Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 88 стр.

Год: 2009

Предварительный просмотр

Абай Құнанбаев шағармаларындағы табиғат лирикасы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 7
1. Абай лирикасындағы табиғат тақырыбы 10
1.1 Табиғат дегеніміз не? 10
1.2 Табиғаттың тұрпайы және нәзік элементтері 16
1.3 Абай – суреткер 37
2 Абай өмірі мен шығармашылығы жөніндегі М.Әуезов және басқа әдебиетшілердің зерттеулері 47
2.1. Ақын өмірі мен шығармашылығы 47
2.2Ақын шығармашылығының зерттелу денгені 48
2.3 Абайдың ақындық әлемі 51
3. Абай мұрасы - рухани қазына 73
3.1 Ақын түлғасының даналық ерекшелігі 73
3.2 Абайтану ілімінің қалыптасуы 75
3.3 Абай ілімі өмірдің тағылым-таразысы 78
Қорытынды 86
Әдебиеттер тізімі 88

Кіріспе
Абай мұрасының адамдарға имандылық жолын көрсететін рухани ілім екені көрсетіледі. Абай мұрасы бойынша болмыс негіздері: Жаратушы, жан иелері, табиғат, жан иелерінің іс - әрекеті, оларды басқаратын уақыт танымы, олардың бір – бірімен байланысы, адам өміріндегі маңызы ашылады. Сол негізінде адам өмірінің негізгі мақсаты, ол мақсатқа жетуде болмыс заңдылықтарын қалай дұрыс пайданлану жолдары туралы сөз болады.
Абай ілімін бүгінгі күндері ерекше маңыз алған салауатты өмір үшін қолдану жолдары қарастырылады. Абай көрсеткен жан иелерінің жетілуінің үш сатысы: бейберекет өмір, салауатты өмір және рухани өмір түсінігі берілген.
Абай шығармалары рухани негізінде өте күрделі болғандықтан, оны түсіну үшін, үлкен дайындық керек, яғни ұлы ақын мұрасын трлық игеру үшін, арнайы дайындық керек.

1. Абай лирикасындағы табиғат тақырыбы
1.1 Табиғат дегеніміз не?
Абсолюттік ақиқаттың тағы бір негізі – табиғит. Кең ауқымда қарастырғанда, табиғат аясына қоршаған орта ғана емес, сонымен бірге бүкіл материалдық әлем жатады. Ал жан иелерінің материалдық тәні болғандықтан, олар да, оның ішінде адам да материалдық әлемнің бір бөлігі. Бүкіл әлемді Абсолюттің өзі басқарады, сондықтан оның рухани негізі, бар, яғни оның да тірішлігі бар.

1.2 Табиғаттың тұрпайы және нәзік элементтері
Абай ілімі бойынша материалдық әлемдегі жан иелерінің денелері адам сезімдері қабылдайтын тұрпайы және сезімдерінен тыс жатқан нәзік элементтерден тұрады. Жан иелеріне материалдық әлемдегі барлық ғаламшар жүйелері мен оларды мекендейтін минерал, өсімдіктер, жануарлар, адамдар, сонымен бірге жоғары әлемдегі рухтар жатады. Олардың денелерін құрайтын элементтер тәндер құрамында, сонымен бірге одан тыс та болады. Мысалы, көлдегі су балықтың денесінде де бар, сонымен бірге оның сыртында да бар.

2 Абай өмірі мен шығармашылығы жөніндегі М.Әуезов және басқа әдебиетшілердің зерттеулері
2.1. Ақын өмірі мен шығармашылығы
Қайсы әдебиетті алсақ та оның ішінде буырқанып жатқан елеулі кезеңді өзгерістер, негізінен, қоғамның саяси-әлеуметтік болмысымен тікелей астасып жатқан рухани құбылыстар. Осы тұрғыдан қарағанда, қазақ әдебиеті тарихында айтарлықтай орын алып, оның даму үстінде келе жатқан өзекті саласы-абайтанудың пайда болуы, қалыптасу, даму жолына назар аударсақ та өткен ерекшеліктерді көреміз.
1845-1904 жылдар аралығында өмір сүрген қазақтың бас ақыны атанған Абай Құнанбайұлы қазақ әдебиетінің тарихынан өзіндік ерекше орны бар дара тұлға.

2.2 Ақын шығармашылығының зерттелу денгені
Абайтанудың арғы бастау бұлағы, қайнар көзі жайында айтканда, алдымен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын айта аламыз. А. Байтұрсынов, 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай - қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», деп Абайды аса жоғары бағалаған.
Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болғаннан соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңдері (аударма өлеңдерін қосып санағанда) және «Ескендір» мен «Масғұт» поэмасы басылған, яғни, осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылғаны айрықша атап айтарлық.

2.3 Абайдың ақындық әлемі
Абайдың ақындық әлемі дегеніміз мағыналық ауқымы өте кең ұғым. Абай поэзиясы - өз заманындағы қоғамдық өмірдің ең көкейкесті, ең күрделі және маңызды мәселелерін қозғаған, талғаған поэзия. Оның өлеңдерінде, қарасөздерінде қазақ өмірінің көркемдеп бейнеленген телегей теңіз шындығы бар. Абай шығармаларының қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында өзінше бөлек, өрісі аса биік, мүлде жаңа ой-пікір, көркем сезім әлемін ашқаны даусыз. Абайдың ақындық әлемі деп осыны айтамыз.

3. Абай мұрасы - рухани қазына
3.1 Ақын түлғасының даналық ерекшелігі
Абай заманы, ол ақындық өнерге, ағартушылық жолындағы күресхе барын салып кіріскен кез - қазақ халқының тарихындағы ең бір күрделі. талас-тартысты, қайшылығы мол дәуір болатын. Абай қоғам өмірі жайлы көп толғанып, көп ойланып жүріп, халық мүддесі үшін, адалдық, адамгершілік үшін күресуге үмтылады, қалай күресудің жолын іздейді. Елдің өнімсіз қылықтарымен көбірек әуес болатының себебі білімсіздіктің, ескі үғым-түсініктерден ары л а алмай келе жатқандығынан деп біледі.

3.2 Абайтану ілімінің қалыптасуы

Абайтанудың арғы бастау бүлағы, қайнар көзі жайында айтканда, алдымен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтүрсынов, Міржақып Дулатовтын мақалаларын ауызға аламыз. Ахмет Байтүрсынов, 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай - казақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Онан аскан бүрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», - деп Абайды аса жоғары бағалады.

3.3 Абай ілімі өмірдің тағылым-таразысы
Абайдың өі отыз сегізінші қара сөзінде айтқанындай, адамнын есіл-жетілуіне сырткы және ішкі болып бөлінетін екі түрлі себептің әсері болады. Сыртқы себептер екеу: біріншісі - ата- тегінің әсері; екіншісі - қоршаған ортасының, яғни өмірдегі алған тәрбиесінің әсері. Ал ішкі себепке адамның жан дүниесінің әсері жатады. Алдымен Абайдың өсіп жетілуіне эсер еткен сыртқы себептерді қарстырайық. Оның біріншісі - ата-тегінің әсері. Абай тәрізді адамдардың үлылығы кездейсоқ нәрсе емес, заңдылық екеніне көз жеткізу өте маңызды мәселе. Енді осы түрғыдан Абайдың ата-тегіне көз жіберелік. Абай 1845 жылы Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған тобықты руында дүниеге келді. Шыққан тегіне көз жүгіртсек, ата-тегі әке жағынан да, шеше жағынан да еш кемдігі жоқ, өз заманының белді, беделді, ауқатты адамдары болғанын көреміз. Абайдың өз әкесі - Қүнанбай, атасы -Өскенбай, арғы атасы - Ырғызбай. Бүлардың барлығы да ру ішінде үстемдік жүргізіп, елді аузына қаратқан белгілі адамдар. Абайдың бүдан арғы аталары Айдос, Олжай болады. Олжайдан үш үл болған.

Қорытынды
Уақыт ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абайдың рухани мол мұрасын жаңа көзқарас тұрғысынан жан – жақты, терең талдап, тану міндетін алға тартып отыр. Бұл – ғасырдан – ғасырға, ұрпақтан – ұрпаққа мұрат болып жалғасып, ұласа берер қасиетті парыз, үлкен міндет.
Еліміз егемендік алғанға дейін де Абай мұрасын зерттеуге арналған жұмыстардың саны аз болмағанымен, Кеңес дәуірінің атеистік солақай саясатына байланысты абайтануда сыңаржақ көзқарастар да орын алып келгені белгілі. Атап айтқанда, Абайдың өзіне «байдың ақаны» деген жала жабылды немесе оны атеист етіп көрсетуге ұмтылыстар болыд. Абайды ақын ретінде ғана танып- білуге баса көңіл аударылып, оның ойшылдығына, өлеңдерінің өмір құпияларын ашатын ішкі сырына аз назар аударылды. Ұлы Абай мұрасына мұндай бір жақты көзқарас кемеңгердің ойшылдық болмысын дұрыс түсініп, рухани дүниесіне терең боцлап енетін мүмкіндікті шектеп отырады.