Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 80 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: қалыптасу жобалары


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
I ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ 6
1.1 Жергілікті басқарудың теориялық негіздері: түсінігі және мәні 6
1.2 Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті басқару негіздері 12
1.3 Жергілікті басқаруды мемлекеттік реттеу 19
II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ АНАЛИЗІ 25
2.1 Жергілікті басқарудың дамуының шетелдік тәжірибелері 25
2.2 Республикадағы жергілікті өзін-өзі басқаруды құру тәжірибелері 41
III ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 50
3.1 Қазақстандағы жергілікті басқару механизмі 50
3.2 Алматы қаласының экономикалық даму жағдайын талдау 62
3.3 Қазақстан Республикасының жергілікті басқару жүйесін жетілдіру жолдары: жоспарлар мен жобалар 67
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 77
СЫН ПІКІР 79
РЕЦЕНЗИЯ 80

КІРІСПЕ
Бүгінде Республикамызда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру біздің саяси бағытымыздың өзекті тұғырнамасына айналып, бұл орайда оны қайта құрудың әлемдік үлгілері мен үрдістерін саралау мен сараптау жұмыстары дәйектілікпен жүргізіліп отырғаны да тегін емес.
Көптеген дамушы елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, жергілікті өзін-өзі басқарудың тұғырнамасын іске асыру кез келген құқықтық мемлекеттегі демократиялық режимнің қажетті құрылымы болып табылады. Өзінің институттарымен жергілікті өмірдің демократиялық ұйымының дерлік барлық жағын қамти отырып, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік биліктің көптеген қызметтерін орталықсыздандырудың ұтымды әдістерімен жергілікті өмірдің бүкіл мәселелері бойынша шешімдер қабылдауды аумақтық қоғамдастықтарға көшіруге мүмкіндік береді, осы арқылы азаматтардың белсенділігін көтермелейді және осы сияқты шешімдерге олардың нақты қатыстылығын қамтамасыз етеді.

I ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
1.1 Жергілікті басқарудың теориялық негіздері: түсінігі және мәні
Біздің қоғамымыздағы экономикалық реформалардың қазіргі құраушы бөлігі болып жергілікті өзін-өзі басқару сферасы табылады.
Экономикалық тұрғыдан қарастырғанда, жергілікті өзін-өзі басқару сферасындағы қайта құрулар ең алдымен, демократия принциптеріне сәйкес келетін, әлемде территориалды қоғамдастықтарды дамытудың бірден-бір жолы ретінде мойындалған, адамдардың жақсы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін тиімді аймақтық экономика құру қажеттілігіне бағытталған.
Жергілікті басқару – жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттік істердің маңызды бөліктерін регламенттеу мүмкіндігі және олардың заң шегінде өз жауапкершілігі мен халық мүддесі үшін басқару.

1.2 Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті басқару негіздері
Даму диалектикасы көрсетіп отырғандай, рыноктық қарым-қатынастар жүйесіндегі әлеуметтік-экономикалық жүйе өзінің кез-келген түрінде, оның ішінде аймақтық басқару түрінде де орталықтандыру мен орталықсыздандырудың рационалды бірлігіне негізделеді. Мұндай қарама-қарсы әлеуметтік-экономикалық басқару жүйесі динамикалық, стратегиялық жоспарланған және өздігінен реттелетін жүйе асты мен элементтерден тұратын ұйым түрлеріне негізделген.
Орталықтандыру мен дербестік байланысы диалектикалық сипатқа ие, ол басқарудың орталықтандыру және орталықсыздандыру арақатынасындағы мәселелердің шешілу мүмкіндігін анықтайды.

1.3 Жергілікті басқаруды мемлекеттік реттеу
Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық-экономикалық қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар билігі келесідей шараларды орындауы керек:

II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ АНАЛИЗІ
2.1 Жергілікті басқарудың дамуының шетелдік тәжірибелері
Бүгінгі күні Қазақстандағы демократиялық бастаулардың дамуы үшін халықтың территориалды қоғамдастықтары үлкен мәнге ие болып отыр. Мұнда халықтың бір территориалды қоғамдастықтары бір-бірімен араласады, әрекеттеседі, өмір сүру қабілеттігі, өзіні-өзі басқару және басқару көзқарасымен белгілі бір бүтіндікті көрсететін қала, поселок, ауылдарда тұрады.
Нақ осы территориалды қоғамдастықтар шегінде адамдардың шексіз қажеттіліктері өз бастауын алады, байланысады, бағдарланады, кей жағдайларда аяқталады. Сондықтан жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі ерекшелігі боп жергілікті мүдделерді, қажеттіліктерді, мұқтаждықтарды жүзеге асыру табылады. Территориалды қоғамдастықтардың шегінде халықтың жергілікті мүдделері ғаламдық, ведомствалық мүдделермен ұштасып отырады.

2.2 Республикадағы жергілікті өзін-өзі басқаруды құру тәжірибелері
Билікті оқыту негіздері XIX және XX ғасырларда дами бастады. Бір қатару сұрақтар бойынша қарама-қайшылықтарға қарамастан, жергілікті өзін-өзі басқарудың даму кезеңінің барлығында да ғалымдар мен саясаткерлер пікірлері «еркін қауым» көзқарасында ұштасады және олардың ойынша, ұлттар еркін үкімет құрулары мүмкін, бірақ толықтай халық билігінің қауымдық институттарынсыз бұл жүзеге асырылмайды.
Мемлекеттің және хұқықтың даму шегінде біздің уақытта еркін қауымдастық идеялары жергілікті өзін-өзі басқару теорияларында трансформацияланды және белгілі Еуропалық Хартиялар түрінде жүзеге асырылды.

III ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1 Қазақстандағы жергілікті басқару механизмі
Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңында анық көрсетілмеген, 2001жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңға сәйкес коммуналды меншік және жергілікті мемлекеттік басқарудың экономикалық негізі болып табылады.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізін жергілікті қауымдастықтың мүлкі және оның территориясындағы жанұялардың жеке үй шаруашылықтары құрайды.

3.2 Алматы қаласының экономикалық даму жағдайын талдау
Бүгінгі таңда Алматы қаласы Қазақстанда ғана емес, Орталық Азиялық аймақтардағы ірі мегаполистердің бірі болып табылады.
Қала территориясында 170 ірі орта өнеркәсіптік кәсіпорындар бар. Алматы бүгіннің өзінде теледидар, кілем және кілем өнімдерін, нан және ашытқылар өндірісін жүзеге асырады. Қала кәсіпорындарымен жіп, маталар, шай, кіржуғыш машиналар, электрлі счетчиктер, жүк тасымалдайтын автомабильдер, қалпақ пен бас киімдер, маргаринді өнімдер, коньяк пен темекі өнімдері, 10 және одан да көп жолаушылар тасымалдайтын автомабильдердің мәнді көлемі шығарылады.

3.3 Қазақстан Республикасының жергілікті басқару жүйесін жетілдіру жолдары: жоспарлар мен жобалар
Жергілікті өзін-өзі басқару үшін заңнамалық негізді әзірлеу мен енгізуге талай рет ұмтылыс жасалды. Еліміздің Конституциясы қабылданған кезінде, 1995 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң бірнеше рет ұсынылды, алайда олардың бірде-бірі оны дамытудың объективті қажеттіліктеріне сай келмеді.
1997 жылы «Жергілікті өзін өзі басқару туралы» заң әзірленді, бірақ ол қабылданбады. Екі жыл өткен соң, яғни 1999 жылы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңы да нақ осы жағдайға ұқсас жағдайға тап болды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Н.Назарбаев Мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде айтып өткендей, «Елдің болашағын ойлай отырып, әуелі экономиканы өркендетуге барынша күш салған осы 15 жылдағы еңбегіміз өз жемісін беріп отыр. Алдымен халықтың әл-ауқатын жақсартып, мемлекеттің мәртебесін жетілдіру, оның абыройын дүние жүзі алдында асқақтату, Қазақстанның беделін сақтау бізге оңай соққан жоқ. Бүгінге дейін қаншама заңдар қабылданды. Осы қолданыстағы Конституциямыздың арасында толайым табыстарға қол жеткізіп отырмыз. Сондықтан да егер Конституцияға өзгерістер енгізсек, ол түбегейлі өзгеріске ұшырамауы керек. Өйткені өткен сайлауда еліміздің түгелдей дерлігі бүгінгі жүргізіліп отырған саясатты жақтады. Өзгерістер енгізуде әруақытта халықпен ақылдасып отырғанымыз абзал». Ал халық билігі, яғни демократияны одан әрі дамытудың бірден-бір көзі жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру екендігін айтып өту керек. Жергілікті өзін-өзі басқару – нақты демократия, іс үстіндегі демократия деп кездейсоқ айтылмаса керек.

СЫН ПІКІР
Бітіру жұмысы Қазақстан Республикасындағы бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып отырған жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы негізгі және өзекті мәселелерді зерттеп, шешу жолдарын іздестіру болып табылады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: қалыптасу жобалары» тақырыбы бойынша жазылған бұл жұмыста жалпы жергілікті өзін-өзі басқаруға анықтама беріліп, жалпы алғанда оның қоғам дамуындағы орны мен атқаратын қызметіне кең тоқталған. Жұмыста жергілікті өзін-өзі басқарудың шет елдік тәжірибелері, ондағы орын алған мәселелерге талдау жасалады және де бұндай тәжірибелердің Қазақстандағы қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық, экономикалық механизмдеріне терең талдау жасалады. Елдегі жергілікті өзін-өзі басқаруды құру тәжірибелеріне тоқталған. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кезде орын алып отырған мемлекетті орталықсыздандыру мен жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері, оның жүйесін жетілдіру жолдары мен жоспарлары, болашақтағы жобалары қарастырылған.