1.2 Тегенран конференциясының ашылу себептері
1943 жылы 28 Қарашадан – 1 Желтоқсанға дейін үш мемлекет : АҚШ, КСРО, Ұлыбритания үкімет басшылары Ф.Д. Рузвельт, В.И. Сталин, У. Черчилль Тегеранда бас қосты. Одақтас елдер басшыларының бірінші кездесуіне дипломатия кеңесшілері мен әскери штабтың өкілдері де қатысты. Күн тәртібінде соғыстың барысы және соғыстан кейінгі бейбітшілік мәселелері талқыланды. Одақтас елдердің гитлершіл Германияға қарсы соғыс қимылдарын бірлесіп жүргізу жоспарын жасау Тегеран конференциясының басты мәселесі болды. Көртеген тарихшылар Тегеранды антигитлерлік коалицияның ең шыңы деп санады. Бірақ бұл жолға келу оңай болған жоқ. Англия мен АҚШ билеуші топтары Гитлердің КСРО- ға шабуыл жасаған сәтінен бастап енжарлық көрсетті және сол кездегі КСРО мен Әскери ынтымақ жасауға құлшына қоймады.

ІІ Тарау. Екінші майдан мәселесі
2.1 АҚШ -Ағылшын үкіметі. Екінші майдан ашу мәселесі. Саяси ұстам
Екінші майданның ашылуының нақтылы келісілген мерзімі ақыры шешілген сияқты еді. Бірақ батыс державалары бұл жолы да өз міндетін орындамады. 1942 жыл өтті, 1943 жыл бітті, 1943 жылы Қарашаның аяғында Тегеран конференциясы ашылғанда бұрынғысынша Францияда екінші майданның қашан ашылатындығы беймәлім еді. Сондықтан Тегеран кездесуінің күн тәртібінде тұрған мәселелерді талқылаумен қатар, Совет үкіметі екінші майдан жөніндегі мәселеге де нақтылы жауап алуға ұмтылуы да табиғи нәрсе еді.

2.2 Екінші майдан ашу мәселесі. ССРО саясаты
Европада 2-майдан ашу, соғыстың аяқталуын тездету мәселесі Совет делегациясының ұсынысы бойынша жетілдірілді. Черчилль 2- майданды Балқан түбегі арқылы жүргізуді жақтады. Ол ағылшын және американ қарулы күштерін Совет армиясынан бұрынырақ Оңтүстік шығыс және Орталық Европаға жайғастырып, Европа халықтарын билеп- төстеуді көздеді. Бұл жоспардың осал жақтарына тоқталып, В.И. Сталин екінші майданды Франция территориясынан ашудың дұрыстығын дәлелдеді.

2.3 Тегеран конференциясындағы екінші майдан ашу мәселесі жөніндегі шешімі
Тегеран конференциясында соғыс аяқталған соң Германияны бөлшектей отырып, оның XX ғасырда қайта бас көтеру мүмкіндігін болдырмау көзделді. АҚШ президенті Ф. Рузвельт Германия туралы мәселені зерттеу үшін арнаулы құру, оны Лондон комиссиясына беру жөнінде ұсыныс білдірді.

Қорытынды
Тегеран конфреренциясында көптеген мәселелер жөнінде қатты айтыстар аз болған жоқ, бірақ тұтас алғанда конференциял пікір алысудың қорытындысында маңызды оң, шешімдер қабылданды.
Конференцияда келісілген және бекітілген документтердің тізбесі мейлінше кең көлемді проблемалардың талқыланғандығын, конференцияда қабылданған шешімдердің бүкіл халықаралық жағдайды дамыту үшін зор маңызы бола алатынын көрсетті. Ең алдымен Тегеран конфренциясы -Қырым-Потсдам конференцияларының бастамасы болды. Қырым-Потсдам конференцияларына алғашқы табалдырығы болды деп айтуға болады.