Алдын ала тергеудің аяқталуы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
І. АЛТЫН АЛА ТЕРГЕУДІҢ АЯҚТАУЛЫ. АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ
МЕН КЕЗЕҢДЕРІ 7
1.1 Алдын ала тергеу ұғымы 7
1.2 Алдын ала тергеудің аяқталу институтының жалпы сипаттамасы 11
ІІ. АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАП ТЕРГЕУДІ АЯҚТАУ 15
2.1 Айыптау қорытындысын ресімдеудің негіздері 15
2.2 Қылмыстық істі қысқарту 24
2.3 Алдын ала тергеу кезінде түзілетін құжат үлгілері 31
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60
КІРІСПЕ
Жұмыстың көкейтестілігі: Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Алдын ала тергеудің аяқталуы» болып табылады.
Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен қарқынмен өзгеруде, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуірі, күн өткен сайын күш алып барады. Соған сәйкес жаңа яғни бұрын сирек кездесетін қылмыстар орын алуда. Бірақ қылмыстың аты-қылмыс болғандықтан бұл жерде қоғамға қауіптілік немесе құқыққа қайшылық бар. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, әлемде орнын нақтылауда. Қазақстан құқықтық мемлекет құру жолында.
Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір негізі адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, және оларды құрметтеу болып табылады.
І. АЛТЫН АЛА ТЕРГЕУДІҢ АЯҚТАУЛЫ.
АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ
МЕН КЕЗЕҢДЕРІ
1.1 Алдын ала тергеу ұғымы
Алдын ала тергеу ұғымы саты ретінде заң әдебиеттерінде еш талас тудырмайды, оған барлық іс жүргізушілер бірдей анықтама береді. Алдын ала тергеу дегеніміз - қылмыстық іс қозғалғаннан кейін болатын, өзінің міндеттері мен шекарасы бар қылмыстық процесс.
Бірақ, кейде ғалымдар, қызмет ретіндегі алдын ала тергеу мен алдын ала тергеу сатылары арасындағы айырмашылықты көре алмайды.
А.А.Гарницкий былай дейді: «Алдын ала тергеу - қылмыстық процестің сатысы, ол кезеңде тергеу және анықтама органдары, жұртшылықтың көмегіне сүйене отырып және заңда белгіленген тәртіпте, қылмыстың алдын алу жөніндегі қызметін жүзеге асырады, жасалған қылмыстарды ашу, кінәлілерді жауапқа тарту жұмыстарын жүргізеді, қылмыстық оқиғаның немесе құрамның немесе істі сотқа жіберу үшін негіздің бар-жоғын анықтайды». «Алдын ала тергеу дегеніміз – қылмыстық процестің сатыларының бірі, – деп жазады Н.Ц. Логин мен Ф.Н. Фаткуллин, – Сот ісін жүргізудің бұл сатысы тергеушінің немесе анықтама органының қозғалған істі қабылдап алуынан басталады және ол бойынша айыптау қорытындысын жасап, оны бекітумен немесе қылмыстық істі қысқартумен (есі дұрыс еместерге қатысты материалдар мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберумен) аяқталады». Бұл анықтау уақыт аралығына (сатыға) қатысты қолданылады, бірақ жалпы қылмыстық іс жүргізу қызметіне қатысты пайдаланылмайды.
Біздің жұмысымызда алдын ала тергеу, негізінен, қызмет ретінде қаралады. Дегенмен, кейде бұл қызметті сипаттағанда автор аттас сатының да, құқықтық институттың да белгілерін анықтауы мүмкін.
1.2 Алдын ала тергеудің аяқталу институтының жалпы сипаттамасы
Алдын ала тергеудің аяқталуы дегеніміз – алдын ала тергеу сатысының қорытынды бөлімі (кезеңі). Ол істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеу бойынша барлық тергеу (іс жүргізу) әрекеттері аяқталып, істің ары қарайғы тағдыры туралы шешім қабылдау қажет болғанда туындайды. ҚІЖК-нің 289-бабының редакциясы бұл талданып отырған кезеңнің басталу және қадағалаушы прокурордың жазбаша нұсқауы бойынша қылмыстық істі тоқтату мүмкіндігінің бар екендігін көрсетеді. Алдын ала тергеудің аяқталуы бірқатар іс жүргізу әрекеттерін қамтиды, оларды іс жүргізу шешімдері тиісінше рәсімделгенге дейін орындау қажет. «Алдын ала тергеудің аяқталуы» термині кейде басқа мазмұнда пайдаланылады:
ІІ. АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАП ТЕРГЕУДІ АЯҚТАУ
2.1 Айыптау қорытындысын ресімдеудің негіздері
Айыптау қорытындысын жасап тергеуші іс бойынша өз қызметін аяқтауға құқылы, егер:
- дәлелденуге жататын барлық мән-жайлар анықталса;
- айыпталушының кінәсі дәлелдемелермен расталса;
- оның қылмыстық жауаптылығын жоққа шығаратын (қылмыстық істі қысқартуға негіз болатын) мән-жайлар болмаса.
Айыптау қорытындысын жасау алдында тергеуші бірқатар іс жүргізу әрекеттерін орындауы тиіс. Енді соларға тоқталайық.
ҚІЖК-нің 274-бабында былай делінген: «Алдын ала тергеуді аяқталған, ал жинақталған дәлелдемелерді айыптау қорытындысын жасау үшін жеткілікті деп танып, тергеуші ол жайында жәбірленушіні және оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді немесе олардың өкілдерін хабардар етуге және, сонымен қатар оларға іс материалдарымен танысуға құқылы екендігін түсіндіруге міндетті». Мұндай хабар беру ауызша да, жазбаша да болады. Бұл жағдай істе жазбаша ресімделген хабарлама қағаздың, телефонограмманың немесе жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің немесе олардың өкілдерінің құқықтары ауызша түсіндірілгендігі туралы анықтаманың көшірмесін тіркеу арқылы көрініс табады. Практикада бұл адамдардың іс материалдарымен танысқысы келетін-келмейтіндігі ертерек анықталады. Бұл оларды азаматтық талапкер, жәбірленуші, т.б. ретінде таныған кезде болады. Олар өздерінің іс материалдарымен танысқысы келетін-келмейтіндігін тиісті қаулыда жазады. Хабар беруден өздері тікелей бас тартқанымен тергеуші оларға тергеудің аяқталғандығы туралы хабарлауға міндетті.
Көрсетілген адамдар тарапынан іс материалдарымен таныстыру жөнінде жазбаша немесе ауызша өтініш болса тергеуші жәбірленушіні, оның өкілін және азаматтық талапкерді немесе оның өкілін іс материалдарымен, ал азаматтық жауапкерді немесе оның өкілін қойылған талапқа қатысты іс материалдарымен таныстырады.
2.2 Қылмыстық істі қысқарту
Тізбесі заңда көрсетілген негіздер бар болғандықтан қылмыстық іс қысқарса алдын ала тергеу тоқталады. Ол негіздерді алты топқа бөлуге болады:
а) істің жүргізілуін болдырмайтын мән-жайлар (ҚІЖК-нің 37-бабы);
б) жасалған қылмыс немесе оны жасаған адам қоғамға қауіптілігін толықтай жоғалтатындай жағдайдың өзгеруі;
в) тергеушіге қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босататындай құқық беретін мән-жайлар (ҚІЖК-нің 7-9 баптары);
г) айыпталушының қылмыс жасауға қатысканының дәлелденбеуі (ҚІЖК-нің 269-бабының 2-тармағы);
д) қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адам тарапынан қоғам, өзі немесе басқа адамдар үшін қауіптің болмағандығын сол іс-әрекеттің сипатына және адамның психикалық жағдайына қарай дәлелдеу (ҚІЖК-нің 514-бабының 1-тармағы);
е) Қылмыстық жауапқа тартуға заңда көрсетілген органның (лауазымды адамның) келісімінің болмауы.
«б» және «в» тармақтарда көрсегілген негіздерді алдын ала тергеу органдары тек прокурордың келісімімен ғана қолданады.
Бұл мән-жайлар ҚІЖК-нің 37-бабында бекімін тапқан. Онда қозғалған қылмыстық іс мына жағдайларда қысқарады делінген:
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, «Алдын ала тергеуді аяқтау», - тақырыбында жазылған дипломдық жұмысты қорытындылай келе: мынадай мәселелерді қарастырдым.
Тергеушінің алдын ала тергеуді жүргізудегі құзіреті, құқықтары мен міндеттері іске қатысушылармен ара-қатынастары қандай болу керектігі қарастырылды.
Атап айтатын болсақ, алдын ала тергеу басталған кезден бастап, тергеуші қозғалған қылмыстық істі өз өндірісіне алып тергеу әрекеттерін жасауға кіріседі.