Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: География

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 86 стр.

Полный просмотр работы

Оңтүстік Қазақстан облысының су қоймаларымен каналдары


Мазмұны
Аннотация 3
Кіріспе 4
1 Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық – географиялық жағдайы 9
1.1 Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық орны, жер бедері, қысқаша даму тарихы 9
1.2 Оңтүстік Қазақстан облысының геологиясы, тектоникалық құрылымы 16
1.3 Оңтүстік Қазақстан территориясының ішкі сулары 22
2 Оңтүстік Қазақстан облысының – су қоймалар мен каналдары және олардың шаруашылық маңызы 31
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының су қоймаларымен каналдары 31
2.2 Су қоймаларды тиімді пайдалану 55
Қорытынды 83
Қолданылған әдебиеттер тізімі 86

Аннотация
Бұл дипломдық жұмыста Оңтүстік Қазақстан облысының су қоймалары мен каналдарының шаруашылық маңызын жан-жақты талдап, су қоймаларына жеке-жеке тоқталған.
Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық-географиялық жағдайы мен географиялық орны, жер бедері, қысқаша даму тарихы геологиясы, тектоникалық құрылымы. Оңтүстік Қазақстан территориясының ішкі сулары, топырағы, өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі, Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсібінің су шаруашылығына тигізетін әсері, экономикалық ерекшеліктері, проблемалары және болашағына сипаттама бере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының – су қоймалар мен каналдары және олардың шаруашылық маңызы ашқан.
Дипломдық жұмыс 62 беттен, 2 тараудан,1 кестеден қосымшадан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімдерінен тұрады.

Кіріспе
Қазақстанда 4 мыңнан астам бөгет пен бөген бар. Олардың жалпы ауданы 10 мың шаршы километрге жуық, бұлардағы тұщы су көлемі шамамен 90 текше километрдей.
Көлдер әр түрлі табиғат ресурстарына бай.
Суы. Халық шаруашылығының қажетіне көбінесе көлемі бір шаршы километрден жоғары, минералдылығы 3 г/кг-нан аз және тереңдігі 2 метрлік көлдер пайдаланылады. Осы көлдердің су деңгейінің жылдық орташа өзгеруі, минералдануы аз болады. Көлдердің көп жылдық орташа қоры 13 миллиард текше метрдей. Көктемде және жаз айларында көл суының жалпы көлемінен 1-5 %-ке, яғни 300-700 миллион текше метрге дейін пайдалануға болады.


Мәселеннің өңделуі: Қазақстан Республикасының ақпарат көздері мен Қазақстанда жарық көрген мәліметтерге, жергілікті жердің ақпарат көздеріне сүйенеді.
Диплом жұмысының мақсаты:
Оңтүстік Қазақстанда орналасқан су қоймалары мен каналдардың орналасқан орны мен жалпы жағдайына тоқталып, шаруашылық маңызын ашу.
Зерттеудің жаңалығы:
1. Оңтүстік Қазақстан облысындағы су қоймаларының шаруашылық маңызын ашу.
2. Оңтүстік Қазақстан облысының каналдарының ерекшелігі
3. Оңтүстік Қазақстан облысының су қоймалары мен каналдардың табиғи байлығы.
Зерттеу пәні: Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның физикалық географиясындағы ішкі сулар тақырыбында оқушылардың білімі мен тәрбиесін қалыптастыру.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептегі оқыту процесі.
Тәрбиелік құндылығы: Ғылыми-зерттеу материалдары мектепте Қазақстанның физикалық географиясындағы ішкі сулар тақырыбында оқушылардың білімін қалыптастыра отырып тәрбиелудің жолдарын ұсынады.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, 3 бөлімнен, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық – географиялық жағдайы
1.1 Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық орны, жер бедері, қысқаша даму тарихы
Оңтүстік Қазақстан облысы республика территориясының оңтүстігінде орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың шаршы шақырым. Оңтүстігінде Өзбекстан республикасымен, батысында Қызылорда облысымен, шығысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектеседі. Территорияның жер бедері, жазықты, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына өте қолайлы. Территорияның солтүстік және қиыр оңтүстік бөліктерінен өзгесі шөл зонасында орналасқан. Облыс жерінен Сырдария, Арыс, Келес секілді ірі өзендер ағады. Өзен жағалары егін шаруашылығына қолайлы. Осыған орай мұнда мақта, күріш өсіріледі және мал щаруашылығының кейбір салалары жақсы дамыған.

1-сурет. Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық картасы өте азайып кететіндігі байқалады.
Күннің беретін жылуы ылғалданудан 12-15 есе асып түседі. Шілдедегі орташа айлық ауаның температурасы 20-26 С болады, ал Қызылқұмдағы куейбір жерлердің орташа температурасы 48 С-қа дейін жетеді. Жаз айларындағы ауаның ылғалдылығы 25-28 процент. Ол өте ыстық құрғақ күндері 15 проценке дейін жетеді.

1.2 Оңтүстік Қазақстан облысының геологиясы, тектоникалық құрылымы
Оңтүстік Қазақстан облысының көпшілік жері Тұран плитасының құрамына кіреді. Жазық өңірі негізінен кембрилік, девондық, карбондық жыныстардан, таулы бөлігі төменгі полеозойлық жыныстардан, жота аралық ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған. Ақсу, Сайрам өзендерінің бассейндерінде бор жыныстары таралған. Батыс Тянь-Шаньда, Қарарауда ерте бор дәуірінде қызыл сарғыш топырақтан құралған. Бор дәуірінің климаты құрғақ, аридті болады. Мұның өзі қызыл топырақтың көп таралғанын көрсетеді. Бор жыныстары Ташкент, Шымкент аудандарында таралған.

1.3 Оңтүстік Қазақстан территориясының ішкі сулары
Оңтүстік Қазақстан облысының гидрографиялық жүйесі оның бүкіл аумағында әрқалай орналасқан.
Мұнда барлығы су кадастры арқылы 297 өзен тіркелген. Олардың жалпы ұзындығы 8045 км. Құрайды. Оның ішінде 42-сі сел қаупіне жақын саналады: 16 өзенде құм-тас аралас лайлы ағымы болуы мүмкін, ал 26 өзенде айналасын шайып кететін сел жүруі мүмкін. Бұл өзендерден басқа көптеген есепке алынбаған ұсақ су арналары да (жыралар, жылғалар) бар. Олар арқылы көктем айларында су тасуы байқалады. Сел қаупін тудыратын өзендер санының көптігіне қарамастан аудандағы төтенше жағдай қауіптілігі онша үлкен емес.

2 Оңтүстік Қазақстан облысының – су қоймалар мен каналдары және олардың шаруашылық маңызы
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының су қоймаларымен каналдары
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара суқоймасы. Шардара су қоймасы баяу толтырылып Сырдарияға құйылып жатқан су көлемі 100 текше метрге дейін азайтылды. Биылғы жылы бізде су тапшылығы байқалады. Шардара су қоймасына құйылып жатқан су баяу жылдымдықпен ағуда. "Достық " арнасына да су көлемі жеткіліксіз". Бүгінде су қоймасындағы көлем 5 млрд 189 млн текше метр суды құрайды. Ал жоспар бойынша 5 млрд 400 млн текше метр суға толтыру керек.

2.2 Су қоймаларды тиімді пайдалану
Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары еліміз үшін өткір проблемалрдың бірі су қоймаларды суын тиімді пайдалану және оның экологиялык қауіпсіздігі мәселелеріне қоғамның назарын үнемі аудартып келеді. Әсіресе қызу талқылаулар Шардара су қоймаларды төңірегінде өрбуде. Шардара су қоймасының проблемасы сан - салалы және мұнда халықаралық тәжірибедегі апелляция мен тарихи шолусыз шешу мүмкін емес. Оны тек таза шаруашылықтық немесе экологиялық тұрғыдан қарауға болмайды. Керісінше, бұл мәселенің күрделі экономикалық, саяси, гуманитарлық және табиғатты қорғау сияқты аспектілері бар. Қазақстан үшін бұл Шардара су қоймасының пайдалану мәселесін шешумен аяқталмайды.

Қорытынды
Су – табиғаттың құнды сыйы. Су – өмір бұлағы, өндірістің дамуы үшін қажетті жағдайлаодың бірі. Ол қамқорлықпен қарауды,ысырапсыз жұмсауды қажет етеді. Халық жиі орналасқан аудандарда судың тапшылығы шаруашылықты өркендетуге және адам өміріне қиындық келтіреді.
«Су – тіршілік көзі» деп халқымыз тегін айтпаған. Сусыз тірі организмнің өмір сүруі мүмкін емес. Қазақстандағы өзендердің ластануы ең алдымен айналадағы ортаға әсер етіп, флора мен фаунаның бірітіндеп жойылуына алып келеді. Сонымен қатар сүзек, сары ауру, тырысқақ және басқа да жұқпалы ауру түрлерінің таралуына, өршуіне себеп болады. Су ресурстарына суқоймаларына, өзендерге, көлдерге және ағын суларға тазартылмаған немесе шала тазартылған өндірістік-тұрмыстық және ауылшаруашылық қалдық судың ағызылуынан ластанады. Су айдындарының тазалығын сақтаудың ең басты жолы – өндірісте пайдаланылған суды тазартып, қайта айналысқа қосатын тұйық өндірістік цикл тәсілін қолдану. Әзірше мұндай әдісті Жезқазған кен байыту комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты қолдануда. Еліміздің климаты құрғақ, жазы ыстық болуына байланысты оңтүстік өңірлерде ауыл шаруашылығы дақылдарын қосымша суландыруды қажет етеді, сондықтан суармалы егіске суды үнемдеп жұмсаудың маңызы зор.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Т.Байболат, Р.Н.Кенжебаева «География» Шымкент 2005, 24-28 б.
2 Ә.С.Бейсенова «Қазақстанның географиялық атласы» Алматы 2005,3-20 б.
3 М.К.Нұрмағанбетов «Жер судың аты,тарихтің хаты» Алматы 2003,5-15 б.
«География және табиғат» 2006,№6
4 Н.М. Жақанбаева «География» Алматы 2007,114-116 б.
5 Ә.С. Бейсенова «Экология» Алматы 2000, 154-166 б.
6 Ғ.С. Гарапова, Н.М. Жақанбаева «Гоеграфия» Алматы 2007,114-116 б.
7 «Қазақстан Ұлттық энциклодедиясы» Алматы 2005, 3 том
8 «Қазақ Совет энциклодедиясцы» Алматы 1975, 2 том
9 Атамекен газеті, Алматы 2005, №88
10 Н.В. Нелина «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары» Алматы 2004,104-110 б.
11 «Энциклопедия для детей» Алматы 1997,3-5 б.
12 Егеменді Қазақстан 2005-2006,№1235 11.05.24.№4377 12.06.28
13 М.К.Нұрмағанбетов «Жер судың аты,тарихтің хаты» Алматы 2003,5-15 б.
14 Шымкент келбеті газеті Шымкент 2007, №82
15 Атамекен газеті, Алматы 2005, №88
16 Шымкент келбеті газеті Шымкент 2007, №82
17 Интернет. Ak orda.kz. сайты
18 А. Басшов «Экология және таза су проблемасы» Алматы 2003,12-25 б.
20 Сейтжанов Ф.А. Сырдария өзені суының құрамындағы ауыр металдардың биоресурстарға әсері. //ҚазҰПУ хабаршсы: «Жаратылыстану - географиялық ғылымдар» сериясы. 2005 №2. 57-61б.
21 Экологическое состояние окрущающей среды в Республике Казахстан. Алматы, 1992.
22 Регулирование русла Сырдарьи и развитие дельты. Окончательный отчет междурнародного банка реконструкции и развития (ИТАЛКОНСУЛТ.ЭЛЕКТРОКОНСУЛТ). – Рим – Милан, Италия, 1996. С.195
23 Надыров Ш.М., Бердыгулова Г.Е., Латыпаев Ш.Т. Водные ресурсы трансграничных рек Центральной Азии – как потенциальный источник конфликтов //Казахстан – Спектр. Аналитические исследования. – 200, №2. С.43-53.
24 Гельдыева Г.В., Надыров Ш.М. Проблемы совместного использования водных ресурсов Или-Балхашского региона //Материалы международной юбелейной научно-практической конференции. КАЗНИИМОСК. Алматы. – 2001. С.17-25.
25 Водные ресурсы Казахстана в новом тысячелетии. Алматы, Рауан, 2004. С.74-86.
26 Жанбеков Х.Н. Современная химическая характеристика водного бассейна р. Сырдарьи //ДАН НАН РК. 2004.№4. –С.79-86.
27 Базарбаев М.Ж., Бурлибаев Т.К. и др. Современное состояние загрязнения основных водотоков Казахстана ионами тяжелых металлов-Алматы: Канагат, 2002. -1996. С. 29.
28 Концепция устойчивого развития Или-Балхашского бассейна. Алматы: Регоинальный экологический центр Центральной Азии, 2001. С. 17.
29 Сәрсенбаев М.Х. Траншекаралық Сырдария өзені су ресурстарын реттеу, басқару және қорғау. Алматы, Ғылым, 2002. 114-121 б.
30 Христофоров А.В. Модель оптимального распределения водных ресурсов транграничных рек. М.: МГУ, 2002. -13с.