Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Лингвистикалық ілім тарихы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Орта ғасыр тіл білімі


Жоспар
1 Орта ғасыр тіл білімі 3
1.1 Араб тіл білімі 5
1.2 Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі 6
1.3 Универсалды грамматика 1660 жылы жарияланған 9
Әдебиеттер 11

1 Орта ғасыр тіл білімі
Орта ғасыр - адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір. Еуропа тарихы тұрғысынан қарағанда бұл мезгілді үш кезеңге бөлуге болады: а) III-Ү ғасырлар арасы. Бұл - құлдық дәуірінің ыдырап, феодалдық қоғамның құрыла бастаған кезеңі; ә) ҮІ-Х ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың әбден орнығып, гүлденген заманы; б) ХІ-ХУІ ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың ыдырап, капиталистік қоғамның туа бастаған, тарихта "қайта өркендеу дәуірі" деп аталатын кезең.
Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі - әр түрлі діндердің туып, әлемдік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан діндерін жатқызуға болады.

1.1 Араб тіл білімі
Дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан халықтардың бірі - арабтар. Бұлардың жазбалары ІҮ ғасырлардан басталды. Арабтар тіл ғылымының дамуында да елеулі роль атқарды. Орта ғасырлық арабтарда тіл білімінің ерекше дамыған көзі - Халипат дәуірі деп аталатын ҮІІ-ХІІ ғасырлар шамасы. Тілдің грамматикалық жүйесін сипаттаудың араб тіл ғалымдары бір-біріне байланысты үш түрлі мәселенің сырын ашу арқылы жүргізді. Олар сөз таптары мен сөйлем синтаксисін зерттейтіи Нахв, сөздердің сөйлемдегі орын жағынан түрленісін, мағыналық құбылыстарын зерттейтін Сарф, сөйлеу процесінде болатын дыбыстардың фонетикалық құбылыстарын, жалпы дыбыс жүйесін зерттейтін - Таджвид деп аталатын бөлімдер.

1.2 Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі
Еуропа тарихы тұрғысынан алғанда, қайта өркендеу дәуірі ХІҮ-ХҮІ ғасырлар арасын қамтиды. Бұл - қоғам дамуында орта ғасырдың аяқталып, жаңа тарихтың, буржуазиялық қоғамның басталған кезі. ХІҮ ғасырдан бастап, алдымен Италияда қалыптасқан "Қайта өркендеу" деген термин феодалдық қатынастың орнына келген капиталистік қоғамдағы буржуазия мәдениетімен тығыз байланысты. Өйткені қайта өркендеу дәуірі - озық ойдың еркін дамуына мейілінше кедергі жасаған, догмалық ережелерге сүйенген орта ғасырлық керітартпа дәстүрден, мешеу мәдениеттен шынайылықты, гуманизмді уағыздайтын жаңа дәуір мәдениетіне өту. Бұл дәуірде орта ғасырда діннің қуғынына ұшырап, елеусіз қалған көне мәдени мұраларға ерекше көңіл бөлу, оларды қайта көркейту, өрлету ұраны көтерілді. Сірә, жаңа дәуірдің "Қайта өркендеу" деп аталуы да осыдан болса керек.

1.3 Универсалды грамматика 1660 жылы жарияланған
Оны француз ғалымдары - логик, философ, профессор Антуан Арно /1612-1694/ мен грамматист, филолог, профессор Клод Лансло /1616-1695/ екеуі бірігіп жазған. Бұлар өз заманында Франциядағы ғылым мен халық ағарту істерінің орталығы болған Пор-Рояль монастырының ғалымдары болғандықтан және сол монастырьдан шыққандықтан, оны "Пор-Рояль грамматикасы" деп те, "Рациональды жалпы грамматика" деп те атайды.