Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Салық және салық өндіру

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 48 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру..


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні 4
2. Салық жүйесі 6
3. Салық алуды ұйымдастыру 11
4. Жанама салықтар 14
5. Корпорациялық табыс салығы 19
6. Жеке табыс салығы 24
7. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері 26
8. Әлеуметтік салық 29
9. Меншікке салынатын салықтар 31
10. Алымдар, баждар, төлемдер 35
11. Арнаулы салық режимдері 38
12. Салықтарды аудару 41
13. Салық төлеуден жалтарыну 43
ҚОРЫТЫНДЫ 47
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 48

КІРІСПЕ

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар — бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың езінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.

1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық - экономикалық құрылысы мен саяси іс - бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі — ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік - экономикалық мәні, олардың түрлері мен ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

2. Салық жүйесі

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

3. Салық алуды ұйымдастыру

Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін кіріктіретін салық, механизмін құруға жөне оның жұмыс істеуіне саяды. Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы нұсқаулық қолданылады.

4. Жанама салықтар

Жанама салықтар — жоғарыңа атап өткеніміздей, бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушілердің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына эсер етуі мүмкін. Бұдан басқа, салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ.

6. Жеке табыс салығы

Бүл төлем бойынша қаражаттардың түсімі (2001ж. дейін - жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) барлық салық төлемдерінің 0,9% алады.
Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі. Салық, салу объектісі төлем көзінен салық салынатын табыстар және төлем көзінен салынбайтын табыстар болып табылады.
Салық, мөлшерлемесі баспалдақты үдеме бойынша табыстың мөлшеріне қарай 5 пайыздан 20 пайызға дейін белгіленген (кестені қараңыз).

7. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері

Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты бірқатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғи ресурстар үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктірушіге болады.

8. Әлеуметтік салық

Әлеуметтік салық - мемлекетте алынатын салықтардың бірі. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорының 28% мөлшерінде белгіленеді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылады.

9. Меншікке салынатын салықтар

Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтарға жер салығы, мүлікке салынатын салық, көлік құралдарына салынатын салық жатады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.

10. Алымдар, баждар, төлемдер

Салықтан басқа Қазақстан Республикасында Салық Кодексінде белгіленген және белгілі бір мөлшерде бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (міндетті ақша аударымдары — алымдар, төлемақылар, төлемдер және т.б.) іс-әрекет етеді.

11. Арнаулы салық режимдері

Арнаулы салық режімі — салық төлеушілердің жекелеген санаттары — шағын бизнестің субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары, заңи тұлғалар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін белгіленетін және салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша салық есептемесін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.

12. Салықтарды аудару

Салықтарды аудару — салық ауыртпалығын салықтың түпкілікті салынушысына — салықтардың негізгі ауыртпалығын оз мойнына алатын халыққа көшіру процесі. Салықтарды аудару бірқатар салықтар бойынша төлеуші мен салық салынушы ғана емес, сонымен бірге салық салу объектісі мен көзінің дәл келмеуіне байланысты.
Аудару бүркемелі нысанда өндіріс сферасында да, сонымен бірге айналыс сферасында да болады.

13. Салық төлеуден жалтарыну

Салық төлеуден жалтарыну — салық төлемдерін толық немесе ішінара төлемеу мақсатымен салық төлеушінің салық салу объектісін (табысты, пайданы, тауар айналымын, мүлікті) әдейі жасыруы және азайтуы. Салық төлеушілердің мұндай заңсыз іс-әрекеті мемлекет мүддесіне айтарлықтай нұқсан келтіреді: мемлекеттік бюджет дәуір қаражаттарды ала алмайды, салық заңнамасын бұзушылар кірістерінің қосымша криминалдық көздері жасалынады, кәсіпкерлік қызмет сферасында, салада, аймақта және т.б. құн қозғалысының негізгі үйлесімдері бұрмаланады.