Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиет

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Қазақ шығармаларындағы ұлттық таным мен дәстүр


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Шерхан Мұртаза шығармаларындағы ұлттық таным мен дәстүр 6
1.1 Мүшел немесе «он үште отау иесі» 6
1.2 Өлім жітімге байланысты ырымдар 7
1.2.1 Қаралы үй қара жамылады 7
1.2.2 Жоқтау – қайғы мен қасірет зары 8
1.2.3 Қазаның артта қалғандарына амандық берсін 10
1.3 Жеті қазына 10
1.4 Жар –жар 12
1.5 Бала асырау 14
2 Дулат Исабеков пен Әбіш Кекілбаев шығармаларыңдағы ұлттық таным мен дәстүр 15
2.1 Тасаттық немесе – құдайы садақа 15
2.2 Сүндетке отырғызу – ер жеткеннің белгісі 17
2.3 Енші беру 18
2.4 Сүйінші 19
3 Ш.Мұртаза, Д.Исабеков пен Ә.Кекілбаев еңбектеріңдегі ұлттық танымның ұқсастықтары 20
3.1 Құдайы нан – жеті нан 20
3.2 Киелі ораза 21
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе
Кустық жұмыстың мақсаты мен міндеті: курстық жұмысқа арқау етіп алған үш жазушының шығармаларындағы әдет-ғұрыптарды зерттеу болып табылады. Олардың мәні мен мағынасын ашып жан-жақты қарастыру.
Кустық жұмыстың нысаны: Шерхан Мұртаза, Дулат Исабеков пен Әбіш Кекілбаев сынды ірі тұлғалардың шығармаларында кездесетін ұлттық танымы бар салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар.
Кустық жұмыстың өзектілігі: өзектілігіне тоқталатын болсам бұл жерде оның өзектілігі біздің қазақ халқымыздың салт-дәстүрлерін ұмытпау, жадымызда сақтау болып табылады.
Кустық жұмыстың тұжырымы: курстық жұмысты орындай келе қазақы салт-дәстүрлеріміздің бізге берер тәрбиелік мәнінің зор екеніне тағыда көз жеткізіп, дәлелдеу.

1 Шерхан Мұртаза шығармаларындағы ұлттық таным мен дәстүр
1.1 Мүшел немесе «он үште отау иесі»
«Бір мүшелге шықтың, Барсхан. Мүшел жыл ауыр болады деуші еді, аман болшы әйтеуір, - деген»[1,31 б.] - деп өзінің Ақсай мен Көксай деген әңгімесінде Шерхан Мұртаза мүшел жас туралы, оның уақытында келетін қауіп пен қасіреттің мүмкін болуын атап көрсетеді. Белгілі бір мүшел жасы туралы айтатын болсақ біз әуелі оның не екеніне тоқталуымыз керек. Жалпы мүшел қазақ халқында ғана емес, сонымен қатар түркі тілдес халықтардың барлығында да бар. Он екі жыдың толықтай бір рет айналып шығуын – бір мүшел деп санаймыз. Содан әрі қарай сол тәртіппен рет - ретімен кете береді. Бірінші мүшел жасы он үш болса, екіншісінің уақыты жиырма бес жас болып саналады. Кейін осдан шыға бере үшінші мүшел – отыз жеті, төртіншісі – қырық тоғыз, бесіншісі – алпыс бір, алтыншысы – жетпіс үш, ал одан кейінгісі жетінші мүшелдің уақыты – сексен бес пен адам баласының соңғы мүшелі тоқсан жеті екенін көруімізге болады.

1.2 Өлім жітімге байланысты ырымдар
1.2.1 Қаралы үй қара жамылады
Ал енді тағы бір шығармасында Шерхан Мұртаза қазақ халқының мынандай салт-дәстірін суреттейді. «Үйдің төбесінде бақанға байланған аттың қара құйрығы тұр екен. Менің аң-таң болғанымды көріп Мамытбек:
– Қара қағаз – деді. Үйге жақындап барып, есігінен баспалап қарап едік, қара жамылған екі әйел іргеге қарап, жоқтау айтып отыр». [1,45 б.] Бұл жерде негізінде бір ғана ырым емес, еке ырым бар. Олар: қара жамылу мен жоқтау. Бірақ біз әуелі біреуіне тоқтала кетсек, сосын барып екіншісін де қарастырамыз деп жөн көрдім.

1.2.2 Жоқтау – қайғы мен қасірет зары
Ал енді Шерхан Мұртазаның «Ақсай мен Көксай» деген еңбегіндегі мына мысалды қарастырғанмен, біз онда тек бір ғана ырым еместігін айтқанбыз. Ол мысалдағы екінші салт жоқтау болып табылады. Мысалымыз мынау:
«Үйдің төбесінде бақанға байланған аттың қара құйрығы тұр екен. Менің аң-таң болғанымды көріп Мамытбек:

1.2.3 Қазаның артта қалғандарына амандық берсін
Өлім жітімге байланысты ырымдардың тағы бірі – көңіл айту болып табылады.
– Әкейдің қазасы қайырлы болсын! [11, 129-б] – деп жазады Шерхан аға өзінің Аманат атты әңгімесінде. Әрине ағамыздың салт-дәстүрлерді өз шығармаларында шебер қолдана білуін мойндауымыз керек. Осы жолы дәл солай. Қысқа да нұсқа. Қарт кісі өзінің ауылдасына әкесі қайтыс болғаны үшін қапалы екенің, оның қайғысына ортақтас екенін айтады. Қазақ халқымызда кісімен қандай жаман қатынастарда болсан да , егер оның жақындарының немесе туыс-бауырларының бірі қаза боса, сен оған көңіл айтуын керек. Бабаларымыз «Өлімді жауыма да тілемеймін» немесе «жау да болсаң өлім тілеме» деген даналық өсиет сөзі бар.

1.3 Жеті қазына
Жалпы алғанда жеті қазына дегеніміз ол қаазақ халқында мыналар болып саналады: біріншісі – ер жігіт, екіншісі – сұлу әйел, үшіншісі – ақыл мен білім, төртіншісі – жүйрік ат, бесіншісі – қыран бүркіт болса, алтыншысы – берен мылтық пен жетіншісі – жүйрік тазы немесе ит. Ең соңғысын қазақ жұртшылығы құмай тазы деп те атай береді.
– Мейлі, ит жарықтық жеті қазынаның бірі деген ғой, атын Ақжол қой, соғыстан боздақтар аман келсін, жолдары ақ болсын,[11, 75-б] – деп тағы да қазақы ғұрып пен ырымға өзінің еңбегінде шебер көрініс береді Шерхан Мұртаза. Ендігі кезекте ағамыз айтып кетекендей жеті қазынаның бірі – итке тоқталып кетейік деймін. Неліктен ата-бабаларымыз осы жеті қазынаға итты жатқызған екен деген сұрақ туындап отыр. Неліктен ит сияқты үй жануары мысықты жеті қазынаға жатқызбаған екен? Оның жауабын мынау деректерден көруімізге болады.

1.4 Жар –жар
«Жар-жар» магнитофонмен айтылған шақта ақ желеңді қалындық пен қара костюмды жігіт қолтықтасып, қызыл шатырлы үйдің босағасынан түсе берген[15, 122-б]. Бұл көріністі Шерхан Мұртазаның Жаңбырлы той атты әңгімесінен байқауымызға болады. Иә, шынымен-ақ, бұрын жас келіншек жар-жарды өзі айтқан болса, қазыр ол дәстүр жоқ. Бар болса да осылай тек қана үнтаспа арқылы ған еститынымыз бар.

1.5 Бала асырау
Ал енді халқымыздың бала асырап алу дейтін дәстүріне тоқтала кетсек деймін. Өз еңбегінде Шерхан ағамыз былай деп жызады:
– Қайнаға сені асырап ала қойындар деп батасын берген соң, біздің шал бетіне шырай кіріп, кәдімгідей құнжындап қалып еді, келгеннен бері жатырқай бересің, жылай –жылай атаңды азапқа салдың ғой, Серік [18, 55-б].

2 Дулат Исабеков пен Әбіш Кекілбаев шығармаларыңдағы ұлттық таным мен дәстүр
2.1 Тасаттық немесе – құдайы садақа
Дулат Исабековтың «Қараспан процесі» атты әңгімесінде тасатыққа мынандай мысал келтіріледі:
Былтырғы қуаншылық жылы ауданнан келген уәкілдің: «қуаншылыққа қарсы қандай шара қолданып жатырсың? » -деген сұрағына сасып қалып:
– Екі рет тасаттық бердік, деген екен [20, 237-б].
Жалпы алғанда тасаттық деген не, оның қуаншылыққа қандай қатысы бар екен дейтіндей сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Х. Арғынбаевтың айтуынша тасаттық дегеніміз мынау: «Тасаттық – жаңбыр шақырту дәстүрі. Оның Орта Азия халықтары арасында ерте орта ғасырдан күні бүгінгіге дейін жалғасып келе жатқан ежелгі түріктердің «жаңбыр жаудыратын тас » - джеде –таш, яда, суу –таш, жайтас туралы ұғымдарынан бастау алатыны аян » [21, 154 –б].

2.2 Сүндетке отырғызу – ер жеткеннің белгісі
Өзінің « Талахан – 186 » атты шығармасында Дулат Исабеков былай дейді:
– Ол екі баласын сүндетке отырғызу үшін Арыстағы хирургке алып кеткен, -деді физкультуршы Әбдеш.
– Бұл жетіде келе алмас [20, 186 – б].
Қазақ халқында тұрақты тойланатын ғұрыптардың бірі, әрі мұсылмандық жора – сүндет той. Ұл балаларды бес – жеті жасқа (міндетті түрде тақ жылы болуы керек) келгенде сүндеттейді. Этнографиялық әдебиеттерде бұл ғұрып балалардың келесі сатыға ( ер жету ) өтудегі жыныстық инициациясының исламдандырылған сарқыншақтары ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытта сүндеттеу тәжірибелі хирургтың қолымен ауруханада (кейде үйде) жасалады. Жарасы жазылғанша баланың көңілін аулауға туыстары мен көршілері келіп, сыйлықтар тапсырады.

2.3 Енші беру
Жамандап қайтейін, келнімнің іші онша кең емес. Содаң соң оларға енші бердік, [29, 125 – б] - деп жазады Бейтаныстар атты әңгімесінде Дулат Исабеков ағамыз. Жалпы енші дәстүрі қазіргі заманда кең таралған. Себебі әке –шешесімен бірге тұратын жастар яғни үйленіп, үй болған отбасылар өте аз, некен - саяқ.

2.4 Сүйінші
– Жеңеше, сүйінші, сүйінші!
Мына бала не дейді қызылтанау болып жүгіріп келеді ғой өзі. Дәулет келіп жүрмесің.., -деп жазды өзінің Ең бақытты күн атты әңгімесіңде Әбіш Кекілбаев. Сүйінші деген өзі сондай жақсы ырым, жақсылықтың белгісі. Сейіт Кенжахметұлы өз деректеріңде сүйінші дегеніміз –құанышты хабар үшін берілетін сыйлық дейді. Қуанышты хабар жеткізуші адам сүйінші, сүйінші деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі қалауынды айт дейді немесе қалағанынды ал дейді. Немесе оған (сүйінші сұраушыға) риза болатындай сыйлық ұсынды. Бұл шын қуанудың, ризашылықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай ерсілігі жоқ [32, 3 – б].

3 Ш.Мұртаза, Д.Исабеков пен Ә.Кекілбаев еңбектеріңдегі ұлттық танымның ұқсастықтары
Менің ойымша мен өзімнің курстық жұмысыма арқау еткен жазушылардың үшеуінің де әңгімелеріңде ұлттық таным мен дәстүр көрінісі өте шебер бейнеленген. Шерхан Мұртаза шығармаларында осы ұлттық таным аса көп, ал одан кейін екінші орында Дулат Исабеков болса, Әбіш Кекілбаевта ол азырақ. Дегенменен үшеуінің де шығармашылығынан байқайтынымыз: ұлтымызға деген сүйіспеншілік пен келешек ұрпаққа деген алаңдаушылық.

3.1 Құдайы нан – жеті нан
Шерхан Мұртаза:
– Ия, аруақ, ия тәңірі, жеті теңге, жеті нан құдайы, ия аруақ, -деп Арзы апам келіп менің аузыма саусағын салып, таңдайымды көтерді[18, 55 – б] - деп жазады да тағы бір әңгімесіңде:
– Апам жеті шелпек пісіріп, құдайы нан таратты. Түс көріпті. Түсінде сен шексіз –шексіз теңізде малтап жүр екенсің... [15, 229 – б] –деген көріністі суреттейді.
Әбіш Кекілбаев:

3.2 Киелі ораза
Шариат бойынша: ораза дегеніміз – таң атқаннан түн батқанға шейін ас – су ішуден, шариғатқа қайшы келетін сөздер мен қылықтардың тыйылып, бір Аллаға құлшылық етту.
Қасиетті Құранда айтылған:
«Ей, иманн келтіргендер! Тақуаллықтан үміттерін болса, өздеріңнен бұрынғыларға ораза ұстау парыз етілгені сияқты, сендерге де ораза ұстау парыз етіледі» («Бақара» сүресі, 183 –аят).
Шерхан Мұртаза:

Қорытынды
Мен өзімнің курстық жұмысымды қорытындылай келе бұл жұмыстың арқаснда өзіме көптеген пайдалы білімдер алғанымды нық сеніммен айта аламын. Осынау бір қасиетті тақырыпты қарастыру маған өте қызықты әрі пайдалы болы. Шыны керек көп нәрсені біле бермеймін екенмін. Соларды оқып жадымда сақтау алуға тырысып бағамын. Міне біздің мол мұрамызды зерттеу барысында мен өз жұмысыма қазағымыздың біртуар, ортамызда орындары өзгеше қадірлі үш тұлғаның әңгімелерің арқау еттім. Олар: Шерхан Мұртаза, Дулат Исабеков пен Әбіш Кекілбаев сынды ірі тұлғалар. Аталған жазушылардың әңгімелерінде кездесетін, ұлттық мәні бар, тұрмыстық, отбасылық, сондай – ақ басқа да тақырыптарға сәйкес ырымдар мен салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды қарастырдым.