Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар
Жоспар
1 Еңбекке уақытша жарамсыздықтың жағдайлары 3
2 Уақытша жарамсыздық қағазы 4
3 Өндірістік жарақат 5
4 Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері 6
5 Жәрдемақының мөлшері 8
Әдебиеттер 14
1 Еңбекке уақытша жарамсыздықтың жағдайлары
Еңбекке уақытша жарамсыздықты қызметкердің науқастануына, еңбек жарақатын алуына орай немесе заңдарда әлеуметтік деп танылған өзге де себептер орын алған жағдайда еңбекке қабілетінің жоғалуына немесе төмендеуіне байланысты өзінің еңбек міндеттерін орындай алмауы ретінде түсінуге болады. Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақыны берудің мақсаты болып еңбекке қабілетті қалпына келтіру, сонымен қатар қызметкердің қызметтестерінің және оның отбасы мүшелерінің денсаулықтарын қорғау мақсаттарында созылмалы аурулардың, қызметкерде қандай да бір аурудың туындауының немесе дамуының алдын алу.
Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар төмендегідей жағдайларда тағайындалады және төленеді:
2 Уақытша жарамсыздық қағазы
Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақыларды тағайындау және төлеу үшін негіз болып белгіленген тәртіпте берілетін еңбекке уақытша жарамсыздық қағазы табылады.
3 Өндірістік жарақат
Еңбекке уақытша жарамсыздық қағазында бекітілген еңбекке қабілетінен айырылу тек аурудың нәтижесінде ғана емес, еңбек жарақатының нәтижесінде де орын алуы мүмкін.
4 Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері
Ауырған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы еңбекке жарамсыздық орын алған бірінші күннен бастап еңбекке қабілет қалпына келген күнге дейін немесе медициналық әлеуметтік сараптамалық комиссия (МӘСК) мүгедектікті тағайындағанға дейін төленеді. Бірақ, еңбекке уақытша қабілетсізідіктің барлық жағдайларында жәрдемақы қатарынан 2 айдан артық төленбейді.
5 Жәрдемақының мөлшері
Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленеді.
Негізгі жұмыс орны ретінде еңбек кітапшасы (мұнда орындалатын жұмыс туралы жазбалар болуы тиіс) жатқан жұмыс саналады.