Сөз тіркесінің құрылымдық-мағыналық түрлері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Сөз тіркесі синтаксисі және оның зерттеу объектілері 7
1.1 Сөз тіркесінің басты ерекшеліктері 7
1.2 Сөз тіркесінің құрамы мен құрылысы 13
1.3 Сөздердің байланысу формалары мен тәсілдері 16
1.4 Жатыс жалғаулы сөз тіркесінің ерекшелігі 24
2 Сөз тіркесінің түрлері және оның байланысу жолдары 29
2.1 Есімді сөз тіркестері 29
2.2 Етістікті тіркестер 40
2.3 Табыс, барыс жалғаулы сөз тіркестері 59
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66
КІРІСПЕ
Сөз тіркесі синтаксисі мен сөйлем синтаксисі өз алдына жеке-жеке сала болып қарастырыла басталғалы сөз тіркестерінің көптеген мәселелері терең қозғала басатады. Оның өзі кейінгі жылдардың жемісі еді. Ең алдымен сөз тіркесінің ережесі, олардың тіркесу амалдары мен байланысу формалары жайында көптеген пікірлер айтыла бастады. Грамматиканың синтаксис саласының қарастыратын негізгі мәселелері: сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемдегі сөздердің байланысу амалдары мен формалары.
1 Сөз тіркесі синтаксисі және оның зерттеу объектілері
1.1 Сөз тіркесінің басты ерекшеліктері
Сөз тіркесі жөнінде жүйелі зерттеулердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын тәртібін көбірек сөз қылды да, ал сөз тіркесіне байланысты мәселелер онша ауызға алынбады. Түркі тілдерінің сөз тіркестері тек кеңес дәуірінде ғана зерттеліне басталды. Орыс тілінде сөз тіркестерін тұңғыш қолға алған В.В. Виноградов сөз тіркестерінің түрлері, байланыс формалары және олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екендігін айтады.
1.2 Сөз тіркесінің құрамы мен құрылысы
Сөз тіркесінің құрамында екі компонент болады: бірі - басыңқы бөлегі - сөз тіркесін құраудың бас арқауы, екіншісі - бағыныңқы бөлегі - сөз тіркесінің желісі, оның басыңқымен сабақтасқан бөлегі.
Сөз тіркесіне берген анықтамамызда оның кемінде толық мағыналы екі сөзден құралатыны айтылды.
Сөздер сөз тіркесінің құрамына енгенде, жаңа лексикалық мағына тумайды, қосымша грамматикалық мағына пайда болады. Сондай қатынас - қосымша грамматикалық мағына, толық мағыналы сөздердің ғана тіркесінде пайда болуы мүмкін. Сондықтан сөз тіркесінің құрамында толық мағыналы сөздер болуын - сөз тіркестерін құраудың басты шарты деп қараймыз.
1.3 Сөздердің байланысу формалары мен тәсілдері
Сөз тіркестерін құрастыру - сөздердің «теңін» тауып қиюластыру деген сөз. Өз ара қиюласа алатын сөздер ғана сөз тіркестерін құрай алады. Олар - мағыналық үйлесімі бар сөздер. Мағыналық үйлесімі жоқ сөздер сөз тіркесін құрай алмайды, мысалы, көрік сәзімен қыз, әйел, келіншек, адам сөздері тіркеседі: қыздың көркі, әйелдің көркі, келіншектің көркі, адам көркі. Ол сөз ауыспалы мағынада ағаш, жаз сөздерімен де тіркеседі: ағаш көркі (жапырақ...), жаздың көркі («Жаздың көркі енеді жыл құсымен, жайраңдасып жас күлер құрбысымен») (Абай). Соңғылар анау айтқан табиғи байланыстағы сөздер емес, поэтикалық талғам негізінде «қолдан» үйлестірілген сөздер тобы.
Сөздердің өз ара тіркесу қабілеті бар-жоқтығы, осылай, логикалық талғамға, сөздердің тілде жұмсалу дәстүріне негізделеді.
1.4 Жатыс жалғаулы сөз тіркесінің ерекшелігі
Көлемдік қатынасты білдіретін етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы компоненті қызметінде жатыс септігіндегі сөздер қолданылады. Тіл жүйесінде көлемдік және мезгілдік мән астасып жатады, оның себебі, көпшілігінде грамматикалық формаларының біркелкі болып келуімен байланысты. Сонымен бірге мынадай ерекшелік байқалады: бір ғана сөздің әрі көлемді, әрі мезгілдік мәнде қолданылуы сирек ұшырасады. Бұл реттегі байырғы тәсіл, сірә, мекендік қатынаста лексикалық мәні мекенді, орынды білдіруге лайық сөздер, мезгілдік қатынасты лексикалық семантикасы уақытпен байланысты сөздер жұмсалса керек. Қазіргі тілде жатыс септігі осы екі түрлі қатынастың да грамматикалық көрсеткіші ретінде қолданылып жүр.
2 Сөз тіркесінің түрлері және оның байланысу жолдары
2.1 Есімді сөз тіркестері
Сөз -тілдің қалыптасып, дамуының ең негізгі тірегі. Тілдің дыбыстық жағы да, мағыналық жағы да, морфемалық құрамы да, синтаксистік байланысы да-бәрі сөз арқылы өрбиді. М.Балақаев сөздің лексикада лексема, морфологияда сөз таптарының бірі, синтаксисте сөйлем мүшесі, фразеологияда тұрақты тіркестердің сыңарлары ретінде жұмсалатынын ерекше атап өткен [11, 56]. Сөздің тіл қабаттарында алатын орны ерекше. Тіл дыбыстары сөз арқылы мағыналық қасиетке ие болса, мағына сөз арқылы лексикалық, грамматикалық қасиетке ие, морфологиялық құрылым сөз арқылы жалпы лексикалық, жалпы грамматикалық қасиетке ие, морфологиялық құрылым сөз арқылы лексика-грамматикалық, категориялық, грамматикалық қасиетке ие, синтаксистік байланыс сөз арқылы салаластық, сабақтастық қасиетке ие. Тілдің құрылымдық жүйесі сөз арқылы бірімен-бірі осылай өте тығыз байланыста, бірлікте жұмсалады. Бұдан сөздің жан-жақты қырларын танып білуге болады.
2.2 Етістікті тіркестер
Етістікті сөз тіркестерінің грамматикалық арқауы етістік болады да, сол құрамда басқа сөздер етістіктің маңына топтанады. Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ та, етістіктердің сөз тіркесін құрау қабілетінің молдығы байқалады. Етістіктермен тіркесетін сөздер де көп: олармен есімдердің барлық түрлері, сондай-ақ үстеулер, көсемшелер, шылаулы есімдер тіркесе алады. Бұл сөздердің етістіктермен тіркесу дәрежесі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сол сияқты мағыналық қатынастары да әр түрлі болып отырады.
2.3 Табыс, барыс жалғаулы сөз тіркестері
Табыс жалғаулы сөздерді керек ететін етістіктер – сабақты етістіктер. Қазақ тілінде сабақты салт етістіктің тұлғалық айырмашылығы болғанмен, оларды мағыналық ерекшеліктеріне қарап, табыс жалғаулы есімдердің олармен тіркесе алатын не тіркесе алмайтынына қарап, айыруға болады. Мысалы: кес, ұр, шап, ал, бер, шақыр сұра, сой, қама, жаз, оқы, бас, сана, таста, көзде, қолда, кемі, тыңда, жібер, қала, жама, тік, іш, же. Кісінің қимыл-әрекетін, ісін білдіретін етістіктер сабақты болады да, күл, қуан, қайғыр, жыла, шошы, есіне, жалық, ауыр, терле, тоң, шомыл, тырыс, шаттан сияқты кісінің көңіл-күйін білдіретін және маңыра,ұлы, бозда, кісіне, мөңіре, сайра,тула, ақса, ойнақта, жоғарыла, жел, жорт, күркіре, бұзаула сияқты, кісінің не басқа заттың қимылдық күйін білдіретін етістіктер салт болады. Бұларға етіс жұрнақтары жалғанып, сабақты етістік салтқа, салт етістік сабақтыға ауыса береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сөз тіркесі, сөз, сөйлем грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі бар ерекше топтарын –грамматикалық единицалар деп атаймыз.Олардың басты топтарына –сөз тіркесі, сөйлем жатады. Сөздің өмірі сөз тіркесінің ішінде, сөз тіркесінің өмірі-сөйлемнің ішінде. Сөйтіп, сөз тіркесі дегеніміз-сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын синтаксистік единица.
Жоғарыда сөз тіркесі туралы ғалымдардың пікірлері әр алуан екендігін айттық. Өзара байланыстағы бұл үш категорияның айырмашылықтары болуымен қатар, олардың ортақ қасиеттері де баршылық.