Сөз тіркесін дамыта оқытудың әдіс-тәсілі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Дамыта оқыту – шынайы өмірдегі, болмыстағы дамудың заңдылықтарын негіз етіп алатын процесс 8
1.1 Дамыта оқыту технологиясының болмысы 8
1.2 Сөз тіркесін дамыта оқыту процесі 14
1.2.1 Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясындағы теориялық деңгейде берілетін білім мазмұны 27
1.3 Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясында логиканы қолдану арқылы оқушылардың теориялық ойлауын дамыту 29
2 Сөз тіркесін дамыту оқыту технологиясындағы әдіс-тәсілдер 34
2.1 Оқушыларды шешендікке баулу әдістері мен жаттығулар жүйесінің ерекшеліктері 34
2.2 Сөз тіркесін орта буын сыныптарда оқытуға арналған жаттығулар 42
2.3 Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жаттығулары мен диктант түрлері, графикалық модельдер жүйесі 44
2.4 Сөз тіркесін дамыта оқытуға арналған дидактикалық картиналар мен дидактикалық карточкалар 48
2.4.1 Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы сыныптан тыс жұмыстар және факультатив сабақтар 49
2.5 Қызмет теориясы - дамыта оқыту технологиясының негізі 49
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 60
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді қажет деп атап көрсетеді және оқытудың жаңа технологияларының табиғатын терең танып, оларды оқыту процесіне тиімділікпен енгізу жолын негіздейді. Бұл жаңа бағыт оқытудың нәтижесін алдын ала болжап және сол арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуға қатысуын мүмкін етеді.
Қазақстан мектептеріндегі білім беру жүйесінің дамытушы жаңа бағытты таңдауы, негізінен, «Қазақстан-2030» стратегиялық құжаттарында «Білім беру» бөлімінде көрсетілді [1]. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы Білім Заңында [2] және «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің 2003 жылғы даму Концепциясында» [3] білім беруді сапалы дамыту мәселелері тек әлеуметтік қана емес, елдің экономикалық та дамуының негізі ретінде танылған. Мұндай мақсатқа жетуде білім беру жүйесі, оның ішінде орта білім беру жүйесі үлкен орын алады. Үкіметіміздің елді дамытудағы перспективалық қызметі мен қазіргі мектепте білім беру арасында қайшылықтар пайда болып отырғанын қазіргі кезде мектеп жүйесін басқарушы органдар да, білім беру жүйесінде қызмет ететін әдіскер-ғалымдар да, мұғалімдер де, ата-аналар да айқын сезінуде.
1 Дамыта оқыту – шынайы өмірдегі, болмыстағы дамудың заңдылықтарын негіз етіп алатын процесс
1.1 Дамыта оқыту технологиясының болмысы
Педагогикалық технология ұғымы бүгінгі күні оқыту аясына тұрақты еніп болды. «Педагогикалық технология» деген ұғымның эволюциясы туралы мынаны айтуға болады. Алғашқы кезең – ғасырдың 40-50 жылдарын қамтиды. Мұнда «Білім беру технологиясы» термині, негінен, оқыту барысында қолданылатын көру-есту құралдарын білдірді. Екінші кезең – осы ғасырдың 50-60 жылдары десе болады. Бұл кезеңдегі «білім беру технологияы» дегеніміз программалап оқытуды танытатын еді. Үшінші кезең – ғасырдың 70 жылдарын қамтиды. Мұнда бұл термин алдын ала айқын белгіленген мақсаттарға жету үшін ұйымдастырылған жобалық оқу процесін білдіретін болды. Төртінші кезең – ғасырдың 80 жылдарынан бастап, осы кездегі «білім беру технологиясы» дегеніміз оқыту процесінде компьютер мен ақпараттық құралдарды пайдалану барысын танытады [4, 25].
1.2 Сөз тіркесін дамыта оқыту процесі
Таным теориясы сөз тіркесін дамыта оқыту әдістемесіне негіз бола отырып, теориялық және эмпирикалық деңгейлердің, ойлаудың жалпы заңдылықтарын танытады. Таным – адамдардың шығармашылық қызметінің қоғамдық-тарихи процесі. Сол процесс өтуі барысында адамда білім қалыптасады. Ал білім болса, адамда іс-әрекеттердің мақсаты мен уәжін қалыптастырады. Оқушыға өз ана тілінің жүйесін құраушы бір бөлшегі – сөз тіркесін оқыту барысы, сонда, көпқырлы қызмет атқарады. Біріншіден, оқушы тілде қалыптасып, нормаға айналған сөз тіркесінің ондаған модельдерін тану арқылы оның жасалу жолдарын, қызметін танитын болса, екіншіден, өзіне дейінгі жинақталған сөз тіркесі туралы білім қорын игеру арқылы дүниетаным қызметі процесін басынан кешіреді, алынған білімі бұрынғы білім қорымен байланыса келе, жаңа көзқарастар пайда болады, сөйтіп, таным процесі шексіз жүргізіле береді. Таным теориясына сүйенсек, бұл процесті былайша түсінуге болады. Білімнің заттану формасының түрлілігі тек жаңа, табиғатта беймәлім объектілерді туғызып қана қоймайды. Сонымен бірге, танымдық қызметтің жаңа объективті шарттарын да туғызады. Ол шарттар болса, әрбір кезеңнің, дәуірдің таным көкжиектерін, мүмкіндіктерін, шегін де көрсетеді.Сөз тіркесінің тіл білімінде кеш танылуы да осы айтқанды дәлелдей алады. Заман дамуының әр сатысында таным мүмкіндіктері кеңеюі таным әдістерінің қолдануына байланысты болады. Таным әдістерінің танылуы мен қолдануы ойлаудың даму сатысы биіктегенінің әрі көрсеткіші, әрі жемісі болып табылады [10, 5].
1.2.1 Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясындағы теориялық деңгейде берілетін білім мазмұны
1-блокта қарастырылатын тақырыптар: Синтагма туралы түсінік. Тіркесім. Тіркесімдік қабілет. Сөздердің лексикалық және синтаксистік тіркесімділігі. Сөз тіркесі – ерекше тілдік таңба. Сөз тіркесі және тіркес түрлері. Сөз таптары және сөз таптарының тіркесімділігі, сөз таптарының валенттілігі. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Сөз тіркесінің байланысу түрлері. Сөз тіркесінің типтері. Сөздердің салаласа және сабақтаса байланысу ерекшеліктері. Предикаттық сөз тіркесінің ерекшеліктері. Сөз тіркесі және сөйлем. Сабақтаса байланысқан сөз тіркесі модельдері. Есімді және етістікті сөз тіркестері. Анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері. Сөз тіркесі синонимиясы. Сөз бен ұғым.
1.3 Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясында логиканы қолдану арқылы оқушылардың теориялық ойлауын дамыту
Логиканың дамуы қазіргі кездегі кибернетика ғылымын туғызып, ғылым салалары іштей саралануына, болмаса ғылымдардың бірігіп интеграциялануына негіз қалап жатыр. Соңғы жылдарда логиканы педагогикада қолдану мәселелері күн тәртібіне қойылып, жан жақты қарастырылып келеді [29]. Бұл мәселе тек жалпы педагогикаға ғана емес, жекелеген пәндерді оқыту салалары үшін де тиімді бағыт болмақ. Логиканы қолданудың тілді оқыту үрдісінің байланысты қырлары көп және осы уақыт талабына сай қарағанда, өзекті мәселе. Қазақ мектебінде сөз тіркесі синтаксисін оқытуда оқушыларға логика ғыымының элементтерін меңгерту әдістерін зерделеудің себептері жетерлік. Біріншіден, синтаксис ойлаумен тікелей байланысты тілдік жүйе. Екіншіден, зерттеу жұмысымыз дамыта оқыту арқылы оқушылардың теориялық ойлауымен тілін дамыту болғандықтан, логиканың элементтерін оқушыға игерту жолдарын қарастыру міндетті болады.
2 Сөз тіркесін дамыту оқыту технологиясындағы әдіс-тәсілдер
2.1 Оқушыларды шешендікке баулу әдістері мен жаттығулар жүйесінің ерекшеліктері
Шешендікке баулу туралы қазақ тілін оқыту әдістемесінде қарастырылып келеді. Бірақ, олар жоғары мектепке арналғандықтан, мектеп оқушылары үшін арнайы қарастырылған жұмыстар енді көріне бастады. 1993 жылдан бері мектептер мен студенттерге «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсы бойынша оқылған «Оқушыларды шешен сөйлеуге баулу әдістемесі» 8 жыл бойы автордың өзіндік бағдарламасы Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатта 1996-2001 жылдары тәжірибеде қолданылып, Алматы қаласы мен Ақтөбе облысының көптеген мектептерінде де тәжірибеде қолданылды. Соның нәтижесінде, 8-11 кластарға арналған авторлық бағдарлама, шешендік өнерді меңгертуші мұғалімдерге әдістемелік нұсқау жасалып [37, 12], оқушыларға арналған оқу құралы жазылу үстінде.
2.2 Сөз тіркесін орта буын сыныптарда оқытуға арналған жаттығулар
Орта буын сыныптардың өзін біз арнайы түрде екі деңгейге бөлдік. Мұның себебі – 5-6 сыныптардағы және 7-8 сыныптардағы оқу материалының мазмұны сөз тіркесімен жанама және тікелей байланыстылығы.
5-сынып
5-класта оқушылар қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, лексикасын және грамматикалық жүйесін курс ретінде игере бастайды. Қазақ тілінің сөз тіркесіне байланысты оқушыларға грамматикалық қосымшалардың сөздерді байланыстырудағы қызметі мен сөздердің ішкі мағыналық құрылымының синтаксистік байланыстар жасаудағы маңызды орнын танытатын жаттығуларды орындату қажет. 5-сыныптан бастап оқушылар қазақ тілінің ғылыми курсының негіздерін жүйелі түрде меңгере бастайды. В.Ф.Паламарчуктың оқушылардың ойлауын қалыптастыру мен дамытудағы басты принцип – жүйелілік принципі деген пікірі бар [52]. Оқушылар ойлауын дамытудың барлық негізгі компоненттері – мақсаттылық, мазмұндық, операционалдық, мотивациялық, бақылау-түзетушілік – өзара жүйелді түрде байланысты болады.
2.3 Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жаттығулары мен диктант түрлері, графикалық модельдер жүйесі
Сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру бағыты – дидактиканың оқытудағы белсенділікті дамыту принципінен туындайды. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға байланысты жасалған жаттығулар жүйесі оқушының мұғалімнің бағыт-бағдар беріп отыруы арқылы өз бетімен орындайтын танымдық қызметіне сүйенеді. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауындағы танымдық белсенділігі олардың жас ерекшелігі және соның негізінде машықтанатын танымдық іскерліктері мен дағдылары арқылы танылады. Оқушылардың танымдық белсенділігінің биік деңгейі – жаңа оқу материалын түсіндіу барысында, білімді бекітуде, қайталауда, жаттығуларды орындау барысында байқалады.
2.4 Сөз тіркесін дамыта оқытуға арналған дидактикалық картиналар мен дидактикалық карточкалар
Сөз тіркесін дамыту оқытудың дидактикалық құралдарының қатарында дидактикалық картиналар жүйесі мен дидактикалық карточкалар қолданылды. Дидактикалық картиналарды қолдану, негізінен, бастауыш сыныптар мен 5-6 сыныптарға арналған. Ал, дидактикалық карточкаларды қолдану 5-8 сыныптарға арналды. «Дидактикалық материалдар – оқу материалының бір түрі...» [63]. Дидактикалық материалдар сөз тіркесінің жекелеген белгілерін тану деңгейін тексеру үшін жеке оқушылармен орындатылады. Дидактикалық картиналар мен дидактикалық карточкаларды сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясында қолдануда олардың дидактикалық, психологиялық, әдістемелік аспектілері тұрғысынан негізделуі қажет:
2.4.1 Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы сыныптан тыс жұмыстар және факультатив сабақтар
Әрбір оқушының танымдық қызығушылығын, «білсем» деген құштарлығын, білімге деген сүйіспеншілігін дамыту – әр мұғалімнің алдында тұрған маңызды да қажетті міндеттің бірі. Осындай үлкен міндетті шешу сабақта да, сабақтан тыс уақытта да жүзеге асырылып жатады. Оқушылардың лингвистикалық қызығушылығын дамыту және соны әрдайым жетілдіріп отыру үшін, осыған бағытталған жұмыс жүйесі болуы керек.
2.5 Қызмет теориясы - дамыта оқыту технологиясының негізі
Л.С.Выготскийдің қызмет туралы пікірін терең дамытқан А.Н. Леонтьевтің талдауы, қызмет табиғаты туралы шын мәніңдегі психологиялық ілімге айналды. Психиканы зерттеуге тарихи-генетикалық тұрғыдан келу жолын ұстанған А.Н.Леонтьев адам психикасын «қызметтің ерекше формасы ретіңде яғни материалдық өмірдің, қоғамдық-тарихи даму барысында ішкі қызметке, сананың қызметіне айналатын сыртқы материалдық қызмет дамуының жемісі мен дериваты ретіңде қарастырады; бұл ретте зерттеудің басты міндеті – қызметтің құрылымы мен оның интериоризациялануын тану болып белгіленеді».
ҚОРЫТЫНДЫ
Таным - адамдардың шығармашылық қызметінің қоғамдық-тарихи процесі. Сол процесс өтуі барысында адамда білім қалыптасады. Ал білім болса, адамда іс-әрекеттердің мақсаты мен уәжін қалыптастырады. Оқушыға өз ана тілінің жүйесін құраушы бір бөлшегі - сөз тіркесін оқыту барысы, сонда, көпқырлы қызмет атқарады.
Эмпирикалық деңгейде алынған білім арқылы танымның объектісі болып отырған нәрсенің, құбылыстың жекелеген қырлары анықталады. Ол белгілер практикалық өмірде белгілі бір орын алады және нәрсенің, құбылыстың басқа аспектілерінен дерексізденуі арқылы айрықшаланып тұрады. Бір ғана нәрсенің, құбылыстың өн бойында түрліше эмпирикалық белгілер, қатынастар өмір сүретіндіктен, ол нәрсе эмпирикалық танымның да түрлі қырдан келуіне мүмкіндік береді.