Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиет

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 23 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Сөз таптарының сөзжасамы


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы. Жалпы сөзжсам 6
1.1 Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы 6
1.2 Жалпы сөзжсам 6
1.3 Сөзжасам жүйесі 7
2 Сөз таптарының сөзжасамы 11
2.1 Зат есімнің сөзжасамы 13
2.2 Сын есімнің сөзжасамы 15
2.3 Сан есімнің сөзжасамы 15
2.4 Етістіктің сөзжасамы 16
2.5 Есімшенің сөзжасамы 17
Қорытынды 20
Пайдаланған әдебиеттер 23

Кіріспе
Етістіктің сөзжасамы өте кең әрі жиі талқыланатын тақырыптардың бірі. Осы «Етістіктің сөзжасамы» атты курсттық жұмыстың өзектілігі мынада болып саналады. Жалпы алғанда, тіліміздегі етістіктердің санына қарай оның көптеген тәсілдер мен жолдар арқылы жасалуын да ескергеніміз жөн. Етістік сөзжасамының жасалуы уақыт өте келе бір жерде тоқтап қалмай, дамып, байып келеді. Тілімізге басқа тілдерден енген сөздер арқасында осы етістік сөзжасамы атты сала жақсы әрі қарқынды дамып келеді. Сол себепті дамып келе жатқан осы білім саласын жан-жақты зерттеп, қыр-сырын терең қарастырғанымыз дұрыс. Міне осы мәселелердің бәрін де қамтып қарастыру өзекті мәселе болып саналады.

1 Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы. Жалпы сөзжсам
1.1 Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы
Туынды түбір етістіктердің басым көпшілігі түбір морфемаларға жұрнақ(-тар) қосылуы арқылы жасалады. Тегіне қарай есім негізділер деп топтап, оларды етістік негізділерден бұрын сипаттау қажет болады. Өткені туынды түбір етістіктердің бұл тобы өзге етістіктер сияқты етістіктен етістік жасауға да қатынасады.
Туынды түбір етістікке негіз болатын есімдердің ішінде зат есімнің орны ерекше Бұдан соңғы ауызға алынатын – сын есім. Сан есім мен есімдік, үстеу, одағай, еліктеуіш, бейнелеуіш сөздерден де етістік жасалады.

1.2 Жалпы сөзжсам
1. Ол баста сабақты етістіктердің объектісі болған (болатын да) ас (ас жеу), ат (атын айту), жиын (жиын жаю) туынды түбір зат есімдер – а, - е аффиксті ас-а, жин-а, жұмс-а туынды түбірлер туынды түбір сабақты етістіктерге айналады.
2. Туынды түбір сабақты етістіктің ендігі бір тобына: өрт-е, сын-а, мін-е, түз-е, тең-е, қин-а, жасқ-а туынды түбірлер жатады.

1.3 Сөзжасам жүйесі
«Етістік» деген, біріншіден, сөз табының атын, екіншіден, осы сөз табына жататын лексикалық единицаларды да білдіреді. Бар, кел, жүр, жүгір, айнал, домала, секеңде туынды түбірлердің бәрі де – етістіктер. Үшіншіден, осы етістік сөздердің: бардым, барармыз, барсаңшы, барғай, бармағанмен, бару, бармау туынды түбір әлденеше ондаған сөзформа түрлері де – етістік. Туынды түбір етістік осы етістіктердің қайсысына қатысты яғни қайсысы алда жасалуын баяндағалы отырған туынды түбір етістіктерге негіз болады және ол негіз болатындарға қандай синтетикалық сөзжасам модельдері қатынасады. Алдымен осы мәселені арнай сөз етуге тура келеді.
Туынды түбір етістіктерге негіз болатын етістіктер:

2 Сөз таптарының сөзжасамы
Етістік синтетикалық тәсілмен ғана жасалып қоймайды, сонымен бірге аналитикалық тәсіл де етістіктің жасалуыеда кең қолданылады. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктер саны туынды түбір етістіктерден көп болмаса аз емес. Сондықтан аналитикалық тәсіл етістік сөзжасамының негізгі тәсілдерінің бірі және ол тәсіл – тілімізде көне кезеңдерден бері қарай үздіксіз қолданылып келе жатқан өте өнімді тәсіл.
Етістік сөзжасамының аналитикалық тәсілі деп сөздерді бір-біріне тіркестіру арқылы күрделі қимыл ұғымын немесе сөзге қимыл мағынасын беруді айтамыз [9] .

2.1 Зат есімнің сөзжасамы
Қазақ тіл білімінде күрделі сөз проблемасы ертеден түрлі ғалымдардың зерттеу объектісі болып келді [10]. Күрделі сөздерді арнайы зерттеулер түркологияда да, қазақ тіл білімінде де бар.
Күрделі сөз түркологиядағы өте ірі проблемаларға жатады, оның әлі шешуді керек ететін мәселелері де көп. Солардың біріне күрделі етістіктер жатады. Түркологияда күрделі етістік деген термин өте кең мағынада қолданылып, оған сырттай ұқсастығы бар тілдің түрлі фактілері жатқызылып келді. Мысалы: жәрдем ет, жүрек жұтқан, келіп кет, келе алмау сияты түрлі типті сөздердің бәрін күрделі етістік деп тану түркологияда біраз уақыт орын алып келді [11].

2.2 Сын есімнің сөзжасамы
Күрделі етістік ең кемі екі компоненттен құралады. Күрделі етістіктің компоненттері көбіне тілдегі байырғы сөздік қорға жататын негізі түбір етістіктерден болады. Бұл жағдай күрделі етістіктердің жасалуы көне кезеңдерге жататынына айғақ сияқты. Басқаша айтқанда, күрделі етістіктердің көбінің негізгі түбір етістіктерден жасалуына қарап, олар тілде туынды түбір етістіктердің аз, негізгі түбір етістіктердің көп кезеңіне жасалған болар деген жорамал жасауға болады. Бұлай жорамал жасауға себеп күрделі етістіктің құрамына тілде сол кезде бар етістіктер ғана кірген.

2.3 Сан есімнің сөзжасамы
Күрделі етістік жасауда тірек компонент ерекше қызмет атқарады. Тірек компонент күрделі етістік жасаушы негізгі тұлға деп қаралуға тиіс, өйткені тірек компонент тілдегі түбір етістіктерге жалғанып, олардан күрделі етістік жасайды. Тірек компонент күрделі етістіктің құрамында екінші орында тұрады, яғни тірек компонент – күрделі етістікті аяқтап тұртын соңғы сөз. Дәлірек айтсақ, күрделі етістіктің құрамында алдымен ауыспалы компонент, онан соң тірек компонент тұрады.

2.4 Етістіктің сөзжасамы
Күрделі етістіктің қашанда бірінші компоненті өзгергіш келеді. Бір күрделі етістіктегі бірінші компоненттің басқа күрделі етістікте кездесуі міндетті емес, ал тірек компоненттер болса, бірнеше күрделі етістікке қолданылады және оның басқа күрделі етістіктердің құрамында болу міндетті шарт ретінде қарауға болады.

2.5 Есімшенің сөзжасамы
Күрделі етістік – сөзжасамның аналитикалық тәсілінің нәтижесі. Сондықтан күрделі етістік тілде біртұтас лексикалық мағына береді. Күрделі етістіктердің құрамындағы компоненттердің мағынасы кірігіп, біртұтас мағынаға ие болады. Ол – жалпы күрделі сөз атаулыға қатысты ортақ заңдылық, өйткені күрделі сөз жасалғанда, ол бұртұтас лексикалық мағына арқылы ғана күрделі сөз бола алады, ортақ лексикалық мағынасыз күрделі сөз болуы мүмкін емес, тек сөз тіркесі ғана болады.

Қорытынды
Етістіктің сөзжасамы өте кең әрі жиі талқыланатын тақырыптардың бірі екені бәрімізе де белгілі. Осы «Етістіктің сөзжасамы» атты курсттық жұмыстың өзектілігі жалпы алғанда, тіліміздегі етістіктердің санына қарай оның көптеген тәсілдер мен жолдар арқылы жасалуы деп жоғарыда кіріспеде айтып кеткен едім. Етістік сөзжасамының жасалуы уақыт өте келе бір жерде тоқтап қалмай, дамып, байып келеді. Тілімізге басқа тілдерден енген сөздер арқасында осы етістік сөзжасамы атты сала жақсы әрі қарқынды дамып келеді. Сол себепті дамып келе жатқан осы білім саласын жан-жақты зерттеп, қыр-сырын терең қарастырғанымыз дұрыс. Міне осы мәселелердің бәрін де қамтып қарастыру өзекті мәселе болып саналады.