Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Маркетинг

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингтің рөлі


Мазмұны
Кіріспе 3
1 МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 5
1.1 Маркетинг түсінігі, оның қызметі және жіктелімі 5
1.2 Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингтің орны 7
1.3 Кәсіпорындағы маркетингті ұйымдастыру формалары және зерттеу жүйесі 11
2 АҚ «РАХАТ» БОЙЫНША МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУ 15
2.1 АҚ «Рахаттың» технико–экономикалық сипаттамасы 15
2.2 «Рахат» Акционерлік қоғамның маркетинг қызметін талдау 22
Қорытынды 28
Пайдаланған әдебиет көздері 30

Кіріспе
Соңғы он жылдықтағы Қазақстан Республикасы әлеуметтік – экономикалық процестерінің динамикалық өзгерістерімен, саяси және әлеуметтік өрістерде институционалды қайта құрумен, қоғамның өміріндегі экология рөлінің күшеюімен, шетелдермен қатынастың дамуымен ерекшеленіп отыр. Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде жүріп жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен қатар экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар алдына бірқатар маңызды мәселелер қояды.
Осыған байланысты іс жүзінде өте маңызды және құнды мәселе ретінде маркетинг жүйесінің қалыптасуын атап өтуге болады. Еліміздегі экономикалық реформаны әлем экономикасымен интеграциялау үшін нарық механизмін, нарықты зерттеу әдістерін және принциптерін, экономикалық конъюнктураны, стратегиялық жоспарлаудың негіздерін, кәсіпорындардың нарықтық жағдайдағы бәсекелестік мүмкіншіліктерін терең білу қажет. Мұндай білімді нарықтық басқару концепциясын зерттейтін маркетинг ғылымы береді.

1 МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Маркетинг түсінігі, оның қызметі және жіктелімі
Маркетингтің біздің бәріміздің өмірімізге қатысы бар. Бұл процесс кезінде адамның қарауына тауар және қызметтер беріліп, оларды пайдалану нәтижесінде бірқатар өмір деңгейі қанағаттандырылады. Маркетингтің құрамына аса көп мағыналы жұмыс түрлері кіреді, оның ішінде: маркетингілік зерттеулер, тауарды дайындау, оны таратуды ұйымдастыру, баға тағайындау, жарнама және жеке сату және т.б. Маркетинг (ағылшын сөзінен market – нарық) - мекемелер алдында тұрған мақсаттарды шешуге қажетті тұтыныс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, қызмет атқаруға және табуға қажетті бірнеше жұмыс түрлерін үйлестіреді.

1.2 Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингтің орны
Қазіргі кездегі өндіріс дамуында маркетинг, тек қана нарықтық саясатты ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның өндірістік саясатын анықтайтын, басқарудың негізгі функциясы ретінде қарастырылады. Маркетинг принциптеріне негізделген басқарудың кешенді жүйесінің мақсаты – қолда бар ресурстарды ескере отырып (материалдық, қаржылық, және т.б.) кәсіпорынның алдына қойылған мақсаттардың шешілуін қамтамасыз ету (ғылыми – техникалық, өндірістік, коммерциялық және өткізу). Басқарудың жүйесі ретінде және де ерекше қызмет ретінде маркетинг келесілерді қамтамасыз ету керек:
- нарық туралы нақтылы және сенімді ақпараттармен, қажеттілік пен сұраныстың құрылымымен, тұтынушылардың қалауымен, яғни кәсіпорын қызметінің сыртқы жағдайлары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
- тұтынушы проблемасын шешетін, сұранысты қанағаттандыратын , бәсекелестер тауарынан жақсы, нарық стандарттарына сай келетін тауар ассортиментін, тауарды шығару;

1.3 Кәсіпорындағы маркетингті ұйымдастыру формалары және зерттеу жүйесі
Маркетингті ұйымдастыру қызметі – маркетинг бойынша өздеріне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындайтын бөлімдер мен бөлімшелердің жиынтығы. Маркетингті ұйымдастырудың әртүрлі формалары бар.
Функционалдық ұйымдастыру – тауарлары мен нарық мөлшері аз кәсіпорындарда қолданады. Басқарылатын процестің мамандануы, тауарлар ассортиментінің аз мөлшерде тұрақты өндірілуі маркетингті ұйымдастырудың осы форманың тиімділігін анықтайды. Ұйымдастырудың мұндай формасы номенклатурасы шектеулі орта және шағын кәсіпорындарға тән. Оның артықшылықтары:

2 АҚ «РАХАТ» БОЙЫНША МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУ
2.1 АҚ «Рахаттың» технико–экономикалық сипаттамасы
АҚ «Рахат» кондитерлік фабрикасы 1942 жылы Харьковьтегі «Октябрь» фабрикасы мен Бабаев атындағы москвалық кондитерлық фабрикадан көшірілген технологиялық құрал – жабдықтары орналасқан ликер – арақ зауыты негізінде ұйымдастырылды. Харьковь пен Алматы еңбекшілерінің көмегімен бұл құрал – жабдықтар қысқа мерзімге орналастырылды.
Алғашқы жылдары кондитерлік бұйымдардың өндірісі ауыр қол еңбегімен жүргізілді. Сол кезде 28 технологиялық құрал – жабдық бірлігі қойылды. өндірістік қызметкерлер саны 294 адамды құрады. 1942 жылдың аяғында алдыңғы қатарда өндірістік қуаты 15 түрлі карамель, сәйкесінше 8 түрлі конфет, бір түрлі шоколад ассортиментінен тұратын жылына 5 мың тонна құрады. Кейін өндірістік қуаты қантты кондитерлік бұйымдарды жылына 15 мың тоннаға жеткізілді. Мұндай өндірістік қуатпен фабрика 1965 жылға дейін жұмыс істеді.

Кәсіпорынның өндірістік қызметін есептеуде ең негізгі көрсеткіштердің бірі болып - өндіріс рентабельділгі саналады.. Өндіріс рентабельділігіне барлық әкімшілік шығындар жатады:
Өндіріс рентабельділігі = Таза табыс / ОС+ОПС *100% =
= 291787/21265,4+1494689= 19, 25 (2003)
= 405620/27956,3+1596522 =25 (2004)
Кәсіпорынның келесі көрсеткішін, яғни сату рентабельділігін келесідей есептей аламыз:
Сату рентабельділігі = Таза табыс/өтк. түскен табыс
= 291787/6020639 = 4,8 (2003)
= 405620/8041420 = 5,0 (2004)
Қор қайтарымдылығы. Бұл көрсеткіш халық шаруашылығында, өндірісте көп қолданылады. Ол өндірілген өнім көлемінің негізгі өндірістік қордың орташа құнына қатынасы. Оның көлемі 2004 жылы 105 %– ға өскен. Оны келесідей анықтадық:
Қор қайтарым =өнімді өткізуден түскен табыс/негізгі құрал (орт)
=6020639/1494689 = 4,03 (2003)
=8041420/1596522 = 5,04 (2004)
Қор қайтарымдылық көрсеткішіне кері көрсеткіш бұл - қор сиымдылығы, яғни оны есептеу формуласы төмендегідей болады:
Қор сиымд =негізгі қордың (орт)/ өнімді өткізуден түскен түсім =
=1494689/ 6020639 = 0,25 (2003)
=1596522/8041420 = 0,2 (2004)

2.2 «Рахат» Акционерлік қоғамның маркетинг қызметін талдау
«Рахат» акционерлік қоғамында маркетинг қызметі жұмыс істейді. Ол жаңа негізде құрылған, оның қызметкерлері үнемі тұтынушылардың кондитерлік өнімнің дизайны, дәмі, сапасы бойынша қалауын зерттеп отырады. Үнемі жаңа өткізу нарықтары зерттеліп, игерілуде. Рахаттың өнімдері қазір Ресей, Қырғызстан, Өзбекестанға жеткізіліп отырылады. Кәсіпорын толығымен шикізат пен дайын өнімді сақтау үшін қажетті қоймалармен қамтамасыз етілген. Оларды сақтау нормативі құжат талаптарына сәйкес келеді.. Бұл кәсіпорынның біріктірілген өндірістік - өткізу және маркетинг қызметінің нәтижелері оны Қазақстандағы кондитерлік саланың лидеріне айналдырды.

Қорытынды
Нарықтық қатынастардың дамуына орай, экономикалық субъектілердің қызметін басқарудың нарықтық тұжырымдамасы негізінде маркетингті қолданудың объективтік қажеттілігі туындады.
Қазақстан Республикасындағы кейбір мекемелердің маркетинг ерекшеліктері қазіргі заманға беймәлім. Жалпы Қазақстандағы кәсіпорындардың дамуына кедергі болып тұрған негізінен макроэкономикалық факторлар, атап айтқанда: