Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық және экономика негіздері

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 63 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

ҚР абайсызда жасалған қылмыстар үшін жазалардың түрлері


Мазмұны
Кіріспе 3
1. Қазақстандағы абайсызда жасалған қылмыстарға қарсы күрестің тиімді шарттары 10
1.1 Қылмыстылыққа қарсы күрес тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері 10
1.2 Қылмысты абайсыздықтың құқық және теориялық аспектілерінің сипаттамасы 18
1.3 Абайсызда жасалатын қылмыстар үшін жауапкершілікті белгілейтін қылмыстық – құқықтық нормалардың жүйесі 22
2. Абайсызда жасалатын қылмыстар үшін жаза тағайындаудың жалпы негіздері 29
2.1 Абайсыздықта жасалған қылмыстар үшін қолданылатын жазаның жекеленген түрлері 29
2.2 Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалардың түсінігі мен мақсаттары 42
2.3 Абайсызда қылмыс жасаған қылмыскерлерді түзеу мақсатына жету және қылмысты абайсыздықтың алдын алу мәселелері 57
Қорытынды 60
Пайдаланған әдебиет тізімі 62

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыста Қазақстандағы абайсызда жасалған қылмыс үшін жазаның тиімділігін арттыру мәселесін толық анықтауға және зерттеуге ұмтылыс жасалды.
Дипломдық жұмыста Қазақстандағы қылмыспен күрес тиімділігін арттырудың көкейтесті мәселелерін, қылмысты абайсыздыққа әсер ету шараларының тиімділігін, абайсызда жасалатын қылмыстар үшін қолданылатын қылмыстық жазаның тиімділігінің теориялық аспектілерін ұғыну, анықтау және зерттеу арқылы Қазақстан Республикасындағы абайсызда жасалатын қылмыспен күрес тиімділігінің теориялық негіздерін жетілдіру мәселелері келтірілген.

1. Қазақстандағы абайсызда жасалған қылмыстарға қарсы күрестің тиімді шарттары
1.1 Қылмыстылыққа қарсы күрес тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері
Бұл тарауда алдағы уақыттарда қылмыстық заң нормалары бойынша реформаларды сапалы жүргізудің алғы шарттары ретінде Кеңестік жүйеде қалыптасқан қылмыстылықпен күрес амалдарынан ішінара бас тартып, қылмыстылықпен, оның ішінде, абайсыздықпен жасалатын қылмыстармен күрес мәселесінде қоғамшылдықты тарту, қоғамның даму жағдайы мен оның психологиясын ескеру қажеттілігі айтылады. Осы мақсаттарды дұрыс іске асырудың негізгі амалдары ретінде қылмыстық құқық нормалары бойынша жұмыс атқарғанда, мәселеге таза құқықтық тұрғыдан қарамай, қылмыстық заң нормаларының немесе қылмысты деп танылған әрекеттердің әлеуметтік негізділігі мен әлеуметтік салдарын ескере отырып, қызмет атқару қажеттілігі баяндалады. Мұндай бағыт Ресей және Қазақстандық зерттеушілер Л.И.Спиридонов, В.В.Лунеев, Р.Т.Нұртаев сияқты ғалымдардың ұсыныстары қолданыла отырып, салыстырылады және негізделеді [6, б. 14].

1.2 Қылмысты абайсыздықтың құқық және теориялық аспектілерінің сипаттамасы
Бұл бөлімде абайсыздықта жасалатын қылмыстарды теориялық талдауға алудың бағыттары, сонымен қатар абайсызда жасалатын қылмыстардың орын алатын салаларына байланысты негізгі топтары зерттелген.
Абайсыздықта жасалатын қылмыстылықпен күрестің тиімділігінің теориялық негіздері, республикамыздағы қазіргі заман ағымындағы қылмыстылықпен күрестің тиімділігін арттыру туралы мәселелермен, сондай – ақ қылмыстың абайсызда жасалған түрлерімен күрес тиімділігін сипаттайтын зерттеулер арқылы ашылады.

1.3 Абайсызда жасалатын қылмыстар үшін жауапкершілікті белгілейтін қылмыстық – құқықтық нормалардың жүйесі
Жұмыстың осы бөлімінде абайсызда жасалатын әрекеттер үшін жауапкершілікті белгілейтін қылмыстық заң тұрақты және орнықты болуы керек. Өйткені шамадан тыс заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізе беру, оны практикада қолдануда қиыншылықтар келтіріп, жалпы алғанда оның тиімділік дәрежесін төмендетеді. Бұл жағдайда әлеуметтік – саяси, экономикалық дамудың нәтижесінде заңға жаңа өзгерістер мен толықтыруларды енгізу жатпайды деген ұсыныс негізделеді. Сонымен қатар жұмыстың осы бөлімінде В.Н.Кудрявцевтің қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси дағдарыстар мен мәдени бағыттардан айырылу қылмыстылықтың өршуіне себеп болады деген шешімдері абайсыздық үшін қылмыстық жауаптылық қарастыратын нормалардың да әлеуметтік шарттылығы ретінде танылады [21, б.27].

2. Абайсызда жасалатын қылмыстар үшін жаза тағайындаудың жалпы негіздері
2.1 Абайсыздықта жасалған қылмыстар үшін қолданылатын жазаның жекеленген түрлері
Осы бөлімде жаза тағайындау қағидаларына жалпы қылмыстық – құқықтық қағидаларымен ұштасатыны дәлелденеді, яғни жаза тағайындауда заңдылық, теңділік, әділеттілік, ізгілік қағидаларының сақталуының қажеттілігі айтылған. Сонымен қатар іс жүзіндегі мәселелерді шешу және абайсызда жасалған қылмыстар үшін жаза шараларын қолдану кезінде жазаны жекешелендіру және қылмыстық – құқықтық жазалау шараларын үнемдеу қағидаларын қатаң басшылыққа алу керек екендігі негізделеді.
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтаңдыру мәселелеріне ереқше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда керсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.

2.2 Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалардың түсінігі мен мақсаттары
Бұл бөлімде мемлекетіміздегі пенитенциарлық саясатын дараландыру және ізгілендіру – абайсызда жасалған әрекеттер үшін қолданылатын дәстүрлі жазаларды тек қана жеңілдету емес, сонымен қатар мемлекеттің жүргізіп отырған қылмыстық – атқару саясатының тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа, дәстүрлі емес жазалау шараларын іздеуден тұрады. Кінәлілерге әсер етудің жаңа, дәстүрлі емес жазалау шаралары туралы әңгіме қозғағанда, тиімділігі жөнінен өзін - өзі ақтаған, пенитенциарлық ғылым мен практиканың жетістіктеріне, оның ішінде, дамыған шет ел мемлекеттерінің практикасына назар аударған жөнді шешім жасалады.
Абайсызда жасалған әрекеттер үшін қолданылатын жазалардың тиімділігін арттырудың нақты негіздерін құру үшін үлкен маңызы бар практиканың бірі, ол шет елдердің озық үлгілерін пайдаланып, осы біздегі абайсызда жасаған қылмысы үшін сотпен кінәлі деп танылған адамдарға қатысты «Қарқынды қадағалау қызметі» ретінде пайдаланылған дұрыс. Мұндай жазаның түрі Ұлыбритания, Франция, Германия, Скандинавия елдерінде, Америка Құрама Штаттарында жиі және үлгілі түрде қолданылып келеді [30, б.36].
Нақтылы жазаны қарқынды қадағалаумен ауыстырудың кейбір ерекшеліктеріне мыналар болып табылады:

2.3 Абайсызда қылмыс жасаған қылмыскерлерді түзеу мақсатына жету және қылмысты абайсыздықтың алдын алу мәселелері
Бұл бөлімде «жаза жүйесі» деген ұғым туралы бұрынғы зерттеулерге талдау жасалынып, онда С.В.Познышев, Л.К.Савюк тәрізді зерттеушілердің «жаза жүйесі» ұғымын қаталдығы, сипаты мен әсер ету ерекшеліктері бойынша «жазалар сайысы» деген түсініктері және С.Ф.Милюков, Т.Ю.Погосян, Е.І.Қайыржанов, А.С.Михлин сынды ғалымдардың жазалар жүйесі – бұл заңда белгіленген жазалардың салыстырмалы ауырлық дәрежесі бойынша «жазалар тізімі» деген пікірлері, сондай-ақ Н.С.Таганцев, Н.Ф.Кузнецова тәрізді зерттеушілердің жаза жүйесі-бұл бір-бірімен өз ара қарым-қатынастағы «жазалау шараларының жиынтығы» деген пікірлерінің ара қатынасы қарастырыла отырып, келтірілген теориялық қорытындылар тмен тұжырымдарды жаза жүйесінің қылмыстық – құқықтық табиғатының сипаттамасы бойынша:

Қорытынды
Қылмысты абайсыздық немесе салғыттықпен жасалған қоғамға қауіпті іс - әрекеттерге әлеуметтік – құқықтық баға беру адамдардың қоғамдық өмірде ғана күрделі мәселе болып саналмай, сонымен бірге бұл мәселе теория жүзінде күрделі, толық шешілмеген мәселе ретінде қылмыстық құқық ғылымының пайда болу уақытынан бері даулы болып келе жатыр. Сондықтан қылмысты абайсыздықтың теориялық мәселелеріне осы күнге дейін көптеген ғалымдардың арнайы монографиялық еңбектерінде зерттеу жасалды.
Қылмысты абайсыздық үшін қолданылатын жазаның тиімділігін арттырудың теориялық мәселелерін толық, жеткілікті зерттеу жалпы абайсызда жасалатын қылмысқа бағытталған күрестің тиімділігін , сондай – ақ біздің республикамызда абайсыздықты әрекеттер үшін қолданылатын жазалар жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми ережелер, тұжырымдар мен ұсыныстарды концептуалды түсіндіруде және дұрыс жолдарын табу үшін мүмкіндік береді [50, б.23].