Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 8 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Халықаралық жұмыс күшінің қозғалысы


ЖОСПАР
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС КҮШІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ 3
1.1 Халықаралық жұмыс күші қозғалысының түсінігі және себептері 3
1.2 Еңбек ресурстарының импортшы – елдерінің иммиграциялық саясаты 4
1.3 Еңбек ресурстарының экспортшы – елдерінің эмиграциялық саясаты 6
1.4 Қазақстанның көші-қон саясаты 8

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС КҮШІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ
1.1 Халықаралық жұмыс күші қозғалысының түсінігі және себептері
Халықтық жалпы миграциясы ХХ ғасырдың екінші жартысында дүниежүзілік қоғамдастыққа тән құбылыс болды. Халықтың миграциясы адамдардың тұрақты тұрғын орнын ауыстырып белгілі бір аумақтың шекарасынан өтіп орын ауыстыруы немесе кері қайтып келуі болып табылады.
Халықаралық миграцияның бірнеше түрлері бар: еңбектік, жанұялық, рекреациялық, туристік және т.б.
Біз негізінен еңбектік миграция, халықаралық жұмыс күші нарығын қарастырамыз.

1.2 Еңбек ресурстарының импортшы – елдерінің иммиграциялық саясаты
Жұмыс күшін тартуға қажеттілігі бар еңбек ресурстарының импортшы елдері өздерінің иммиграциялық саясатын елге келетін еңбекші мигранттарының санымен сапалық құрамын реттейтін шараларға негіздейді. Жұмысшылар санын реттейтін құрал ретінде иммиграциялық квота көрсеткіші қолданылады. Ол импортшы елде жыл сайын саналып отырады.Иммиграциялық квота белгілі үйлесімен иммигранттардың әр түрлі категориялардың арасында бөлінуі мүмкін. Мысалы, АҚШ-нда 1995 жылы иммиграциялық квотаны төмендегідей бөлу қабылданды: 71%-АҚШ азаматтарының туыстары, 20%-АҚШ қажет ететін мамандар және 9%-басқа иммигранттар тобы. АҚШ-нда 1996 жылы қабылданған жаңа иммиграция туралы заң, иммигранттар үшін квота мөлшерін біраз кеңітті, бірақ олардың сапалық сипаттарына талапты күшейтті.

1.3 Еңбек ресурстарының экспортшы – елдерінің эмиграциялық саясаты
Халықаралық еңбек ұйымы экспортшы елдердің эмиграциялық саясатының мақсатын былай анықтады:
еңбек ресурстарының эмиграциясы жұмыссыздықты қысқартуға, еңбекші эмигранттардан валюталық қаржының түсуіне жағдай жасайды. Ол экспорттық және импорттық операциялардың тепе-теңдігін сақтау үшін қолданылады;

1.4 Қазақстанның көші-қон саясаты
Қазақстанның әлемдік экономикалық қауымдастыққа кең құқықты әріптес ретінде кіруі, басқа факторлармен қатар, халықаралық жұмыс күші көші-қоны деп аталатын көп қырлы үдеріспен тығыз байланысты.