Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 19 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Жазушылар. Ақындар


Жоспар

1 Жазушылар. Ақындар 3
1.1 Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931 жж.) 3
1.2 Марфуға Айтхожа 3
1.3 Мұхтар Әуезов (1897-1961 жж.) 4
1.4 Қасым Аманжолов (1911 -1955 жж.) 5
1.5 Естай Беркімбайұлы (1874-1946) 6
1.6 Сәбит Дөнентаев (1894 -1933 жж.) 7
1.7 Ілияс Есенберлин (1915-1983 жж.) 7
1.8 Ілияс Жансүгіров(1894-1938 жж.) 8
1.9 Мағжан Жұмабаев (1893-1938 жж.) 9
1.10 Абай Құнанбаев (1845-1904 жж.) 10
1.11 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858-1931 жж.) 11
1.12 Мұхтар Мағауин (1940- ????? жж.) 13
1.13 Бейімбет Майлин (1894-1938 жж.) 14
1.14 Мұқағали Мақатаев (1931-1976 жж.) 15
1.15 Жұбан Молдағалиев (1920-1989 жж.) 15
1.16 Фариза Оңғарсынова 16
1.17 Сәкен Сейфуллин (1894-1938 жж.) 16
1.18 Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920 жж.) 17
1.19 Мұхтар Шаханов 18
Әдебиеттер 19

1 Жазушылар. Ақындар

1.1 Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931 жж.)

Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері – Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.
Алғаш ауыл молласынан оқып сауат ашқан. 1907 жылдан бастап Баянауылдағы орыс мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс-қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітіреді (1914-1919 жж.).

1.2 Марфуға Айтхожа

«Жыр аққуы» атанған, қазақтың белгілі ақыны Марфуға Айтхожа 1936 жылы 25 тамызда Құлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. Атасы Айтхожа топжарған шешен, суырыпсалма ақын, ел сыйлаған би кісі болған. Қазақ елінің басына қаралы күн туған кезде бұл кісі алғашқы құрбандардың бірі болған екен. Ол кісіні «Итжеккенге» айдаған. Ал өз әкесі Ғали арабша, орысша сауаты бар білімді, жан-жақты зиялы адам болған. Ол кісіні де сол жылдары «Қарағаш» мектебінен Алматыға сексен адаммен бірге айдап әкелген екен. Бес баласы аштан өліп, түрмеден қашып, зайыбы Бифатима «Иіруден» қашып, Қытай жерінде табысып, қыздары Марфуға дүниеге келеді.

1.3 Мұхтар Әуезов (1897-1961 жж.)

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ ҚСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ ҚСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Туған жері – бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы.

1.4 Қасым Аманжолов (1911 -1955 жж.)

Аманжолов Қасым Рақымжанұлы (1911, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 17.01.1955, Алматы) кедей шаруа отбасында туған. Ата-анасынан жастай жетім қалады, кейін интернатта оқып, бастауыш кластық білім алады. Мал дәрігерлік техникумда оқиды (1927-30). Оны бітірген соң Орал қаласындағы пединститутта оқып жүріп, Ленинград орман шаруашылығы институтына ауысады.

1.5 Естай Беркімбайұлы (1874-1946)

Естай Беркімбайұлы – ақын, композитор, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. 1868 ж. қазіргі Павлодар облысы Екібастұз ауданына қарасты Ақкөл ауылында өмірге келген.
Естай әндік-ақындық ортада өскен, анасы Күлипа мен ағасы Байтолым белгілі әншілер болған. Естай олардан жыр, дастандар мен толғауларды орындау мәнерін үйренген. 16 жасында халық әндерін талантты орындаушы, халықтық музыка дәстүрін жалғастырушы тұлға.

, «Қоңыр жел», «Дүние», «Шоққара ағаш», «Хұсни-Хорлан».



1.6 Сәбит Дөнентаев (1894 -1933 жж.)

1894 жылы Семей облысының Павлодар уезiнiң Ақсу болысында туған. Қасымқажы Ертісбаевтың медресесін бітірген соң өлең жазу бастады. 1916 жылы маусымның 25-ндегі патша жарлығымен жасы 19 бен 43 арасындағы қазақ және басқа орыс емес «бұратана» атайтын халықтарының жігіттері майданға алынды. Солардың арасында Сәбит те болған.
1917 жылының Ақпан төңкерісінен кейін туған жеріне қайтты. Ақпан төңкерісін қолдап басқа Алаш азаматтарымен ұлт азаттық қозғалысына қосылып, қазақ халқына автономия беруіне, халқының өмір деңгейі көтеруіне, өзгеріс пен дамуына шақырады.

1.7 Ілияс Есенберлин (1915-1983 жж.)

Ілияс Есенберлин (10.01.1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасарда туған) – қазақ жазушысы. 1940 жылы Қазақ мемлекеттік тау-кен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысты.

1.8 Ілияс Жансүгіров(1894-1938 жж.)

Ілияс Жансүгіров – қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері – Алматы облысының Ақсу ауданы.

1.9 Мағжан Жұмабаев (1893-1938 жж.)

Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабаев (1893 ж. маусымның 25-і, Солтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы «Молодежный» кеңшарының аумағы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 1938 ж. наурыздың 19-ы, Алматы қаласы) — Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі.

1.10 Абай Құнанбаев (1845-1904 жж.)

Абай ( Ибраһим ) Құнанбаев (1845-1904) – қазақ халқының ұлы ақыны, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.
Абай 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі өте қатал адам болса, шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегілерді, аңыз әңгімелерді айтып, жақсы тәрбиелеп отырған.

1.11 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858-1931 жж.)

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы – ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы.
Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады.

1.12 Мұхтар Мағауин (1940- ????? жж.)

1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданы... туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университеті... филология факультеті..., 1965 жылы оның аспирантурасы... бітірген.
Еңбек жолын 1965 жылы бастады. «Қазақ әдебиеті» газетi... бөлім меңгерушiсi, 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасы... бас редактор... орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты... аға ғылыми қызметкер болып iстеген, Мәскеуде М. Горький атындағы Әдебиет институты... қазақ фольклоры мен қазақ әдебиетi тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргiздi. 1984-1986 жылдары «Жазушы» баспасы... бас редакторы. 1988 жыл... берi «Жұлдыз» журналы... бас редакторы.

1.13 Бейімбет Майлин (1894-1938 жж.)

Бейімбет Майлин (Бимағамбет) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері – Қостанай облысының Таран ауданы.
Алғаш ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан. 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша-қазақша мектепте, Уфадағы Медресе-Ғалияда оқып білім алған. Алғашқыда мұғалімдік қызмет атқарған (1916-1919 жж.).

1.14 Мұқағали Мақатаев (1931-1976 жж.)

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев – қазақ... әйгілі ақыны. Туған жері – Алматы облысының Нарынқол ауданы...ғы Шалкөде ауылы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы.
Балалық бал дәурені соғыс жылдары... ауырлық-тауқыметімен тұспа-тұс келеді. Әкесі Сүлеймен соғыста қаза болып, анасы Нағиман Мұқағалидың өкшес...н баса туған үш ұлды өзі асырап, жеткізген. Орта мектепті интернат... жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңес... хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жеті жылдық мектептің мұғалімі болады.

1.15 Жұбан Молдағалиев (1920-1989 жж.)

Жұбан Молдағалиев (05.09.1920 жылы туған, Тайпақ ауданы, Сайқұдық ауылы) – қазақ ақыны.
Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы Кеңес Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты.

1.16 Фариза Оңғарсынова

1939 жылдың 5 желтоқсанында Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауыл...нда туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттiк педагогикалық институты... тiл-әдебиет факультетi... бiтiрiп, Балықшы ауданының Еркiнқала, Октябрьдiң 40 жылдығы аты...ғы қазақ мектептерiнде ұстаздық еткен.

1.17 Сәкен Сейфуллин (1894-1938 жж.)

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин – 1894 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстауында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыған.

1.18 Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920 жж.)

1893 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған, ХХ-ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, демократ, ақын-жазушы. Кедей отбасында туған. Әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) ???? жасында жоқшылықты көп көріп, кісі есігінде жалшы болған. С.Торайғыров үш жасқа шыққанда шешесі Зұфұннан жетім қалды. Алғашқыда үйде жүріп, әкесінен оқып қара таныған С.Торайғыров ауыл молдасы Мұқан деген кісіден сабақ алды. Ол араб, парсы қисса-хикаяларын өзінше аударатын, әрі жанынан қиыстырып өлең шығара алатын кісі болған. Оған еліктеп Торайғыров өлең жазып, машықтана бастайды.

1.19 Мұхтар Шаханов

Мұхтар Шаханов (02.07.1942 жылы туған, Шымкент облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу селосы) – қазақ ақыны. Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). «Оңтүстік Қазақстан» (1960-65), «Лениншіл жас» (1965-70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы.

Әдебиеттер

1 Тарихи тұлғалар – Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушылар : Тоғысбаев Б., Сушикова А. – Алматы : «Алматы кітап» ЖШС, 2006. – 376 б.
2 «Қазақтар». Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. Тарихи тұлғалар. – 2-ші басылым. – Алматы: «Білік» баспа үй, 2003. – 2. Т. – 373 б.
3. Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: «Зият»,2004