Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы рөлі
Мазмұны
Кіріспе 3
І тарау. Бухгалтерлік есеп саясатының мәні және оның шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқарудағы рөлі 4
1.1 Бухгалтерлік есеп саясатының мәні 4
1.2 Бухгалтерлік есептің принциптері 9
1.3 Кәсіпорындардың есеп саясаты 10
ІІ Тарау. Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы рөлі 14
2.1 Аудиттің мәні мен қажеттілігі 14
2.2 Аудиттің негізгі принциптері 20
2.3 Аудитті ұйымдастыру әдістемесі 22
2.4 Аудит түрлері және олардың сипаты 29
ІІІ тарау. Бухгалтерлік есеп саясаты мен аудитті жетілдіру мәселелері 49
3.1 Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалары 49
3.2 Аудит тұжырымдамасы, постулаттары және стандарттары 51
3.3 Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен аудиттің халықаралық стандарттарына өту мәселелері 54
Қорытынды 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 58
Кіріспе
Елімізде нарықтық қатынас жылдан – жылға келеді. Нарықтық экономиканы әрі қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық қатынасқа түсуші жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты талдау жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі зор.
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық - әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі бір ғалым Б.Де Солазано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің, ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорының қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет.
Аталған мәселелер таңдаған тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды.
Дипломдық жұмысымыздың мақсаты бухгалтерлік есеп пен аудиттің мәнін, қазіргі кездегі олардың кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орнын, ұйымдастыру мәселелерін, принциптерін қарастыру болып табылады.
І тарау. Бухгалтерлік есеп саясатының мәні және оның шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқарудағы рөлі
1.1 Бухгалтерлік есеп саясатының мәні
Бухгалтерлік есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басқарушыларының талабын қанағаттандыру үшін бухгалтерлік есеп жүйесі дұрыс ұйымдастырылуы керек.
Ұйымдастыру деп - есеп жүргізудің жағдайын, мұның құрамдас элементтерін, есеп кезеңдерін (бастапқы құжаттан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепті тапсыру мен құжаттарды архивке өткізуге дейінгі аралық) арнайы тәртіпке сай қатаң сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізудің түрлерін (форма), есептеу техникаларын тиімді пайдалануды айтады. Сонымен қатар бухгалтерлік есепке тән ережелер мен нұсқауларды, нормативтік заң актілерін қатаң сақтау қажет.
1.2 Бухгалтерлік есептің принциптері
Бухгалтерлік есеп – бұл мүліктер туралы, міндеттемелер және шаруашылық операцияларын мәліметтерін ақшалай алу үшін, өңдеу, тіркеу жұмысын өлшеу үшін жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты болып оның мәніндегі информацияны толық түрінде жинақтау, көрсету және, ішкі және сыртқы қолданушылармен онымен қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есепке түмендегі талаптар қойылады:
1.3 Кәсіпорындардың есеп саясаты
Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық жағдайға түсіп дамуына байланысты бухгалтерлік есеп жүйесі қайта құрылып, жаңа халықаралық стандартқа сай жетілдіру керектігі жоғарыда айтылған болатын.
Қойылған осы бағытқа байланысты әрбір кәсіпорындар бойынша, бұлардың ішкі ерекшеліктеріне сай жыл сайын есеп саясаты жасалып, бекітілетін болды. Есеп саясатын жасаудың мақсаты – есеп объектілерінде қолданылатын әдістердің тиімді жолдарын таңдау мен меншік иелігіне берілген құқықтық тұрғыдағы мүмкіндік.
Кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсатына қарай жасалған есеп саясаты осы кәсіпорындағы материалдық және қаржылық ресурстарды бойынша тиімді жұмсап, нарықтық конъюнктура сай экономикалық шешім қабылдау болып табылады. Есеп саясатын іске асырып, мұның негізгі бағытын анықтап, қолданылатын есеп объектілері мен әдістерін белгілеу күрделі мәселелер қатарында келеді.
ІІ Тарау. Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы рөлі
2.1 Аудиттің мәні мен қажеттілігі
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында - ғылыми мен білім практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латынының «аиdіо» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық жұмыс барысында тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап - басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда «аудитор»- «тыңдаушы» дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
2.2 Аудиттің негізгі принциптері
Аудит жұмысы нақты принциптерді сақтау арқылы жүргізіледі.
1. Ғылыми негізділігі. Аудиттің ғылыми негізі оның методологиясының диалектикалық әдісімен дамиды. Экономика теориясындағы объективтік шындықты негізге алу болып табылады. Аудит жұмысының барлық мәліметі, тұжырымы ғылыми жолмен анықталған, дәлелденген болуы қажет. Аудит қызметінің ғылыми даму барысы оның көптеген нақты факторларын талдау арқылы ол өзінің теориясын құрайды. Аудит жұмысы барысында ғылыми зерттеу әдісі қолданылады. Мысалы, аудитте экономикалық талдау қолданылады, ол яғни фактілерді зерттеп қорытынды жасау. Сондықтан да аудит фирмаларының басшылары ғылыми зерттеу жұмысын, тәжірибесін игерген ғалымдар.
2. Объективтілік. Бұл қағида ойлану, тек қана фактіге сүйену арқылы ғана тұжырым жасау. Аудитор шыншыл, бұрмалаушылыққа бармайтын, тазалық ұстайтын маман болуы керек. Ол өзінің аудиторлық қорытындысына кәсіпорынның табыстылық ақпаратын шыншылдықпен тексеріп, объективті көрсеткіштерін анықтауға міндетті. Оның қорытындысы ешқандай күдіктенбеу шілікке жол бермейтін дәлелді болуы қажет.
2.3 Аудитті ұйымдастыру әдістемесі
Аудит жүргізу үшін шаруашылық субъектілері (тапсырушылар) аудит
фирмаларымен немесе жеке аудиторлармен аудит шартын жасасуы қажет. Қалыптасқан тәртіп бойынша шарт жасаудан бұрын аудит фирмасы немесе жеке аудитор өз тарапынан міндеттеме - хат жазуға тиісті.
Аудитордың міндеттеме хаты өзінің тапсырушы алдындағы жазбаша түріндегі беретін өз жауапкершілігін, алдына қойылған міндет-мақсаттарды орындау үшін көрсететін қызметіне анықтама беру. Аудит шартын жасаудан бұрын міндеттеме хатты тапсырушы өз тарапынан зерттеп, жан-жақты талқылап содан кейін ғана міндеттеме хаттың мазмұны ойынан шыққан жағдайда ғана аудит шартын жасауға келіседі.
2.4 Аудит түрлері және олардың сипаты
Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің түрлері субъект ретінде ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді. Заңдылық тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жұмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысты түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.
ІІІ тарау. Бухгалтерлік есеп саясаты мен аудитті жетілдіру мәселелері
3.1 Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалары
Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағына білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қай - қайсысының болмасын өз мақсаты, қолдану аясы, анықтамасы, қолданысқа енген уақыты және мазмұны болады.
Мақсаты. Бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы және есеп мәселелері қысқаша баяндалады.
3.2 Аудит тұжырымдамасы, постулаттары және стандарттары
Аудит теориясы оның мазмұны, мақсаты және ғылыми әдістемелері құрайды десек, оған қоса оның ғылыми теориялық мәселесін, мазмұнын және пәнін зерттейтін, анықтайтын тағы да ерекше түсініктемелер бар. Профессор Дж.Робертсонның айтуынша оған аудит тұжырымдамасы, қағидасы және стандарты жатады. Аудит ғылымының даму тұрғысынан қарайтын болсақ аталған үш элемент ерекше орын алады.
«Концепция» деген сөз латын тілінен аударғанда – табиғат құрылысын түсіну, адамның өмірге көзқарасының жүйелілігі деп түсінуге болады. Яғни, ғылыми тұрғыдан өмірге, табиғатқа, экономикаға, саясатқа көзқарасын, өз ойын бір жүйеге келтіру. Аудит тұжырымдамасы оның ғылыми даму бағытын анықтайды.
Аудит теориясында бес тұжырымдама қарастырылады. Біріншісі – мінез-құлық этикасы. Барлық саналы, зерделі, білімді мамандарға тән мінез-құлық этикасынан басқа аудиторлық арнайы этика анықталған. Бұл мінез-құлық этикасының ерекшелігі тек аудитор емес барлық бухгалтер мамандарына тән ерекшелік. Бұл ерекшеліктің мазмұны аудит принципін қарастырғанымызда дербес, тәуелсіздік және біліктілік, жоғары сатыдағы мамандық түсініктемесін қарастырғанымызда анықталған. Яғни, тәуелсіздік, дербестік – екінші тұжырымдама, ал үшіншісі біліктілік, үздік мамандық.