Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар
Жоспар
1 Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының түсінігі 3
2 Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды төлеу кезеңдері 3
3 Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының мөлшері 4
4 Жәрдемақыны төлеу мерзімі 5
Әдебиеттер 7
1 Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының түсінігі
Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар – азаматтарға бала туған кезде берілетін жәрдемақылардың бір түрі, әйелге жүктілігі және босануы бойынша, еңбек демалысы кезінде төленетін ақшалай соманы білдіреді.
2 Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды төлеу кезеңдері
Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды төлеу, жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысының бүкіл кезеңіне төленеді. Әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша, босанғанға дейін ұзақтығы 70 күнтізбелік күнге, босанғаннан кейін 56 (ауыр босанған немесе екі не одан да көп бала туған жағдайда жетпіс) күнтізбелік күнге демалыс беріледі.
3 Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының мөлшері
Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар, жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысының бүкіл кезеңіне жалақының 100 проценті мөлшерінде төленеді. Жәрдемақының мөлшері жинақталып есептеледі және әйелдерге босанғанға дейін іс жүзінде пайдаланған күндердің санына қарамастан толық көлемде (яғни, 126 күнтізбелік күн үшін) төленеді.
4 Жәрдемақыны төлеу мерзімі
Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар еңбек демалысының бүкіл уақытына беріледі.
Жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысының күндері, босанғаннан кейінгі еңбек демалысының күндерімен біріге жинақталып есептеле отырып, 126 күнтізбелік күнді құрайды және бұл кездегі төленетін жәрдемақы біржолғы болып табылады. Ауыр босанған немесе екі не одан да көп бала туған жағдайда жәрдемақы 140 күнтізбелік күн үшін төленеді.