Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 20 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Қазақ хандығының құрылуы


Жоспар
1 Қазақ мемлекетінің құрылуы және қазақ халқының этникалық құрылымының қалыптасуының аяқталуы 3
2 Қазақ халқының этногенезі 6
3 Керей мен Жәнібек хандардың билігінің күшеюі 9
4 Сауда мен қолөнердің жандануы 11
5 «Қазақ» атауының пайда болуы 16
Әдебиеттер 20

1 Қазақ мемлекетінің құрылуы және қазақ халқының этникалық құрылымының қалыптасуының аяқталуы
Қазақ халқының шығу тегін зерттеудің негізгі аспектілері лингвистикалық және антропологиялық болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның ежелгі тарихын үнді еуропалық пен түркілік кезеңдерге бөлуге болады. Б.з.д. ІІІ-І мыңжылдықтарда ежелгі Қазақ жерін қоныстанушылар өздерінің шаруашылық, мәдени дәстүрлерімен, лингвистикалық және антропологиялық тұрғыда үнді еуропалық топтың ежелгі ирандық бұтағына кіреді.

2 Қазақ халқының этногенезі
Қазақ халқының қалыптасуымен бірге ХV-ХVI ғасырларда қазақ жүздері де қалыптаса бастады. Жүздер туралы жазба деректері XVI ғасырда шығыс жылнамаларында кездеседі. Жүздердің құрылуы Қазақ жерінің табиғи-климаттық жағдайлары мен халықтың көшпелі өмір салтына тығыз байланысты болды. Қазақстан өзіндік дамуына ықпал ететін табиғи-ландшафтық белдеулерден тұрады. Бұл - қазақ халқының шаруашылық, мәдени қызметінің табиғи ареалдары болған үш географиялық бөлік.

3 Керей мен Жәнібек хандардың билігінің күшеюі
Қазақ хандығының негізін салған Керей мен Жәнібек болды. Қазақ хандығының дербес саяси мемлекеттік бірлестік ретінде тарих сахнасына шығуына Шыңғысхан ұрпақтары арасындағы саяси билік үшін күресі қолайлы жағдайлар туғызған еді.
Ақ Орда билеушісі болған Орыс ханның шөбересі, Барақ ханның баласы Жәнібек өзінің ағайыны Кереймен бірге 1459-1460 жылдары Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Моғолстан ханы Есен-Бұғаның (1429-1462) иелігіндегі Шу мен Талас аймағындағы Қозыбасы деген жерге қоныстанады. Сөйтіп, Қазақ хандығының құрылу барысы XV ғасырдың екінші жартысында дағдарысқа ұшырай бастаған Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан мемлекетінің ішкі саяси жағдайымен байланысты болды. 1457 жылы Әбілқайырдың ойраттардан жеңіліске ұшыраған сәтінен бастап жағдай шиеленісіп кетті.Былай деп түсіндіреді:

4 Сауда мен қолөнердің жандануы
Қала өмірінің қайта өрлеуі ғасырларда қазақтар шаруашылығының жетекші саласы - көшпелі мал шаруашылығы. Әр рудың 800-1000 шағырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түсе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың, қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында орналасатын.

5 «Қазақ» атауының пайда болуы
Тарихи деректерге сүйенсек, "қыпшақ," және "қазақ" деген ұғымдардың қатар шыққанын байқаймыз. Кейбір авторлар осылай ойлайды. Сөйтсе де қазақ халқының шығу проблемасы өлі де болса жеткілікті түрде зерттелген жоқ. Осы күнге дейін Қазақстанның ауқымды алқабындағы этно гендік проқестердің көптеген қырлары анық емес. Оның үстіне ғылымда "қазақ" деген этнонимнің табиғаты жөнінде әрқилы болжамдар бар. Қазақ халқының қалай қалыптасқаны жөнінде де әр түрлі түсініктемелер орын алып келеді.