Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Заңтану

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Қылмыстың криминологиялық сипаттамасы: түсінігі, құрлымы, мәні, түрлері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Қылмыс және қылмыстық әрекет 8
1.1 Қылмыс криминологиялық зерттеу объектісі ретінде 8
1.2 Ұйымдасқан қылмыс және қылмыстық әрекет 13
2 Қылмыскерлік 15
2.1 Қылмыскер және қылмыскерлік 15
2.2 Ұйымдасқан қылмыскерлік ұғымы 21
2.3 Қылмыскерлікті әлеуметтік құбылыс ретінде қарау 24
3 Қылмыскерлікті зерделеу 26
3.1 Қылмыскерлікті зерделеудегі мақсат, тану және бағалау 26
3.2 Қылмыскерлік туралы ақпарат көздері және оның көрсеткіштері мен коэффициенттері 28
3.3 Қылмыскерлікті қозғалыста зерделеу және әлеуметтік контексте зерделеу 31
3.4 Қылмыскерліктің «сыртқы» және «ішкі» сипаттамаларын зерделеу 37
3.5 Қылмыскерліктің латенттігін зерделелеу 40
4 Қазақстандағы қылмыскерліктің жалпы сипаттамасы 43
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Заманауи қылмыстылық қоғамның қатты алаңдаушылығын, тіпті, үрейін туғызып отырған мәселе болып танылады. Қылмыстылық үдерістерінің жағымсыз үрдістері, оның аса қауіпті түрлері мен нысандары туралы мәліметтер қорқыныш туғызарлық ауанда адам санасына сіңірілуде. Қоғамдық сананы қылмыстылыққа қатысты жай ғана алаңдаушылық қана емес, жаппай үрей туғызарлық ақпараттар бұғаулауда.
Әрине соңғы жылдары еліміздегі ауыр және аса ауыр қылмыстардың көбеюі, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстықпен байланысты қылмыстардың өсуі қарқынды сипатқа ие отыр. Сот тәжірибесінің материалына сүйенсек, қазіргі кезде қоғамның даму бағытының өзгеруіне байланысты бұрын жасалынбаған жаңа қылмыс түрлері орын алуда. Әсіресе меншікке, экономикалық қатынастарға, қоғам қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жиі кездеседі.
«Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы»[1] қылмыстылық туралы көзқарастарға негізделіп, қылмыстылық мәселесін ең алдымен құқықтық құралдардың көмегімен шешуге бағытталған. Оны осы тұрғыдан шешу үшін алдымен қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасын беру қажет. Қылмыстарға криминалистикалық тұрғыдан сипаттама беру бұл қоғамдағы орын алған қылмыстардың деңгейін және ондағы олқылықтарға орын берудің мәселелерін қарастыру, оның ғылыми негізделгендігінің, өскелең заманауи сұраныстарды қамтуға бүгінгі күндегі қылмыскерлік деңгейді төмендетуге даярлығының әлсіздігін және бұқаралық (демократиялық) негіздерінің осалдығын көрсетеді деп пайымдаймыз.

1 Қылмыс және қылмыстық әрекет
1.1 Қылмыс криминологиялық зерттеу объектісі ретінде
Қылмыскерлік біздің санамызда бәрінен бұрын әртүрлі қылмыстар түрінде көрініс табады. Сондықтан қылмыскерлік туралы мәселені қарауды қылмыстан бастаған жөн.
Қылмысты қылмыстық кұқық тұрғысынан да, криминолология және криминалистика тұрғысынан да қарауға болады.
Қылмыстық – құқықтық тәсілде қылмыс айыпты адамның қылмыстық тыйымды бұзған өзінше оқшауланған актісі ретінде талданады. Назар бұл жерде қылмыс құрамын оның төрт элементі арқылы талдау жағына аударылады. Ол элементтер: объект, обьективтік жақ, субъект және субъективтік жақ. Қылмысты жасау сатылары қылмыстық-құқықтық критерийлер негізінде бөлініп алынады.

1.2 Ұйымдасқан қылмыс және қылмыстық әрекет
Ұйымдасқан қылмыс -жоспарланған, алдын ала ойластырылған, әдейі қасақана жасалатын қылмыс. Мұндай қылмысты жеке адам да, топ та жасауы мүмкін. Шешім қабылдау кезеңінде қылмыс жасаудың жоспары ойластырылады. Егер қылмысты бірнеше адам жасайтын болса, алдын ала олардын рөлдері бөлінеді: сыбайластардың біреуі қылмыс объектісін іздестіреді, екіншісі -қылмыс құралын, қажетті керек-жарактарды табады, үшіншісі -қылмыс орнынан тез кетіп қалу үшін және ұрлаған заттарын алып кетуге кажетті көлікпен қамтамасыз етеді, төртіншісі -қауіпсіздік жағын ойластырады, бесіншісі -қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатумен, қылмыстан түскен табысты зандастырумен айналысады. Криминологиялық талдама жасалғанда рөлдерді бөлісу жоспарының кандай болғандығын, қылмыс жасалған кезде дәл солай болды ма, басқаша болса -не себепті өзгерді, нақты қандай әрекеттер жасалды, соны анықтау керек.

2 Қылмыскерлік
2.1 Қылмыскер және қылмыскерлік.
«Қылмыскерлік» ұғымы көбіне қылмыстың көптігі туралы, олардың статистикалык жиынтығы туралы сөз болған жағдайда қолданылады .
Бұл -қылмыскерлік анықтамасын ең карапайым да түсінікті ыңғайда беру. Шындығында, қылмыскерлік көптеген қылмыстар арқылы ғана неғұрлым айқын көрініс табады. Қылмыскерліктің қылмыстың жекелеген түрлерімен салыстырғандағы ерекшелігі -оның жаппайлығында. Жаппай болған жағдайда кандай да бір құбылыстың саны статистикалык,талдауға келеді, нәтижесінде белгілі бір статистикалық зандылық анықталады.

2.2 Ұйымдасқан қылмыскерлік ұғымы.
«Ұйымдасқан қылмыскерлік» ұғымы «ұйымдасқан қылмыс», «ұйымдасқан топ», «ұйымдасқан қылмыстық әрекет», «ұйымдасқан қоғамдастық» сияқты басқа ұғымдармен байланысты. Барлык жерде «ұйым», «ұйымдасқан» сөздері пайдаланылады. Бұрындары «ұйымдасқан қылмыс» және «ұйымдаскан қылмыстық әрекет» жайында айтылатын. Оның субъектілері жекелеген адамдар және адамдар тобы, онын ішінде ұйымдасқан құрамалар: ұйымдасқан топтар, бандалар, қылмыстық ұйымдар мен қылмыстық қоғамдастық болуы мүмкін [13, 122 б.].

2.3 Қылмыскерлікті әлеуметтік құбылыс ретінде қарау
Сонымен, қылмыскерлік -біршама дербес, тұтас, қоғамға едәуір қауіпті құбылыс. Ол қоғамның әр түрлі салаларына, әр түрлі қоғамдық қатынастарға тараған.
Мынаны ұмытпау керек: қылмыскерлік -қоғам ағзасындағы жат дене емес, ол оның сипаттамаларының, ондағы бар қатынастардын өзінше өзгеруінің нәтижесі, тірі ағзадағы рак ісігі сияқты онын қайта пайда болуы.
Ракпен ауырған бауырды алып тастау - адамды өмірден айыру. Қылмыскерлік қанша етек жайса да қоғам адамдардың өмірлік маңызы бар мүдделерін қамтамасыз етуге тиіс.

3 Қылмыскерлікті зерделеу
3.1 Қылмыскерлікті зерделеудегі мақсат, тану және бағалау.
Қылмыскерлікті криминологиялық зерделегенде мыналар айқындалады:
- қылмыскерліктің жағдайы мен үрдісін бағалау, онымен күрестін бағытын анықтау мақсатында онын орын мен уақыттың нақты жағдайларында жалпы таралуы және қоғамға қауіптілігі;
нақты алдын алу шараларын дайындау мақсатында қылмыскерліктін туындауы мен орын алуыньщ ерекшелігін көрсететін әлеуметтік сипаттамалар (сылтау, әлеуметтік-бағыттылық, әлеуметтік-топтык, әлеуметтік-сапалық, әлеуметтік-аумактық көп таралғандығы);

3.2 Қылмыскерлік туралы ақпарат көздері және оның көрсеткіштері мен коэффициенттері.
Қылмыскерлік туралы ақпарат көздері:
а) статистикалық есептер:
ІІМ-нің, прокуратураның, басқа да құқық қорғау органдарынын, оның ішінде: тіркелген қылмыстар туралы; қылмыс жа-саған адамдар туралы, ҚК-нің барлық баптары тұрғысынан алғанда тіркелген қылмыстар мен айқындалған қылмыскерлер туралы деректер бар ІІМ-нің №1г формасы, ІІМ-нін № 1а, № 3, № 5 формалары, басқа басқа формалар;
соттар мен әділет органдарынын, оның ішінде: соттардың жұмысы туралы есеп; қылмыстық жауапқа тартылғандардың саны және қылмыстық-жазалау шаралары туралы есеп; сотталғандардың күрамы, қылмыс жасау орны туралы есеп; кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасағандар туралы есеп, кажет болған жағдайда -сот статистикасының басқа да формалары;

3.3 Қылмыскерлікті қозғалыста зерделеу және әлеуметтік контексте зерделеу.
Қылмыскерлік көзғалыста зерделенеді. Талдамалардың мынадай түрлері болады:
а) ағымдағы- қылмыскерлік туралы бір жылдық мәліметтерді алдыңғы жылдардағы мәліметтермен салыстыру;
ә) жүйелі түрде- қылмыскерлік жылдарға жіктеліп талданады, бұл ретте белгілі бір кезендер (бес жылдық, он жылдық) немесе қоғам дамуының белгілі бір кезендеріне- қайта құруға, реформаға және т.б. сәйкес келетін кезендер бөлініп алынады;
б) егер ондай кажеттілік болса- қылмыскерліктің маусымдық тұрақсыздығы. Ол, мысалы, курорттық орындарда, туристік орталықтарда керек болады.

3.4 Қылмыскерліктің «сыртқы» және «ішкі» сипаттамаларын зерделеу
Қылмыскерліктің «сыртқы» сипаттамасын зерделеу оның коп таралғандығын талдаудан басталады. Бұл ретте мына жағдайлар анықталады: а) қылмыскерліктін деңгейі (тіркелген қылмыстар және қылмыс жасап анықталған адамдар туралы абсолюттік мәліметтер); ә) қылмыскерліктін қаркындылығы (халықтын белгілі бір санына есептелген коэффициенттер).
Қылмыскерліктің жалпы кең таралгандыгы бір жылда тіркелген қылмыстардыңжалпы саны немесе айқындалған қылмыскерліктердің жалпы саны бойынша аныкталады.

3.5 Кылмыскерліктің латенттігін зерделеу
Қылмыскерліктің латенттігі өте жоғары. Тіптен, адам өлтіру орын алған кейбір жағдайларда ол адам өзін-өзі өлтірді деп көрсетіліп, қылмыстың ізі жойылып, мұқият бүркемеленеді. Егер қылмысты ұйымдаскан және кәсіби топ жасаса, онда латенттік деңгейі жоғары болады.
Криминологтар мынадай тұжырымға келіп отыр: қанша латентті болғанымен, «жалпы қылмыстық» қылмыстар статистикада толығырақ керсетіледі. Ал экономикалық қылмыскерлік 1 - 5% шамасында ғана көрсетіледі, одан оның қандай үрдісте екендігін анықтау мүмкін емес. Бірақ егер, мысалы, айрықша ірі мөлшерде ұрлаудың тіркелген саны, аса қауіпті контрабанда фактілерінің саны артса - бұл мұндай фактілердің кеп екендігін көрсетеді. Егер ол сол іздеген жерде жоқ болса, алтын түйіршігін қанша іздегенмен табылмайды [25, 187 б.].

4 Қазақстандағы қылмыскерліктің жалпы сипаттамасы
Қазақстанда қылмыскерліктің жалпы таралуы және қылмыскерліктің өзге «сыртқы» сипаттамалары.
Қылмыскерліктің кең таралғандығының жалпы көрсеткіштеріне оның деңгейін (тіркелген қылмыстар мен айқындалған қылмыскерлердің абсолюттік саны), Сондай-ақ өсу қарқының (қылмыскерліктің коэффициенттерін) жатқызуға болады.
Е.Қайыржановтың тұжырымдауынша, қылмыскерліктің ахуалын анықтау үшін оның сандық көрсеткіштерін қолдану керек .[6, 19б.].

ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмыстың тақырып аясында жүргізілген зерттеулер мен пайымдаулар келесідей негізгі қорытындылар жасауға мүмкіндік берді.
Үшінші мыңжылдық табалдырығында осыған дейін мұрат еткен әлеуметтік күтулері мен қол жеткізген жетістіктерін бағамдай келе, адамзат баласы позитивтік ғылымның ғылыми техникалық прогресс жолында адам мен қоғам дамуының рухани факторларын техногендік факторлардың тасасында қалдырудың қатерлілігін айқын сезінуде.