Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Салық және салық өндіру

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 31 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Кәсіпкерлік қызметтегі арнаулы салық режимін қолдану


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Кәсіпкерлік қызметтегі салық режимінің теориялық аспектілері 4
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні 4
1.2 Салық салуды ұйымдастыру 9
2 Кәсіпкерлік қызметтегі арнаулы салық режимін қолдану 11
2.1 Шағын бизнес субъектілерінің арнаулы салық режимі 11
2.2 Патент негізіндегі және оң айтылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі 14
3 Кәсіпкерлік қызметтегі салық режимін арттыру жолдары. 18
3.1 Шет елдерде және Қазақстанда салық режимін қолдану тәжірибесі 18
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер 31

Кіріспе

Салық жүйесін жетілдіріп, қалыптастыру - өте күрделі процесс. Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет барысына кедергі келтірмейтін салық жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелер қатарында болып отыр.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, бәсекелес ортаның қалыптасуына, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.

1 Кәсіпкерлік қызметтегі салық режимінің теориялық аспектілері

1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіп - пен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

1.2 Салық салуды ұйымдастыру

Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін кіріктіретін салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді. Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады:
Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады. Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады: табысқа салынатын салық – бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады.
Тауарларға салынатын салықтар – олар қосылған құнға салынатын салықтарды, кеден баждарын кіріктіреді.

2 Кәсіпкерлік қызметтегі арнаулы салық режимін қолдану

2.1 Шағын бизнес субъектілерінің арнаулы салық режимі

Арнайы салық режимі әлеуметтік және корпоративтік немесе жеке табыс салықтары (жалдамалы қызметкерлердің еңбекақысынан ұсталатын табыс салығынан басқа), сондай-ақ салық жүктемесін кемітуге бағытталған жеңілдік ставкалары мен басқа да тетіктер бойынша салық есеп беруін есептеу, төлеу және берудің оң айтылған тәртібін көздейді.
Арнайы салық режимі немесе салық салудың жалпы белгіленген тәртібін таңдау кәсіпкерлердің еркімен жүргізіледі.
Арнайы салық режимі шегінде кәсіпкерлік қызметі нысананың көп түрлілігін ескеріп, шағын бизнес субъектісі үшін бюджетпен есеп айырысудың үш тәсілі ұсынылады:

2.2 Патент негізіндегі және оң айтылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі

Бизнесі тұрақты сипат алатын жеке кәсіпкерлер үшін бюджетпен есеп айырысудың патенттік нысаны көзделген. Оны жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын және жылына 2 млн теңгеден астам емес кіріс алатын жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметін жүзеге асырушы жеке кәсіпкерлер пайдалана алады. Патент нысанының бюджетпен есеп айырысудағы мәні қызметін жүзеге асырғанға дейінгі көрсетілген болжанатын кірісінен 3% мөлшерінде төлеу болып тұжырымдалған.Басқаша айтқанда, салықтарды кәсіпкер өзі болжанатын кіріске (3%-ке тең) бір тұтас ставканы қолдану жолымен, қандай да бір есеп айырысуларды жүзеге асырусыз есептейді. Алынатын сома жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтар түрінде тең үлестермен бюджетке кәсіпкер төлеуі тиіс патент құны болып табылады. Салық міндеттемелерін айқындаудың мұндай тетігі кәсіпкер үшін қиындық тудырмайды.
Мысалы, 80 мың теңгедегі жеке кәсіпкердің болжанатын кірісі кезінде патент құны 2400 теңге құрайды (80 мың теңге3% ). Патент құны жеке табыс салығы 1200 теңге мен әлеуметтік салыққа 1200 теңге бөлінеді. (2400 теңге /2=1200 теңге) жек бюджетке аударуға жатады. Жеке кәсіпкерге патентті патент құны мен жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын бюджетке төлеуді растайтын құжаттарды бергеннен кейін, бір күнтізбелік жыл ішіндегі кем дегенде бір ай мерзімге береді.

3 Кәсіпкерлік қызметтегі салық режимін арттыру жолдары.

3.1 Шет елдерде және Қазақстанда салық режимін қолдану тәжірибесі

Қазіргі таңда Қазақстан салық салу жүйесін қалыптастырудың күрделі жолынан өтті.Ендігі уақытта қай мәселе дұрыс шешілді, ал қайсысын жетілдіруге мүмкіндіктер бар екендігін түсіну талап етіледі. Мұны түсіну үшін осындай жолдан өткен басқа елдермен, мысалы Шығыс Еуропа елдерімен өз еліңді салыстыру қажет. Әдеттегідей, Шығыс Еуропа елдерінің салық саясаты жеке капиталды тартуға есептелген. Салық жеңілдіктерінің көтермелеу ықпалын кәсіпкерлік қызметке жанама көмек нысаны ретінде қарастыруға болады. Бұл жұмыста корпоративтік табыс салығы (КТС), жеке табыс салығы (ЖТС) және қосымша құн салығы (ҚҚС) үлгісінде Шығыс Еуропа елдерінің (Польша, Чехия, Венгрия) және Қазақстанның салық жүйелерінің қазіргі замандағы жай-күйі салыстырмалы түрде талданады.

Қорытынды

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық - экономикалық құрылысы мен саяси іс - бағытына қарамастан мемлекет кірістерінің негізгі көзі - ұлттық табысты қайта бөлудің басқы қаржылық тетігі, мемлекет кірістерін, тиісінше, бюджеттік қордың кірістерін де қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.Халықтың әлеуметтік жағдайы салық салу саясатында негізгі фактор ретінде қала береді. Шаруашылық субъектілері мен халық неғұрлым бай болатын болса, соғұрлым салық базасы да кең, яғни салықтық түсімдердің көлемі де жоғары.
Орта және шағын кәсіпкерлікке қолданатын салық саясатын жетілдіруде келесі мәселелерді ұстанған жөн: