Фариза Оңғарсынованың поэзиясының тілі
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Көркемдік – шеберлік өрнектер 5
1.1 Фариза лирикасындағы Метафоралық тіркестер, антоним қолданысы 5
1.2 Сырлы сөзді суреттер 15
1.3 Фариза өлеңдерінің құрылысы 21
2 Фариза - талантты ақын 32
2.1 Фариза өлеңдеріндегі ой мен сезім нақыштары 32
2.2 «Қазақтың бір қызы бар Кәмшат деген» 40
2.3 « Менде бір тебіреніс бар...» 42
2.4 Фариза жырларындағы Махамбеттің рухы 49
2.5 Фариза лирикасындагы Махамбет дәстүрі 51
Қорытынды 62
Пайдаланылған әдебиеттер 64
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Шын ақынға проза жазу жат емес. Ақын жазған проза ақ өлең сияқты, қара сөзден балқыған күміс тамшылап тұрғандай әсер етеді.
Заманымыздың заңғар ақыны Фариза Оңғарсынованы алар болсақ... поэзиясы – шың. Прозасы сол шыңды тіреп тұрған шоқылар.
«Поэзияда теңеудің үлкен суреткерлік шеберлікті танытатын, ақынның ойлау, сөйлеу мәнеріне, ситліне сәйкес туатын келісті үлгілері аз кездеспейтін» (З. Ахметов) ескерсек, оның Фариза өлеңдеріндегі түрлері те толымды, бай, шоғырлы көрінеді [14.123б].
Ақын Ф.Оңғарсынова поэзиясындағы метафораның қолданылу аясы өте кең, аса бай екендігі біз байқаған бірінші ерекшелік. Екіншіден, ауыстырудың сан алуан тәсілін құбылтып, түрлендіріп образ жасауда көркемдік тәсіл-амалдың шығарма мазмұнын арттырудағы маңызды автор жете түсінген. Үшіншіден, метафораның басқа да көркемдік – бейнелік құралдармен қатар араласып кетуі туынды ерекшелігін, айырықшылығын танытатыны және белгілі.
1 Көркемдік – шеберлік өрнектер
1.1 Фариза лирикасындағы Метафоралық тіркестер, антоним қолданысы
Өлең-сөздің өңірін кестелі өрнекпен көмкеру тәсілі Ф. Оңғарсынова лирикасының тілі мен ой құдіретінде жатыр. Халықтың бай тілін қарапайым қолданудың мың бір машығын шебер игерген суреткердің қазіргі қазақ лирикасында қалыптасқан өзіндік стилі бар. Қаламгер шығармашылығына шырай берер тың теңеулер мен бейнелі сөздер сілемі Оңғарсынова поэзиясының жаңашылдық қырын танытады. Ақын туындыларының көркемдік нәрін байыптаған академик С. Қирабаев: «Фариза не айтса да нақтылай, сурет тілімен, образбен айтуға ұмтылады, қарапайым жазады. Қарапайымдылық пен нақталақ, суреткерлік пен бейнелелеі – нағаз талантты туындының белгілері.
1.2 Сырлы сөзді суреттер
Ақын поэзиясының лексикасы бай, оның көп мағыналылығы, келтірінді келбеті соншама мол – оқырман оны қазақ тілінің синонимиясын жете меңгерген-ау деп қалады. Осы күрделі, құбылмалы құбылыс материалын жетілдіре жұмсайтыны сондай, олар ақынды стильдік қайталаулардан көрген, ой-пікірі динамикасын дамытады.
1.3 Фариза өлеңдерінің құрылысы
Ақын поэтикасының басқа да компоненттері сияқты өлең құрлысының да өзінен бұрынғы поэтикалық формалық дәстүрімен ұқсас және ұқсас емес, яғни мирасқорлық және жаңашылдық жақтары бар. Бұлай болуы заңды да. Сондықтан бұл мәселеде Фариза Оңғарсынова поэзиясына нақты қатынас жасасақ, оның дәстүрлі өлең формаларын өте орынды, әдемі жалғастырып, бұларға жаңа мазмұн беріп, байытқан жақтары да, тағы бір тараптан ақынның қазақ өлеңін ХХ ғасырдағы басқа да қаламдастары сияқты формалық жақтан түрлендіріп, құлпыртқан жерлері де бар.
2 Фариза - талантты ақын
2.1 Фариза өлеңдеріндегі ой мен сезім нақыштары
Өлең жазғанның бәрі ақын емес екені қашаннан мәлім. Өлеңші мен ақын қаиар тірлік құрып, бірге жер басып жүргенде ғана ұқсайды. Екеуі бірдей өлең жазған соң бір одаққа мүше, бір литфондының наны мен майын да тең жеулері (өлеңшінің артығырақ жеуі де) мүмкін. Бірақ, бұл « теңестік» - уақытша нәрсе. кейін өлеңші ұмытқа айналады да болашақпен беттесу және тілдесу үшін өмірде ақын қалады. Өйткені ақын әлеуметтік өмірдегі, көрнекті тұлға. Ол қауымға және пікірлер естіп, ойлы сөздер айтқан адам, ол өзі өскен ортаға қуаныш – шаттық әкелген, қайғының қандай түріне жылап, қандай түріне қарсы шабуды үйреткен үстаз.
2.2 «Қазақтың бір қызы бар Кәмшат деген»
Ф. Оңғарсынованың « Қазақтың бір қызы бар Кәмшат деген » поэмасы ХХ ғасырдың 70 – жылдарындағы өмірден алынып, заман тақырыбына өндірістік мазмұнда құрылған поэма деуге болады. Бұны очерк – поэма, публицистикалық – поэма десек те жараса береді.
Әрине ақын мұнда ХХ ғасырдағы қазақ қыздарының қолы жеткен табыстарын, іс - әрекетін келбетін, кең даланы көркейтуге қосып жатқан үлесін мақтаныш сезімімен жырлағанын айту керек.
Ақын Кәмшаттың қара басын, отбасын ғана емес, оның ұстаздарын, достарын, құрбыларын айтып қуанады.
2.3 « Менде бір тебіреніс бар...»
Ақын - өз заманының ар – ожданы, ол болашақ үшін өмір сүреді. Жеке дара ақын жөнінде айту – сол халақ мәдениетәнің бір қыры, ұлттар әдабиетінің гүлдену мен өзара жақындасу диалектикасынан туындаған болмыс шындығын тану деген сөз. Ал Фариза Оңғарсынова хақында айту – қазіргі жетістік – табысымыз бен ізденіс – барлауларды , әдебит тарихы мен халқымыз, қала берді, әлемдік әдебиетпен адами көркемөнерді жете меңгерген жанның жүрдік жүрісі мен жүрек лүпіліне жете мән беру болып табылады. Қызу қанды, албырт та адуын жыр иесі өзіндік ұтқырлығымен, ізденіс – талпыныстарымен барша жұртты өлең құмар көпшілік ризалық сезімге бөлеуде.
2.4 Фариза жырларындағы Махамбеттің рухы
« Бала күнімізден атын жаттап , үлкендердің айтуымен қанымызға сіңген бейне, Махамбет бейнесін айтам , мен үшін Мұхаммед Пайғамбар секілді әулие тұлға болатын. Мен анамнан естіген әңгімелердің әсерінен болса керек, бұл екі кісіні түсімде көретінмін және біздің туысқандарымыз деп қабылдайтын едім» деп, ақын өз естелігін жазады. Сөйтсек, « Оның өз шығармашылығында әлсін - әлсін Махамбетке оралып отыруы, Махамбетке жүгінуі тегін емес» екен (Бөпежанова) [32.106].
2.5 Фариза лирикасындагы Махамбет дәстүрі
Ақын Фариза Оңғарсынованың өнерпаздық таланты,дарындылық даралығы,дәлірек айтқанда,күллі шығармашылық әлемі,ең алдымен Махамбет дәстүрінен бастау алады.шыны сол – Махамбет рухымен қаруланған поэзия Махамбет өнегесімен,аруақты ақын атымен ардақты көрінеді.Махамбет пен Фариза туындыларындағы үндестікті сөз ету – дәстүр мен жанашылдық жайын тексеріп,қарастыру сияқты күрделі мәселелерге бастайды.Әдеби – рухани байланыстын түп – төркінін әріден тексерсек,Фаризаның батыр ақын туған топырақта дүниеге келуін тарихи тамырластық дейміз де қоямыз.
Қорытынды
Қай ақынның да жырларынан, ең алдымен, өзінің бір бітім болмысы, тыным парасаты айқындалары хақ. Лирикалық кейіпкердің барлығында дерлік өз әлемінің бір бөлшегі жататын Фариза жырлары әу бастан – ақ оттылығымен, өршіл рухымен , биік адами қасиеттерімен, иманшылығымен оқшау тұрды; Кейіпкердің жас шамасы, сезім деңгейі, парасат биігі әрқилы болса да, мінез ірілігі, болмыс бір тұтастығымен тәнті етті.