Мұсылман құқығы
Жоспар
Кіріспе 3
1 Мұсылман құқығының пәні 5
2 Мұхаммед пайғамбар және Мұхаммед - мемлекет қайраткері 5
3 Мұсылман құқығының негізгі теориялары 6
4 Мұсылман құқығының тарихы 7
5 Мұсылман құқығының жүйесі 24
6 Мұсылман құқығының қайнар көздері 28
7 Мұсылмандық мектептердің құқығы 30
8 Шығыс және Африка континенті мемлекеттеріне ислам құқығының әсері 31
9 Му Амалат мұсылмандық (азаматтық) жеке құқық 33
10 Мұсылмандық мемлекеттердегі ислам және отбасы құқығы 33
11 Мұсылмандық қылмыстық құқық 34
12 Ислам заңнамасындағы дәлелдеу теориясы 39
13 Мұсылман мемлекеттерінің халықаралық құқық субъектілігі 47
14 Халықаралық мұсылман құқығының (сийяр) дүниежүзілік халықаралық құқықпен арақатынасы 50
15 Ислам, құқық және елшілік 58
16 Мұсылман мемлекеттерінің халықаралық ұйымдары. Олардың құқықтық мәртебесі 59
17 Мұсылман мемлекеттерінің келісім-шарт құқығы 67
18 Мұсылман құқығындағы соғыс және бейбітшілік мәселелері 69
19 Ислам және адам құқықтары 73
20 Халықаралық ислам банктерінің құқығы 76
21 Ислам әлеміндегі елдердің құқықтық жүйелерінің ерекшеліктері 76
22 Мұсылмандық құқықтың даму перспективалары 81
Қорытынды 83
Әдебиеттер 84
Кіріспе
Кеңестер Одағы кезінде мұсылман құқығы пән ретінде еліміздің жоғарғы оқу орындарында оқытылмады. Сол кездегі идеологияны уағыздаушылар: Ислам діні халықты аяусыз езіп қанауға бағытталған, олай болса, құдайға сену керектігін және Аллаһ тағаланы мойындау- әдепсіздік деп көрсетуге тырысқан. Осының салдарынан біздер мұсылман діні мен мұсылман құқығы ұғымын түсіне білмедік. Жалпы, мұсылман құқығы – бұл жекеленген құқықтық жүйе, оны көптеген ғасырлар бойы әлемге кеңінен тарап өмір сүріп келе жатқан басты діндердің бірі екендігін қазіргі дәуірдің өзі дәлелдеп отыр. Аллаһ тағала кезең – кезеңдерде өзі жаратқан тіршілік иелеріне қалайша, қайткенде бақытты өмірге жетуге болатындығын көрсететін түрлі мекендер мен уақыттарда сан алуан қауымдарға әділдікті орнататын парақтар мен кітаптар жіберіп отырған.
1 Мұсылман құқығының пәні
Мұсылман құқығы Кеңес Одағы кезеңінде жоғарғы оқу орындарында оқытылған жоқ. Мұсылман құқығы әлемдік мәдениет құқығының бір бөлігі, көптеген ғасырларды басынан өткізген тарихы бар және қазіргі уақытта өзіне тән ерекшелігімен әлемдік құқық жүйесінде белсенді түрде тіршілік етуде.
2 Мұхаммед пайғамбар және Мұхаммед - мемлекет қайраткері
Мұхаммед (570 - 630) – біздің ғасырда өмір сүрді. 12 жасынан бастап өзінің әке жағынан нағашысы Абу Талибке еріп, Сирия және Сауд Аравия елдеріне сауда сапарымен барып жүрді. Жасы қырыққа келгенде дін туралы іздене бастады. Мекке маңайындағы Хира үңгірінде періштені көрді және періште оған Аллаһ атынан халыққа үгіт айтуды ұсынды. Әуелінде Мұхаммедтің пайғамбар екені және оның Аллаһтың өкілі екенін оның тек жақын туыстары мен меккенің саудагері Абу Бакр, ал кейін Осман және Тальха, барлығы 50 – дей ғана кісі мойындады. Ал 610 және 620 жылдары арасында Меккенің пұтқа табынушыларымен жаңа дінді – ислам дінін қабылдағандар арасында күрес басталды.
3 Мұсылман құқығының негізгі теориялары
Мұсылман құқығы көптеген жағдайда шариат деп аталады. Шариат мұсылмандық құқықтың және діннің нормативті ережесі.
4 Мұсылман құқығының тарихы
Араб елінде VII ғасырда өмірге келген әлемге әйгілі діндердің бірі – Ислам діні. Оның негізін салушы Алла тағала, ал оны уағыздаушы, насихаттаушы Мұхаммед Пайғамбар. Ең бірінші пайғамбарлар қатары: Адам, Нұқ, Ибраһим, Мұса, Иса,…, ал 25-ші пайғамбарымыз – Мұхаммед.
Құран жайында біраз мәлімет
Алла хадисінің бірінде былай дейді: «Мен құпия қазына едім. Мені танып білу үшін әлемді жараттым» десе , келесі бір хадисінде:
«Иә, Мұхаммед (с.ғ.с), Сіз болмасаңыз мен 18.000 ғаламды жоқтан бар қылып жаратпаған болар едім. Сіз болмасаңыз, мен өзімнің рахметімді,өзімнің берекемді, барлық қазынамды әлемге танытпаған болар едім. Сіздің себебіңізден әлемге рахметімді бердім», - деген екен.
Абу Бакр Сыддық атындағы мешіттің Железинка ауданы, Озерный совхозынан көшіп келген Есбол мен Мариям Сапаровтардың балалары Абай, Аманкелді, Гүлнар, Абылай, Тимур: 2008 жылдың 15 – ші қыркүйегінде есігін ашты. Мерекелі салтанатта Қазақстан Республикасының Бас мүфтиі Дербісәлі Әбсаттар қажы құттықтау сөзімен халық алдына шықты (6суретті қараңыз). Осы мешіттің медресесінде 15 оқушы дәріс алып жүр.
Мешіт әдебі:
5 Мұсылман құқығының жүйесі
Ислам құқығының құрылымын айқындау оның ерекше құқық жүйесінің түсінігіне себеп болады. Шариат өмірдің барлық салаларында мұсылманның жүріс – тұрысын реттейді, сондай-ақ олардың сезімімен ой - санасына әсер етеді және осы күшке 4 элемент кіреді: а) исламның дін нормалары; б) мұсылмандық мораль мен әдебі; в) абадат деп аталатын Алламен мұсылман қатынастарын реттейтін нормалары; г) мұсылман еместермен және мұсылмандар арасындағы жүріс-тұрыс ережелері;
Заңгерлер ғасырлар бойы жалпы діни – танымдық бағыттарға заңды түсінік бере алды және олардың талғағыш түсініктеріне негізделе нақты құқықты нормаларды қалыптастырды. Көптеген мұсылман құқығының нормалары Құран мен сүннаның жалпы жазбаларында доктриналды түсініктің нәтижесінде пайда болды. Бұндай істердің шешу мүмкіндігін нақты мәселелерге байланысты осы кездері белгілеген өкімдердің түсінігімен байланыстырады. Мұсылман құқықшылары құқық нормаларының негізгі бөлігін діни сырдың ашылуы нәтижесі деп ойлады, оларды мәңгілік деп санады. Ислам құқықшыларына осындай тәсіл казуальдық нормаларды түсіндіру кезінде белгілі шешімдерден қайтып кетуге жаңа жүріс – тұрыс ережелерін қалыптастыруға, мұсылман құқығының нормативтік мазмұнын дамытуға мүмкіндік берді. Бұл осы құқық жүйесі үшін қажет [3, б. 36].
6 Мұсылман құқығының қайнар көздері
Мұсылмандық құқық іліміне қатысты қайнар көздер зерттеліп өзіне тән қайнар көздер ерекшеліктері арқылы екі топқа бөлінеді [3, б. 43]:
1) Құран және сүнна;
2) Иджма және қияс (осы иджмаларға және қиястарға әдет ғұрып та жатады).
IX–X ғасырда мұсылман құқығының нормалары жасалынып бітті. Оны Фикһ немесе Шариат деп атайды. Мұсылмандық құқықтың құрылысын сипаттауда оның нормаларына мұсылмандық құқықтың мәні мен құрылысы әсер ете алмайды. Бұл нормаларды да екі топқа бөлуге болады:
1) кез келген адамның (іс әрекетіне) баға беруі жатады. Бұл іс -әрекеттер бес топқа бөлінеді:
7 Мұсылмандық мектептердің құқығы
Ислам діні 67 мемлекетке тараған. Дін екі бағытта дамыды: сүнниттер (90 %) және шииттер (10 %). Исламның барлық қағидалары құран және ардақты Пайғамбарымыздың Хадистерінен тұрады. Сүннитер бағыты мұсылман мемлекеттерінің басшыларын, үкіметті сайлау арқылы басқаруды жақтайды. Ал шииттер жоғарғы билік үкімет басшыларының тағайындалуын мұрагерлік құқығы арқылы берілуін жақтайды. Себебі: ақсүйектер мен дін басшыларының бір болуын қалайды.
XX ғасырдағы сүннитер мектептерінің бағыттары [3, б. 54]:
8 Шығыс және Африка континенті мемлекеттеріне ислам құқығының әсері
Ислам ұрандарының әсерінің арқасында дүниежүзі жағрафиялық карталарында жаңа мемлекеттер пайда болды. Осы мемлекеттер жаңа конституциялар қабылдады. Осы конституцияларда заңды түрде ислам дінінің қағидалары мен нормалары бекітілді. Шығыс елдеріндегі конституциялық құрылымдарға исламның мемлекеттік құқықтық концепциялары әр түрлі әсер етеді. 67 мемлекет ислам дінін қабылдап отыр [3, б. 60].
Пәкістан 1962 жылы 2 - ші конституциясын қабылдады. Сол конституциясының 7-8 баптарында барлық мұсылмандық мемлекеттермен қарым қатынасын нығайту керектігін және сол мемлекеттердің басқару органдары осы баптарды қолдануы керектігін ескерткен. Ислам дінін қолдауға шақырған. Ал, 1973 жылғы конституциясында құранды оқытуды алға қойды және исламдық өмірді өркендетуді басты міндеттері деп санады.
9 Му Амалат мұсылмандық (азаматтық) жеке құқық
Жеке адам мәртебесі - нормалары мұсылмандар ортасында мұрагерлік өсиет айту және оқулық қабілеттілігін шектеу мәселелері қаралып, жүзеге асырылады [3, б.74]. Бұл нормалар: мысалы, мұсылман әйелдерге, мұсылман еместерге тұрмысқа шығуға тыйым салынады.
10 Мұсылмандық мемлекеттердегі ислам және отбасы құқығы
Дербес заң институттары отбасы қатынастарының мұсылман құқығын реттейді. Отбасылық құқыққа ислам қамқоршы және тәрбиешілерден келіп түскен сұрақтарды белгілі уақытта тәртіпке келтіру, мұрагерлік өсиеттер, сыйлық түрлері жатады [3, б.79]. XIX ғасырдың аяғында Дербес заң құқығы мұсылмандық құқықтың нормаларын кодификациялау процестерімен бірге дамыды.
11 Мұсылмандық қылмыстық құқық
Исламның деликті құқығы мұсылман елдерінің қылмыстық заңына, қоғамдық дамуына маңызды әсер етті [3, б.88].
Алланың еркімен анықталған мұсылманның ойы және барлық қылмыстары құқық бұзушылық теориясын құрастырады. Сонымен қатар, Құранда ұсынылған жазылымдар мен басқа да қасиетті мәтіндер ұстанымсыз болып табылады, сондықтан мұсылмандарда өзіндік жүріс-тұрыс варианттары бар. Сондықтан әбден ойланып істелген қылықтар мұсылмандық тыйым салу туралы жазылымдарда бұзушылық ретінде бағаланады. Бұл тыйым салулар дін, өмір, ұрпақ сүю, ақыл-ой, меншік сияқты исламның негізгі құндылықтарын қорғауға бағытталған.
12 Ислам заңнамасындағы дәлелдеу теориясы
Мұсылмандық құқық заң алдында барлық теңдіктің қағидасын уағыздайды [3, б.107]. Мысалы, Пәкістан Республикасының Мұсылмандық Конституциясының 5 бабында (1956 ж.) «барлық азаматтар заң алдында бірдей және заңның барлық қорғанысына құқықты» деп бекітілген.
Әрбір адам қылмысқа айыпталуы мүмкін болғандықтан, оған белгілі құқықтарды қамтамасыз ету керек. Дегенмен бұл құқықтар қоғам құқығымен әділ жазаның қолдануымен өлшенуі керек. Бұл баланс факті дәлелдеудің және қылмыс құрамының бекітілген жүйесімен жетіледі. Сонымен қатар, қылмыстық құқықтың қазіргі заманғы жүйелері ақырғы сот үкімін шығаруды қажет етеді. Факт және құқықтық қорытынды арасындағы барлық қарама - қайшылықтарды минимумға дейін төмендетуді, ал негізінде мүлдем жоғалатын дәлелдемелер жүйеленуі қажет.
13 Мұсылман мемлекеттерінің халықаралық құқық субъектілігі
Жер бетінде Ислам дінін ұстанатын 1 млрд – артық адам тұрады. Егер ғаламшарымызда 6 млрд 500 млн - астам адам өмір сүретінін ескерсек, мұсылмандар Жер бетіндегі халықтың бестен бір бөлігін құрайды деген сөз.
Қай мемлекетте қанша Ислам дінін ұстанатын адам тұратынын есептеп көрсе де қызық. Мұсылман халықтарын, олардың санына қарай келесі топтарға бөлуге болады [3, б. 116]:
14 Халықаралық мұсылман құқығының (сийяр) дүниежүзілік халықаралық құқықпен арақатынасы
XVIII ғасырдан бастап Қазақстан Ресей империясы құрамында, ал 1917 жылдан – негізі Ресей болып табылатын Кеңес одағы құрамында болды. Ресей Еуропалық өмір салтына бейімделе бастағандықтан Қазақстан да Ресеймен бірге еуропалық білім мен ғылымға мойын бұра бастады [3, б. 121]. Осы себепті қазіргі таңда Қазақстанның құқықтық, халықаралық құқықтық ғылымы мен ғылымды әлемдік қабылдауы еуропалық мінезге ие. Мұндай үрдіс, еуропалықтардың одан кейін азиялықтардың Жаңа әлемге эмиграциясынан АҚШ пайда болуынан, ал испандықтар мен португалдықтардың латынамерикандық мемлекеттерді құрудағы белсенді әрекетінен көрініс табады.
15 Ислам, құқық және елшілік
Мұсылман халықтары мен мемлекеттері ежелден өздерінің қатынастарында, елшілік байланыстарында, ежелгі нормаларында елшілердің дербестігінің сақталынуын көздеді. Әрбір мұсылман құран сүрелері мен аяттары арқылы елшіліктерге дұрыс қызмет көрсетуге үйретті [3, б.132]. Мысалы, отыз бірінші сүренің он жетінші аятында: «Аллах кез келген өркөкірек және мақтаншақ адамдарды ұнатпайды», - делінген. Елшілер адал және әділ болуы керек.
16 Мұсылман мемлекеттерінің халықаралық ұйымдары. Олардың құқықтық мәртебесі
Көптеген мәліметтер бойынша жер бетінде 3000-нан 4000-ға дейін әр түрлі нысандағы халықаралық ұйымдар қызмет етеді. Жүздеген ұйымдар халықаралық, үкіметаралық ұйымдарға, мемлекетаралық ұйымдарға жатады. Олардың негізгі бөлігін халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік емес, әр түрлі діни, кәсіптік, спорттық және басқа деңгейдегі мекемелермен, сондай-ақ жеке тұлғалардан құрылған ұйымдарды құрайды.
17 Мұсылман мемлекеттерінің келісім-шарт құқығы
Келісім-шарт жасасу құқық қабілеттілігі кез келген мемлекеттің, соның ішінде, мұсылман мемлекетінің де халықаралық құқық субъектілігі элементтерінің бірі болып табылады [3, 146-б.]. БҰҰ Жарғысының 107- бабына сәйкес, мұсылман елдері өздерінің келісім-шарттарын Біріккен Ұлттар ұйымында тіркейді. Көптеген мұсылмандық мемлекеттер 1969 жылғы халықаралық келісім-шарттар құқығы туралы Венск Конвенциясының, 1978 жылдың келісім-шарттарына қатысты мемлекеттердің құқық мирасқорлығы туралы Конвенцияның және тағы басқа келісім-шарттардың қатысушылары болып табылады.
18 Мұсылман құқығындағы соғыс және бейбітшілік мәселелері
Құранда сатқындарға (кәпірлер-кафирлер, гәуірлерге) қарсы соғысқа үндеу деген шынымен де бар. Алайда, тек осы тұжырыммен шектелген дұрыс емес, себебі бұл Құранды зерттеудегі біржақты көзқарас болып қалады. Айта кететін бір жәйт, Құранда сондай-ақ әскери қақтығыстар мен дауларды шешудің оң, бейбіт, әділ нормалары да бар. 8 сүренің 62 аятында исламның дұшпандарына қарсы соғысќа шақыру көзделген:
19 Ислам және адам құқықтары
Мұсылман құқығының теоретиктері исламды қабылдау, адамдарды олардың әлеуметтік жағдайына, тіліне, тері түсіне қарамастан теңдестіреді деп есептейді. Бұл теңдік сондай-ақ барлық адамдардың заң және сот алдындағы теңдігін де көздейді [3, б.156]. Кез-келген білімді мұсылман Құран мен Сүннаны талқылауға хұқылы. Осылай модернистер есептеп исламға өзгерістер енгізуге болады деген қорытынды шығарған. Теңдік туралы ислам нормалары белгілі көлемде әйелдерге де тараған.
20 Халықаралық ислам банктерінің құқығы
Ислам даму банкі 1974 жылы Джидда Сауд Аравиясының патшалығында болған. Бұл халықаралық қаржы институты [3, б.160]. Шариат нормасына сәйкес негізделген банк өзінің жұмысын 1975 жылы қазан айында жүзеге асыра бастады. Капиталы 2 миллион исламдық динар. Қазіргі уақытта осы банктің капиталы млдр.- динарға жетті. 1998 жылы ислам даму банкінің мүшелері 53 - ке жетті. 1996 жылы Қазақстан осы банкке мүше болды. Ислам даму банкінің атқару қызметі 13 тармақтан тұрады.
21 Ислам әлеміндегі елдердің құқықтық жүйелерінің ерекшеліктері
Мысыр құқықтық жүйесі. Мысыр (мемлекеттің ресми атауы – Мысыр Араб Республикасы) солтүстігінен Жерорта теңізімен шайылып, оңтүстігінде – Суданмен, шығысында – Палестина және батысында – Ливиямен шекараласып жатыр. Мысыр халқының саны шамамен 58 млн адамды құрайды.
22 Мұсылмандық құқықтың даму перспективалары
Малайзияның Куаларумпура, Марокконың Рабад қаласында, ОПЕК (MЭЕҰ) - мұнайды экспорттау - елдерінің ұйымы 1960 жылы құрылды [3, б.189]. Осы ұйымға 13 мемлекет қатысты ( Иран, Ирак, Венесуэла, Кувэйт, Сауд Аравиясы, Катар, Индонезия, Ливия, Абу- Дави, Алжир, Нигерия, Эквадор, Габон). ОПЕК (МЭЕҰ) 65 % мұнайды өндіреді, 90 % экспортқа шығарылады, оның штаб квартирасы Венада орналасқан. Ислам әлемінің лигасы Мекке қаласында 1962 жылы құрылды.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының мұсылмандарына елімізде жеке тәуелсіз мемлекет құрылған уақытынан бастап халыққа дін туралы ойлауларына және мешітке қатынасуына толық түрде бостандық берілді. Мемлекетіміз ислам дініндегі елдермен қатынасын нығайтты. Қазақстан Ислам даму банкінің (ИДБ) мүшесі және осы банктің үш офистерінің бірі Алматы қаласында орналасқан.