Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Техническое обслуживание и ремонт автомобилей

Тип: Баяндама

Объем: 11 стр.

Полный просмотр работы

Жылжымалы құрамды пайдалану көрсеткіштері

Тоннамен өлшенетін жүктіц белгілі мөлшерін жылжыту және тонна — километрмеи өлшенетін көліктік жұмыстың белгілі көлемін орындау жүктік атомобиль көлігінің өдірістік процесі болып табылады.
Жүріс бүл өндірістік процестің бірлігі болып табылады, яғни жүкті тиеу сәтінен бастап келесі тиеуге шейін орындалатын жүкті тиеу, тасымалдау және түсіру бойынша операциялар кешені.
Жылжымалы құрамды пайдалану дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштер болып табылады:

Жылжымалы құрамды пайдалану көрсеткіштері.
Автомобиль көлігі кәсіпорынының жылжымалы құрамы (автомобильдер, автомобильдер — сүйрегіштер, тіркемелер, жартылай тіркемелер) жылжымалы құрамның паркі деп аталады.
Инвентарлық кітап бойынша тіркелген жылжымалы құрам тізімдік парк деп аталады.

Өнімсіз жүріс — жүксіз жүріс (нөлдік немесе бос жүріс). Автомобильдің автомобиль көлігі кәсіпорынынан бірінші тиеу пунктіне дейінгі және ақырғы түсіру орнынан автомобиль көлігі кәсіпорынына дейінгі жүрген жолы нөлдік жүріс деп аталады.
Автомобильдің түсіру пунктінен келесі тиеу пунктіне дейінгі жүрісі бос жүріс деп аталады.

Автомобильдің жалпы бос түру уақыты ішінде күту уақыты үлкен бөлігін алады, жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардың айқын және калыпты жұмысы есебінен, автомобильдер жұмысының сағаттық графиктерін енгізу арқылы, бригадалық медігерлікті пайдалану және басқалардан күту уақытын жоюға болады немесе мейілінше азайтуға болады. Маневр уақыты маневр үшін ауданның өлшемдеріне, жылжымалы құрам типіне, келетін жолдарды жабдықтауға, жылжымалы құрам мен жүккөтергіш машиналарды орналастырудың қабылданған схемасына байланысты. Егер автомобильдердің тиеу мен түсіру постысына тікелей түсуін қолданса бұл уақытты толығымен жоюға болады.

Нарядтағы уақыт.
Нарядта болу уақыты Тн жылжымалы құрамның автомобиль көлігінің кәсіпорынынан шыққан моментінен бастап, оның автомобиль көлігі кәсіпорынына оралу моментіне дейінгі сағаттар санынан жүргізушінің тамақ ішкен уақыты мен демалған уақытын алып тастағанға тең болады.

Жылжымалы кұрамның өнімділігі.
Жылжымалы құрамның өнімділігі орындалған тонна — километрлер немесе жүктің уақыт бірлігінде тасымалданған тонналар санымен өлшенеді.