Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 65 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Ақша қаражаттары есебі мен аудиті


Мазмұны
Кіріспе 3
1-тарау. Ақша қаражаттарының есебі бухгалтерлік есеп нысаны ретінде 7
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы 7
1.2 «Оптика» АҚ жалпы экономикалық сипаттамасы және есеп саясаты 13
2-тарау. Ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру 19
2.1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі 19
2.2 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі 25
2.3 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі 30
3-тарау. Ақша қаражаттарының есебінің аудиті 41
3.1 Ақша қаражаттарының есебі аудитінің мақсаты мен міндеті 41
3.2 Касса операцияларының аудиті 48
3.3 Есеп айырысу шоттарының аудиті 56
Қорытынды 63
Қолданылған әдебиеттер тізімі 65

Кіріспе
Бухгалтерлік есеп жүйесі Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күнде бухгалтерлік есеп басқару жүйесіндегі басты орынды алуда.
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикалық тұрақты өсуіне әсер етеді.
Қаржы – несие институттары мен операциялардың қайта бағытталуына, кәсіпорындар өзара қатынас жүйесінің өзгеруіне байланысты бухгалтерлік есеп және есеп беру үздіксіз жаңарып отырады. Бухгалтерлік есеп, басқару үрдісінің бір бөлігі болып табылғандықтан ол маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік береді.

Бұл дипломдық жұмыс ғылым мен тәжірибеге сүйене отырып, бухгалтерлік есепті түсініп, оны игеруге мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады. Әрбір тарау халықаралық стандарт бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәжірибесіне сәйкес келеді. Дипломдық жұмыс қолданыстағы заңдар мен нормативтік базаларға сәйкес жазылады.
Нарықтық реформалар нәтижесінде отандық экономиканың түпкілікті өзгеруі іскер адамдардың – кәсіпкерлер, менеджерлер, қаржы қызметкерлерінің жұмысына маңызды өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді қажет етіп отыр. Бұл мамандардың көнеден келе жатқан бөлігі – бухгалтерлерге де тікелей қатысты.

1-тарау. Ақша қаражаттарының есебі бухгалтерлік есеп нысаны ретінде
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле бойынша шартты түрде пайдаланылады. . Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.

1.2 «Оптика» АҚ жалпы экономикалық сипаттамасы және есеп саясаты
«Оптика» Акционерлік қоғамы заңды тұлға болып саналады. Қоғамның өз балансында есептелінетін жеке меншігі бар және ол өз атынан мүлік сатып алуына, міндеттемелер алуға, сотқа арыз беруге және жауапты болуға құқылы. Қоғам құрылған күнінен бастап құқықтар мен міндеттерге ие. Қоғамның өз мөрі бар, онда оның мекен-жайы мен белгісі көрсетілген. Қоғам ұлттық және шетелдік валютада шоттар ашуға құқылы.
Қоғамның құрылу мақсаты:

2-тарау. Ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру
2.1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.

2.2 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
Банкі шоттары теңгеменде, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезже, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарымын орындауда және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады.Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: реквизиттері; келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі; банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.

2.3 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
Резиденттер арасындағы жасалатын төлем операцияларының барлығы, нормативтік актілерде қарастырылғаннан басқасы, тек теңге түрінде жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы резиденттер және резидент еместер асындағы валюталық операциялар Ұлттық банктің нормативті-құқықтық актілерінде, салық пен кеден заңдарында, қарастырылғаннан басқа жағдайларда, өкілетті банктер және банктік емес қаржылық мекемелер арқылы жүргізіледі.

3-тарау. Ақша қаражаттарының есебінің аудиті
3.1 Ақша қаражаттарының есебі аудитінің мақсаты мен міндеті
Транзиттік экономика жағдайында функционалды аудиттің өте өзекті бағыты – ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысынын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде үлкен резервтер мен әр түрлі бұрмалаулар жасырынған.

3.2 Касса операцияларының аудиті
Кассада сақталатын ақша 451 «Ұлттық валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар» және 452 «Шетелдік валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар» 45 бөлімшесінің «Кассадағы қолда бар ақшалар» шоттарында ескерілуге тиісті. Осы шоттардың дебитіне кассаға түсетін ақша, ал кредитіне – кассалық есептен шығатын ақша жазылады. Бұл шоттар бойынша жазбалар кірістік және шығыстық кассалық ордерлер негізінде жасалады.
Кассалық операцияларды аудиторлық тексеру бағдарламасы төменгі кестеде ұсынылады:
Кесте №8

3.3 Есеп айырысу шоттарының аудиті
Ақшалай қаражат аудитінде банктік операцияларын тексеруге көп назар аударуды талап етеді. Қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес кәсіпорындар өзінің ақшалай қаражатын қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Банк мекемелерімен есеп айырысу ағымдағы, корреспонденттік, жинақ шоттарында ақша сақтауға, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер алумен, оларды өтеумен және қайта рәсімдеумен, шоттарда жаңылыс жазулар жөніндегі талап-тілекпен байланысты туындайды. Кәсіпорындар арасындағы банк мекемелері арқылы есеп айырысулар есептесудің қолма-қол ақшасыз түрі бойынша атқарылады.
Банктік операциялар аудитінің бағдарламасы төменгі кестеде көрсетілген:
Кесте №9

Қорытынды
Осы дипломдық жұмысты жазу барысында кіріспе бөлімінде қарастырамын деген сұрақтар толық ашылды деп ойлаймын.
Дипломдық жұмыстың «Ақша қаражаттар есебі мен аудиті» атты жұмысты жазуыма себеп болған жағдай, бұл қандай да бір кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы көрсеткіштерді көрсете алудың негізі ақша қаражаттарын дұрыс және тиімді пайдалануында болып табылады, сонда ғана сол кәсіпорынның жұмысы және басқарушының жұмысы нәтижелі екенін көре аламыз. Сондықтан қандай да бір кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың қызмет түрлерін, қаржылық жағдайын, тұрақтылығын, өтімділігін, төлем қабілеттілігін және тағы басқа да көрсеткіштерін біз қаржылық есеп беру нәтижесі негізінде көре аламыз. Мысалы кәсіпорынның балансы – бұл сол кәсіпорынның айнасы деп айтуға болады деп ойлаймын. Сонымен, осы акционерлік қоғамның баланс көрсеткіштері қоғамның жағдайының жақсы және жаман әсерлі жақтарын талдай отырып, кәсіпорынның, жаман жақтардағы қателіктерінің қайталанбауы үшін, ол жақсы жақтардан айырылмауға тырысатын болу керек.