Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Тип: Дипломдық жұмыс
Объем: 74 стр.
Год: 2013
Бастауыш сыныпта ойын технологиясының атқаратын ролі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 9
1.1 ОЙЫН – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ РЕТІНДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ РӨЛІ 9
1.2 ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 18
1.3 ОЙЫН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ 23
2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ САБАҚ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ 26
2.1 САБАҚТА ПАЙДАЛАНАТЫН ОЙЫННЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ СИПТТАМА 26
2.1.1 ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР 26
2.1.2 РӨЛДІК ОЙЫНДАР 35
2.1.3 ДРАМАТИЗАЦИЯЛАНҒАН, САНАМАҚ ОЙЫНДАР 37
2.1.4 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНДАР 40
2.1.5 ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАР 43
2.2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ КЕЙБІР ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 48
2.3 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСЫНА ТАЛДАУ 55
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62
ҚОСЫМША А 64
ҚОСЫМША Ә 66
ҚОСЫМША Б 72
ҚОСЫМША В 74
КІРІСПЕ
Егеменді еліміздің жас ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл,өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Жаңа он жылдық, жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында дайындалған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы – білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, адам капиталын дамыту үшін білім мазмұнын түбегейлі жаңғырта отырып, білім саласында кезек күттірмей тұрған мәселелерді шешуге оң ықпал ететіні сөзсіз [1.7].
1 ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1.1 ОЙЫН – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ РЕТІНДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ РӨЛІ
Қазіргі замаңғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ол – өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне, жаңалықтарына бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Егеменді еліміздің болашағы білім беру жүйесі мен мектептерге байланысты. Заман талабына сай қазіргі мектептерде білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жаңарту – білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Осы талапқа сай оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы оқушылар шығармаларын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дамыту, осыған орай оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, білім беру мен тәрбилеу – мұғалімдер алдындағы басты міндет.
1.2 ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ойын–бұл қоғамдық тәсілді меңгеру мақсатында, ситуациялық жағдайда, бағытты түрде іскерлігін көрсететін, өзін-өзі басқаруын жетілдіретін іс-әрекет. Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптасырады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді.
2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ САБАҚ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
2.1 САБАҚТА ПАЙДАЛАНАТЫН ОЙЫННЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ СИПТТАМА
2.1.1 ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР
Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады. Ал бүгінгідей, динамика ғасырында, оқу үрдісінде ойын алдыңғы орында, яғни, ойын технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ.
Педагогтар мен психологтар ойынның білім жүйесінің дағдарысында пайдасы мол екенін көріп, көп жылдардан бергі осы ойындар түрлерін сабақта кеңінен қолданауда. Кейбір елдерде осы бағытта мысалы, Америка ойын әдістемесін қолдануға «мамандануда», ал Франция болса «Драматизациялық» ойындар сферасында театрлық ойындардың саласында жұмыс жүргізуде.
2.1.2 РӨЛДІК ОЙЫНДАР
Адам өмірде өзiнiң жасаған әрекетiне әрдайым сенiмдi бола бермейдi. Рөлдiк ойын -ол ынталандырудың бiр түрi, қатысушы белгiлi жағдаяттарда өзiнiң iс-әрекетiн түрлiше көрсетуге мүмкiндiк алады. Түрлi нұсқадағы ойындар бiрнеше рет нақты әрiжеке сәттерiмен ойналады, топ мүшелерi ойынның жеке және жалпы сәттерiн талдауға мүмкiндiк алады, содан оны талдап өз iс-әрекеттерiнiң өмiрлiк бағыттарын анықтайды.
Ұйымдастырушының мiндетi – оқушының өзiне көзқарасын сырттан бақылап, оның осы жағдайдағы өзiнiң әлсiз және мықты жақтарын, жақсы қарым-қатынас үшiн ненi өзгерту керектiгiн түсiнуiне көмек көрсету.
2.1.3 ДРАМАТИЗАЦИЯЛАНҒАН, САНАМАҚ ОЙЫНДАР
Қазақ тілі сабағында драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді. Актерлер ретінде көбінесе басқа ұлттың балалары ойнаса, ал сарапшылар, кеңес берушілер ретінде қазақ балалары ойнайды.[15.17] Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы: драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
2.1.4 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНДАР
Кеңестік педагог А.С.Макаренко «Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі – ойыннан тұрады»,-деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен [17.27].
2.1.5 ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАР
Іскерлік ойындар арқылы бала түрлі оқиғаларға қатысып, еңбек, отбасылық, қоғамдық қатынастарға енуге әзірленеді. Енді отбасындағы өмірді түсінуге көмектесетін іскерлік ойыннан үзінділер келтірейік.
Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр. Іскерлік ойындар оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің бірі. Олар оқушыны қысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болады.
Іскерлік ойындар ойнағанда бала нақты оқиғалардың куәгері болып еңбек етуге отбасылық өмірге, қоғамдық қатынастарға әзірленеді.
2.2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ КЕЙБІР ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Ойынның педагогикада,оқыту үрдісінде алатын орны Платон заманынан белгілі болған XVIII ғасырдың өзінеде-ақ Ж.Ж. Руссо мен И.Г. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. [20.12]
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушының:
2.3 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСЫНА ТАЛДАУ
Осы дипломдық жұмыста қарастырылған ойын технология арқылы бастауыш сыныпта оқыту мәселелерін пайдалана отырып, біз эксперименттік-тәжірибелік жұмыс жүргіздік. Оқытудың ұтымды әдістерін қолдана отырып, оқушы білімін тұрақтандыруға, қызығушылығын арттыруға болады екенін көзіміз жетті.
Қазіргі заманда оқушы тек тындаушы, орындаушы ғана емес, енді ойлаушы, өз бетінше ізденуші, ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім сабақтағы негізгі мақсатқа бағыттаушы тұлға.[35.24] Әр сабақты жоспарлағанда есепті қарастыруды қамытса, оны өздігінен шығаруға ойындар (дидактикалық, қызықты, ұлттық) енгізуде маңызы зор. Соның дәлелі ретінде бастауыш сыныпта осы математика сабақты эксперимент барысында біз өткіздік.
Экперимент барысында шешілетін мақсаты:
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі күн талабына сай қоғам дамуының интеграцияланған бағыты мектепте оқытудың жаңа технологияларын көбейтіп, оны қолдана білуді қажет етеді.
Сонымен қатар, технологияның негізгі элементі – оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады.
Ойын технологияның өнімді болу үшін қолайлы жағдайлар құруы қажет: