Еңбек рыногы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты
Жоспар
Кіріспе 3
1 Еңбек рыногы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты 6
1.1 Еңбек – нарық категориясы ретінде 6
1.2 Жұмыссыздық қоғамның бір кеселі 12
1.3 Жұмыссыздықтан құтылу шаралары 15
1.4 Профсоюздың міндеті 16
Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер 24
Кіріспе
Жұмыссыздық мәселесі адамдарды қор ететіні сөзсіз. Әр қоғамды алаңдатып отыратын – осы. Сонда экономиканың дамуына кедергі болып отырған және оны тежейтін не?- деген сұраққа жауаптардың ішінен бірінші орында болмаса да, бірақ екінші орында жұмыссыздық мәселесі тұратынына ешкім таңқалмас. Жұмыссыз адамнан бақытсыз жан жоқ. Өйткені табыс көзі жоқ адамда не үйі, не киетін киімі, күнделікті тамағы да жоқ екенін көрсетпей ме?
Қоғамымыздың бір бөлігі күн санап дәулеті артып, байи түссе, екіншісі барған сайын сіңірі шығып, кедейленуде. Бар мен жоқты теңестіру үшін не істеу қажет? Қиындықтан шығар жол – барлық облыстар мен қалаларда отандық өнім өндірушілердің қатарын көбейтіп, олардың ішкі нарықта үстемдік құруына жол ашу болатын тәрізді. Сонда ғана олар сырттан тасымалданатын шетелдік бұйымдарды ішкі нарықтан ысырып тастап, өнім өндірумен айналыса алады. Ал отандық кәсіпорындар, ірілі-ұсақты тауар өндірушілер, қызмет көрсету саласы өз деңгейінде, жұмыс істеп тұрса кедейшілік пен жұмыссыздық іргесін аулаққа салар еді.
Бұл осы мәселені шешудің тек бір жолы ғана. Ал мен өз курстық жұмысымда оның басқа да шешілу әдістерін және бұл мәселені мейлінше жан-жақты қарастыруға, оның кешегі мен бүгінін салыстыра отырып ертеңгі күнде мүмкін болатын жағдайын барынша нақты көрсетуге тырысып көруді басты мақсат етіп алдыма қоямын.
1 Еңбек рыногы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты
1.1 Еңбек – нарық категориясы ретінде
Экономиканың негізгі ресурсы болып еңбек күші саналатындықтан, жұмысбастылықты қолдау экономикалық саясаттың маңызды мақсаты болып табылады. Жұмыссыздықтың деңгейі – жұмыс істегісі келетіндердің жалпы санындағы жұмысты иемденбейтіндер үлесінің статистикалық көрсеткіші. Жұмыссыздықтың деңгейі анықталғанда әр адамды үш категорияның біреуіне кіргізеді: жұмысы бар, жұмыссыз, жұмыс күшіне қосылмайтындар. Адам үй шаруашылығымен, оқумен айналыспай, алдыңғы аптаның көп бөлігін жұмыс істесе, онда ол жұмыспен қамтылды деп есептеледі.
Егер адам жаңа жұмысқа шығуды күту барысында жұмыс істемесе, уақытша жұмыстан шығарылған немесе жұмысты іздеп отырған жағдайларда – жұмыссыз болып есептелінеді. Алдыңғы екі категорияға жатпайтын адамдар (мысалы,студенттер) жұмыс күшінің құрамына жатпайды: олар жұмысты иемденбейді, оны іздемейді және жаңа жұмысқа ауысуды күтпейді.
Жалпы жұмыссыздыққа екі: неоклассикалық және кейнсиандық концепциялары бар.
1.2 Жұмыссыздық қоғамның бір кеселі
Бұл бөлімде біз статистикалық мәліметтерге назар аударамыз. Себебі сандық көрсеткіштер көп артық сөзді қажет етпей қарастырылып жатқан мәселе жайында нақты да дәл мәлімет бере алады. Сондықтан оған орын берейік. 2005 жылдың III тоқсанында 15 жас және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 7,6 млн. адамды құрады және өткен тоқсанмен салыстырғанда 61,4 мың адамға (0,8%-ға) көбейді. Экономикалық белсенділік деңгейі 71,8% болып, өткен тоқсанға қарағанда 0,6 пайыздық тармақта көп, еркектер -77,1%, әйелдер – 67,1%. Республика экономикасында осы жылдың III тоқсанында 7 млн. адам жұмыспен қамтылған, бұл өткен тоқсандағыдан 115,9 мың адамға (1,7%-ға) көп. Қалалық жерде жұмыспен қамтылғандар үлесі, жұмыспен жалпы қамтылғандардың 55,8%, ауылда – 44,2% болды.
1.3 Жұмыссыздықтан құтылу шаралары
Жұмыссыздықтың біздің еліміздегі жағдайына көз жеткізгеннен кейін, жұмыссыздықтың бірден-бір себебі болып табылатын табысқа тоқталайық. 2006 жылдың қаңтар – тамызда халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 64498 теңге болды, бұл өткен жылғы тиісті кезеңдегіден 14,0% жоғары. Осы кезең ішінде нақты ақшалай табыстар 7,8% өсті.
2006 жылдың қаңтар – тамызында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 20477 теңге болып, өткен жылғы тамызбен салыстырғанда 14,9%, нақты мәнде 8,2% өсті. Оның деңгейі ең аз күнкөріс шамасынан 4,3 есе, еңбекке ақы төлеудің ең аз мөлшерінен 4,9 есе (2005 жылғы тамызда – тиісінше 3,9 және 5,1 есе) асты.
2006жылдың тамызында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы Қазақстан Республикасының айлықтары бойынша:
1.4 Профсоюздың міндеті
Осыған дейін біз жұмысшылар активті түрде өз еңбегін ұсыну үшін бәсекелеске түседі деген ұйғарыммен шектелгенбіз. Көптеген нарықтарда жұмысшылар өз еңбек қызметтерін провсоюздар арқылы сатады. Провсоюздардың ең негізгі көздейтін экономикалық мақсаты – еңбекақыны жлғарылату. Провсоюздың оған жетудің әртүрлі әдістері бар. Еңбекке деген сұраныстың өсуі. Провсоюздардың ойынша еңбекақыны көтерудің қолайлы әдісі – еңбекке сұранысты өсіру арқылы. Төмендегі суретте көрсетілгендей еңбекке сұранысты өсірудің нәтижесінде еңбекақы мөлшерлемесімен қатар жұмыс орындарының саны да өседі:
Қорытынды
Енді ойды қорытындылай келе, менің ойымша бұл мәселеде тек үкімет емес адамдардың өздері де кінәлі. Үкімет бізді жұмыспен қамтамасыз етуі міндетті, тағы сол сияқты сөздерді көп кездестіреміз. Иә, Кеңес Одағы кезінде мүмкін солай болған шығар, ал қазір заман басқа – нарықтық заман. Бұнда өмірге икемделер ғана көздеген мақсаттарына қол жеткізе алады. Жалпы еңбек етуге ұмтылу мәжбүрліктен емес, қажеттіліктен туындайтын жағдайға ұмтылуы керек. Бұрынғы жүйеде еңбек ету мәжбүрліктен туындағаны белгілі. Еңбек етпеген адам жатып ішер, арамтамақ деп айыпталып, жазаға тартылғанын да білеміз. Ендігі жерде еңбек етуді қажеттіліктен туындатуымыз керек. Осы тұрғыдан қарасақ табыс көлемі бойынша халықтың әртүрлі топтарының арасалмағының айырмашылығының үлкен болуының бір жағынан ынталандырушы әсері де бар. "Өзім дегенде өгіз қара күшім бар" дегендей, еңбек еткен адам мен еңбек етпеген адамның айырмашылығы аз болса, адамның еңбекке деген ынтасы да азаяды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Саясат №6 2004ж Қазақстандағы еңбек нарығы.
2. Ақиқат №7 2003ж Еңбек рыногы және жұмыспен қамту. Нұрақым Райхан.
3. Экономикалық теория. Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев. Алматы 2000ж.
4. Жалпы экономикалық теория. Шеденов Ө.Қ.,Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Алматы-Ақтөбе 2003ж.