Тәуелсіз Қазақстан
1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік алуы Қазақстанның қазіргі заманғы тарихындағы бетбұрыс кезеңге айналды. Біздің туымыз - тәуелсіздік. Біздің мақсатымыз - бейбітшілік пен ас-ауқатты көтеру. Осы ұрандар олар үшін барлық, қиындықтарды жеңуге бәріміз дайын болған ортақ идеяға айналды.
Дүниежүзілік тарихтың өлшемі бойынша қысқа мерзімде республикада терең экономикалық, саяси және әлеуметтік өзгерістер болып өтті.
Қазақстанның бүкіл халқы еркін тікелей сайлауда сайлайтын елдің президенті азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың кепілі болып табылады. Мемлекет пен қоғамның мүдделерінде таңдап алынған реформалар бағытын іске асыруды қамтамасыз етуді бағдарлаған ұлттық қауіпсіздік жүйесі қалыптастырылды. Еуропа елдері деңгейінде жарақталған өзіміздің қазіргі заманғы Қарулы Күштеріміз құрылды. Қазақстандық және Ресейлік әскери институттарда оқытылған отандық офицерлік корпус жасақталуда. Уақыт талабына сай жаңа әскери доктрина мен 1999-2005 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясы қабылданды.
1992 жылы желтоқсанның ортасында Қазақстан халықтарының форумы өтіп, онда жаңа қоғамдық институт - Қазақстан халықтарының келісімі мен бірлесуі Ассамблеясын құру туралы айтылды. 1995 жылғы 1 наурызда құрылған Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ұлтаралық саясатты өркениетті жүзеге асырудың барлық этнос өкілдерінің азаматтық топтасуы құралдарының бірі бола отырып, азаматтық қоғамның толыққанды әрі аса тиімді институтына айналды.
Астық дақылдарына арналған егістік алаңдарының жалпы қысқартылуы жағдайында өнімділіктің екі есе жоғарылауы болды. 1999 жылы Қазақстанда 14,2 млн. тонна астық жиналды, бұл 1998 жылғыдан 2,2 есеге көп. Ал мерекелі 2001 жылы 18 млн. тонна рекордтық өнім жиналды. Біздің республикамыз өзінің астығымен әрқашан мақтана алады. Ия, бұл салада ауыр кезеңдер де болған, бірақ еліміздің орталық және оңтүстік облыстары бұрынғысынша жыл сайын астық үшін өзінің «майданын» жүргізіп келеді. Және бізде дәл биылғы осындай тамаша нәтижелердің болуының терең символикалық мәні бар. Бұл шын мәнінде Тәуелсіздіктің он жылдығының астығы.
Мемлекетті, халықты дамытудың перспективалары өскелең ұрпақтың әлеуетіне байланысты. Және осы жерде бірінші дәрежені, маңызы жоғалмайтын бастауыш білім беру жүйесі алады. Осы салада жүргізілген реформалардың маңызды қорытындысы мектептерді компьютерлендірудің аяқталуы болып табылады. Орташа оқу орындары еліміздің барлық облыстарында қазіргі таңда әзірленген жоспарға сәйкес компьютерлермен жарақтандырылған.