Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 88 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Жазба жұмыстарын өткізу әдістемелері


Мазмұны
Кіріспе 4
1 Қазақ тiлi жазба жұмыстары әдiстемесiнiң жалпы мәселелерi 7
1.1 Қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыстар туралы әдістемелік еңбектерге шолу 7
1.2 Жазба жұмыстары, олардың түрлері 21
2 Жазба жұмыстарын өткізу әдістемелері 25
2.1 Диктант түрлері 25
2.2 Мазмұндама 38
2.3 Шығарма 46
2.4 Жаттығу жұмыстары 57
2.5 Оқушылардың жазба жұмыстарында кездесетін қателер түрлері, оларды болдырмау жолдары 69
2.6 Сабақтарда жүргізілген жазба жұмыстарының типтері мен түрлері 79
Қорытынды 83
Әдебиеттер тізімі 88

Кіріспе
Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін қазақ тілі пәні тілдік материалдарды меңгертумен бірге оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызша және жазбаша тілін дамыту жұмыстарымен тығыз байланыстырыла оқытылады.
Жазу мен айту – бір-біріне байланысты нәрсе. Сабақ барысында оқушының ауызша сөйлеуі бағдарлама аясында өтілген теориялық материалдарды дәлелдеу, ережелерді айту мақсатында болады.

1 Қазақ тiлi жазба жұмыстары әдiстемесiнiң жалпы мәселелерi
1.1 Қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыстар туралы әдістемелік еңбектерге шолу
Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері қазақтың көрнекті педагогі
Ыбырай Алтынсариннің есімімен байланысты. Оның қаламынан туған:
«Қазақ хрестоматиясы»,
«Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы»,
«Мақтубат» атты кітаптары тұңғыш қазақ оқулықтары ретінде тарихта қалды. Ы.Алтынсарин қазақ балаларының ана тілінде сауат ашу жұмысын дыбыстық әдіс бойынша үйреткен.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ғалымдары еңбектерінде жазба жұмыстары арнайы сөз болмағанмен, сауатты жазуға үйрету жолдары қарастырылған. Сол кезеңдегі тіл мамандарының алдындағы мақсат – елді сауаттандыру, оқу құралдары мен оқулықтар жазу, орфография мен пунктуация ережелерін ұсыну, түйіндей айтқанда, практикалық мәселелерді жүзеге асыру болды.

1.2 Жазба жұмыстары, олардың түрлері
Оқушы ойын дұрыс құрастырып сөйлей білумен қатар, айтылған ойды мұқият тыңдай білуі қажет. Тыңдау дағдысы дұрыс қалыптасқан оқушының сөйлеу тілі де, жазу стилі де жатық болады. Жазба жұмыстарын орындау барысында мұндай дағды үрдістері қажет-ақ.
Қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыстары дегеніміз – оқулықтардағы теориялық тілдік материалдар негізінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, педагогикалық принциптермен тығыз байланыста жүргізілетін дағдыландыру жұмыстары.
Берілген білім практикада түрлі жұмыстар арқылы бекітіліп, тексеріліп отырады. Қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыстарының негізгі түрлері :

2 Жазба жұмыстарын өткізу әдістемелері
2.1 Диктант түрлері
Белгілі бір грамматикалық ережелерге байланысты жүргізіледі. Ең алдымен ережені түсіндіріп алып, содан соң ережеге сай келетін сөйлемдерді айтып, оқушыларға жаздырады. Ол түсіндірме диктанттың есту арқылы болатын түріне (құлақ жаттықтыру) жатады. Мұның көру арқылы болатын түрі де бар (көз жаттықтыру). Кітаптан бір үзінді алып, сыныптағы барлық оқушыларға оны оқытып, оқығанын жатқа жаздырады немесе тақтаға ережеге байланысты орфограммалары бар сөйлемдерді жаздырып, олардың емлесін түсіндіріп болғаннан кейін, тақтаға жазғанды жауып немесе өшіріп, оны оқушыларға жатқа жаздыртады. Сонан соң тақтадағы жабулы сөйлем ашылады, оқушылар қателерін түзетеді. Көру диктантына 15-20 минут ғана уақыт бөлінеді.

2.2 Мазмұндама
Жазба жұмыстарының бір түрі – мазмұндама. Оқушылардың ауызша, жазбаша тілін дамыту мазмұндамадан басталады. Мазмұндама мәтін оқу, сұрақтарға жауап беру, баяндау, әңгіме айтуға дағдыландырудан шығады.
Мазмұндама мәтінін мұғалім өзі сыныпта мәнерлеп оқып береді. Одан соң мәтін мазмұны қысқаша айтылып, ондағы түсініксіз сөздер түсіндіріледі. Оқушылар мәтін мазмұнын баяндағанда (ауызша, жазбаша) мұғалімнің айтқан қалпында қайталамай, өз ойы, өз сөзімен құрастырып жазғаны жөн.
Оқушылардың ізденістерін аттыруда, өз көзқарастарын баяндап жазуда мазмұндама мәтініне мынадай талаптар қойылады:

2.3 Шығарма
Оқушылардың тілін ұстарту жұмыстарының жүйесінде шығарманың алатын орны ерекше. «Шығарма» сөзінің аясы кең. Біз «Абай шығармасы», «М.Төлебаев шығармасы», «Ә.Қастеев шығармасы», «Х.Наурызбаев шығармасы» дегенде әр түрлі мағыналарды түсінеміз. Абай шығармасын айтқанда - сөз өнерін, М.Төлебаев шығармасынан – музыка өнерін,
Ә.Қастеев шығармасынан – сурет өнерін, Х.Наурызбаевтың шығармасынан – кескін-мүсін өнерін түсінеміз.

2.4 Жаттығу жұмыстары
Жаттығу дегеніміз – белгілі бір дағдыны, іскерлікті немесе ереже–анықтаманы, әдісті, т.б. үйрену, меңгеру үшін жасалатын жұмыстарды айтамыз. Жаттығу жұмыстары сыныпта және үйде орындалады.
Тақырып түсіндірілгеннен кейін, жазба жұмыстың түрі жаттығу жұмыстары орындалады. Дұрыс ұйымдастырылған бұл жұмыстың нәтижесі біріншіден, оқушының білімін нақтылайды әрі нығайтады. Екіншіден, өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой қабілетін арттырады. Үшіншіден, қажетті кезінде алған білімін тәжірибеде қолдана білу дағдыларын қалыптастырады. Сабақтағы жаттығу жұмыстарының басты мақсаты – білімнің берік те тиянақты болуын қамтамасыз ету.

2.5 Оқушылардың жазба жұмыстарында кездесетін қателер түрлері, оларды болдырмау жолдары
Оқушылар тіл грамматикасының ережелерін, оның заңдылықтарын саналы түрде игеріп, оларды ауызша сөйлеуі мен жазба жұмыстарында дұрыс қолдана алу керек.Оқушылар қажетті ережелерді жаттап алып, ауызша айтып бергендерімен, жазба жұмыстарын орындауда тиісті орындарда қолдана алмай жатады.
Оқушылардың сауаттылығын анықтау мақсатында жүргізілген жазба жұмыстарда байқалған, жіберілген қателерді екі топқа бөлуге болады:

2.6 Сабақтарда жүргізілген жазба жұмыстарының типтері мен түрлері
Ә.Алдамұратов «Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру психологиясы» еңбегінде эксперименттік сабақтарда жүргізілген жазба жұмыстарының типтері мен түрлерін үш топқа бөлген:
1. Тұрақтандыру жаттығулары.
2. Бақылау жұмыстары.
3. Шығарма жазу.

Қорытынды
Қай пәнді оқытуды алсақ та, мұғалім шәкірттерінің жан-жақты білім алуына, ойының дамуына түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ықпал етеді. Жас жеткіншектердің қоғамдағы болашақ тұлға ретінде қалыптасып дамуының негізгі іргетасы, ойының ұшталуы мектеп қабырғасынан қаланары анық. Сондықтан да болар еліміздің Білім беру заңында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде «Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту» баса айтылған.