Қаржы нарығы.
Жоспар
1. Қаржы нарығы, экономиканы дамытудағы оның маңызы. Қаржы нарығының функциялары 3
2. Қаржы нарығының құрылымы және оның сегменттері 6
3. Қаржы нарықтарының типтері 9
4. Қаржы делдалдары және негізгі қатысушылары 12
Әдебиеттер 16
1. Қаржы нарығы, экономиканы дамытудағы оның маңызы. Қаржы нарығының функциялары
Басқа нарықтардың (өндіріс құралдары нарығы, еңбек нарығы, тауарлар мен қызметтер көрсетулер нарығы және т.б.) құрамында нарықтық экономиканың базалық элементі болып саналатын қаржы нарығы, экономикалық қатынастар жүйесінде жетекші орын алады.
Қаржы нарығы – ақша және өзге қаржы активтері, нақты тауарлардың айналымына қатыссыз дербес айналатын, төтенше күрделі жүйе. Бұл нарық алуан түрлі қаржы құралдарымен операциялар жасайды, өзіндік қаржы институттарымен қызмет көрсетеді, тарамдалған және алуан түрлі инфрақұрылымдарға ие.
2. Қаржы нарығының құрылымы және оның сегменттері
Қаржы нарығы туралы неғұрлым толық түсінік алу үшін оның құрылымы мен негізгі элементтерін қарастыру қажет.
Қаржы нарығына ақша нарығы, капиталдар нарығы және бағалы қағаздар нарығы кіреді.(1-сурет). Ақша нарығында мерзімі бір жылдан аз қысқа мерзімді қаржы құралдары айналым жасайды. Капиталдар нарығында ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналым жасайды. Бағалы қағаздар нарығы ақша нарығы мен капиталдар нарығының бір бөлігі болып саналады, өйткені онда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналым жасайды.
3. Қаржы нарықтарының типтері
Экономиканы қаржылық бақылаудың халықаралық теориясы мен тәжірибесінде қаржы нарығының:
- ұйымдасқан;
- ұйымдаспаған екі негізгі формаларының ара-жігі ажыратылады.
Ұйымдасқан қаржы нарығы – бұл банкілер мен биржалар белгілеген белгілі бір ережелер бойынша жұмыс істейтін нарық.
Ұйымдаспаған қаржы нарығы, өзге каналдар, атап айтқанда, қаржы делдалдары – брокерлер, дилерлер, инвестициялық компаниялар және т.б. арқылы қаржы активтерінің айналым жасау аясын білдіреді. Қаржы нарығы, сол арқылы ақша қаражаттары, жинақтардың меншік иелерінен заемшыларға «құйылатын» көптеген алуан түрлі «каналдардан» тұратын қаржы нарықтары. Бұл каналдар теориялық тұрғыдан төмендегідей екі негізгі топқа бөлінеді:
4. Қаржы делдалдары және негізгі қатысушылары
Кредиторлардан заемшыларға қаржы ресурстарының қозғалуын, орналастыруын, құйылуын және онымен байланысты қаржы институттарының қызметін қаржы делдалдары деп есептеу қабылданған. Жаңа өндірістік ресурстардың пайда болуына ықпал ете отырып, қаржы делдалдығы экономиканы нығайтып, әл-ауқатты арттырады. Заемшыларға сатып алу күшін қамтамасыз ете отырып, қаржы нарықтары кредиторларға олардың активтері (жинақтары) бойынша кіріс алуға құқық береді. Демек, нақты активтерді тікелей иеленусіз жинақтарды, өнімді пайдалану мүмкін жағдайға айналады. Меншік құқығын және қаржы активтерін басқарудан бас тартусыз кіріс алуға болады және қажеттіліксіз нақты активтердің иегеріне және билік етушісіне айналады. Қаржы делдалдары, қоғамдағы ақша капиталын салааралық және өңіраралық қайта бөлу тетігін қамтамасыз ете отырып, маңызды халық шаруашылығының функциясын орындайды.