Факторингтік операцияларды қаржыландыру құралы ретінде жетілдіру жолдары
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І. БАНКТЕРДІҢ ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Банктердің факторингтік операциялары және олардың экономикадағы ролі 7
1.2 Әлемдік тәжірибедегі факторингтік операциялардың даму тарихы 14
1.3 Факторингтік операциялардың түрлері және келісім шарттары 19
ІІ. ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ 25
2.1 Факторингтік операцияларды ұйымдастыру және талдау 25
2.2 Қазақстандық банктердің факторингтік операцияларын талдау және бағалау 30
2.3 Факторингтік операциялардың құнын және табыстылығын бағалау әдістемесі 40
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДА ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 48
3.1 Қазақстанда факторингтік операцияларды реттеу ерекшеліктері мен мәселелері 48
3.2 Факторингтік операцияларды қаржыландыру құралы ретінде жетілдіру жолдары 53
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Кәсіпкерлік қатынастарда келісім бойынша тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) сатып алушы өзінің міндеттемелерін келісім бойынша белгілі бір мерзім өткеннен кейін орындауды мойнына алатын жағдайлар жиі кездесіп отырады. Экономиканың тұрақсыздығы жағдайларында тауарларды жеткізіп беру және оларды төлеу арасындағы уақыт айырмашылығы түрлі салалардағы кәсіпорындар арасындағы төлемдерді кешіктірумен немесе мүлдем төлей алмау жағдайларымен байланысты болып келеді. Сол себепті, көптеген кәсіпорындар жетпей жатқан қаржы ресурстарын басқа қаржыландыру көздерінен тартуға мәжбүр болады. Осындай қаржыландыру көзін кәсіпорындар дебиторларға деген өздерінің ақшалай талаптарын сату арқылы алуына болады. Мұндай қаржыландыру әлемдік практикада ақшалай талаптарды беру (сату) арқлы қаржыландыру, немесе факторинг, деген атауға ие болды.
Кез-келген кәсіпорын қызмет ету барысында өндірісті қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесімен тығыз байланысты болады. Өндіріс барысын қаржыландыру үшін кәсіпорындар қаражаттар тартудың алуан түрін қолдана алады. Осындай қаржыландыру көздерінің қатарына факторингтік операциялар да жатады.
Зерттеу объектісі. Зерттеу объектісі ретінде жалпы халықаралық практикадағы және Қазақстан Республикасы жағдайындағы коммерциялық банктердің факторингтік несиелеу ерекшеліктері қарастырылады.
Диплом жұмысы барысындағы зерттеу жұмысының теориялық және әдіустемелік негіздерін отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектері, сондай-ақ мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары құрайды. Зерттеуге алынған объектіні қарастыру барысында экономикалық, салыстырмалы, статистикалық және логикалық әдістер қолданылды.
Жұмыстың ақпараттық негізі ретінде бірнеше отандық коммерциялық банктердің мәліметтері, Қазақстан Республикасының ресми нормативтік-құқықтық және заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің қаулылары, және басқа да ақпараттар қолданылды.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы – мұндағы зерттеу нәтижелері мен қорытындылары Қазақстандағы факторингтік қатынастарды дамыту үшін қолданыла алады.
І. БАНКТЕРДІҢ ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктердің факторингтік операциялары және олардың экономикадағы ролі
Мемлекеттің қаржы-несие жүйесінде коммерциялық банктердің ролі ерекше. Коммерциялық банктер экономикадағы бос ақша қаражаттарын жұмылдырып, оларды орналастыру қызметін атқара отырып, ақша айналымының үззіксіз жүріп отыруын қамтамасыз етудің негізгі буыны болып табылады. Олар несие нарығының және жалпы экономиканың барлық салаларына қызмет көрсететін әмбебап, көпқызметті ұйымдар болып табылады. Банктер несиелік ресурстардың басым бөлігін өз қолдарында шоғырландырып, өздерінің клиенттеріне алуан түрлі қызметтер ұсынады: несиелеу, депозиттер тарту, есеп айырысу бойынша қызметтер көрсету, құнды қағаздар мен валюталарды сатып алу және сату, оларды сақтау және тағы басқа операциялар. /1/
Қазіргі таңдағы коммерциялық банктер, қаржылық дәнекерші қызметін атқара отырып, маңызды экономикалық қызмет атқарады, ақша капиталының салааралық және аймақаралық бөлінуін қамтамасыз етеді. Капиталды салалар және аймақтар бойынша бөлу және қайта бөлу механизмі өндірістің объективті қажеттіліктеріне сай дамуына және экономиканы құрылымдық өзгертуге септігін тигізеді.
1.2 Әлемдік тәжірибедегі факторингтік операциялардың даму тарихы
Қазіргі кездегі «факторинг» деп анықталатын экономикалық қатынастар XVI-XVII ғасырлардан бастау алады және саудалық-қаржылық компаниялардың тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге кешенді коммерциялық-қаржылық қызметтер көрсету практикасының дамуының жемісі болып табылады. Тарихи тұрғыдан мұндай саудалық-қаржылық компаниялар өндірушілердің тауарларын өткізіп берумен айналысатын және нарықтық қатынастардың жаппай даму кезеңдерінде айтарлықтай маңызды роль атқарған болатын. Олар жабдықтаушылардың комиссиялық (саудалық) агенттері деп, басқаша айтсақ, факторлар деп аталатын. Олардың функциясына тауар өндірушілердің өнімдерін өткізіп беру ғана емес, сонымен қатар оларға ақшалай аванстар ұсыну және айналым капиталдарын несиелеу де кіретін. Комиссионер принципалдың атын құжаттарда көрсетпестен, өз атынан тауарды сатып, сатып алушыларға шот ұсынатын. Егер ол тауарды несиеге сататын болса, онда, әрине, ол қосымша сыйақылар алу үшін өз мойнына үлкен тәуекелді алатын.
1.3 Факторингтік операциялардың түрлері және келісім шарттары
Көптеген мамандар факторингті ақшалай талаптарды сатып алумен ғана шектейді, ал бұл аталған қаржылық қатынастардың көпқырлы шеңберін шектейді. Мысалға, факторинг тек коммерциялық несие принциптері бойынша тауарларды өткізу және қызметтерді көрсету процестері кезінде контрагенттер арасында пайда болатын төленбеген қарыздық талаптарды (шот-фактураларды немесе вексельдерді) факторингтік компанияға немесе коммерциялық банкке беру (сату) ғана болып қоймайды. Сонымен қатар, клиенттерге факторингтік қызмет көрсету кезінде бухгалтерлік, ақпараттық, коммерциялық, сақтандыру, құқықтық және басқа да маңызды элементтер орын алады.
ІІ. ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Факторингтік операцияларды ұйымдастыру және талдау
Факторингтік операциялар қазіргі таңда қаржыландыру құралы ретінде кәсіпорындар қызметінде кең қолданылып келеді. Факторинг кәсіпорындар қаржы ресурстарының жетіспеушілігінен қиындықтарға жолыққан жағдайда тиімді қаражат көзі қызметін атқарады. Кәсіпорын факторингтік компаниядан (немесе банктің факторингтік қызмет көрсетуші бөлімшесінен) несиеге қаражаттар алғанмен, оны қайтарып берудің қажеті жоқ – мұны өнімді сатып алушы тұлға (дебитор, борышкер) қайтарады.
2.2 Қазақстандық банктердің факторингтік операцияларын талдау және бағалау
Жоғарыда біз несие ұйымдары қаржылық қызмет көрсетудің факторингтік түрін практика жүзінде асырудың заңнамалық қарапайымдылығымен қоса оны жүзеге асыру үшін қарамағында жеткілікті көлемде ресурстардың және клиенттік базасының болуынан да ұтыс табатыны қарастырған болатынбыз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің қазіргі даму кезеңін және ТМД елдеріндегі орнын ескере отырып, олар аталған қызмет түрін көрсете отырып, тек өздері ғана коммерциялық тұрғыдан табыс тауып қана қоймай, сонымен қатар экономикамыздың нақты секторындағы кәсіпорындардың айналым қаражаттарын қаржыландыру мәселесін шешіп беруге, сол арқылы олардың экономикалық дамуына жағдай жасай алатындай қабілетіне кепілдік беруге болады.
2.3 Факторингтік операциялардың құнын және табыстылығын бағалау әдістемесі
Шетел тәжірибесі шағын және орта кәсіпорындар үшін, сондай-ақ келешекте өндіріс көлемі өсетін, алайда дебиторлардан төлемдердің уақытылы түспеуінен ақшалай қаражатқа мұқтаж қайтадан құрылған кәсіпорындар үшін факторингтің айрықша тиімді болатындығын көрсетіп берді. Осы орайда кәсіпорындар үшін факторингтің тиімділігін және қолайлылығын дәлелдейтін талдау жұмыстары шартты мысалдар ретінде қарастыралық. /26, 27/
Қаржы менеджерлері дебиторлық қарызбен жұмыс жасау саясатының өзгерісі кәсіпкерлікті қаржыландыру құнына қалай әсер ететінін білулері керек. Дебиторлық қарыз қаржыландырылған жағдайда, қаржыландыру құны өсіп немесе төмендеп кетуі мүмкін. Мысалы, факторингтік қызмет көрсету шарттары жеңілдесе, қаржыландыру құны өсіп кетеді, төленбеген соманы талап ету құқығы коммерциялық банкке аударылса, қаржыландыру құны төмендеп кетеді.
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДА ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Қазақстанда факторингтік операцияларды реттеу ерекшеліктері мен мәселелері
Экономикалық дамыған елдерде факторинг қаржы индустриясының дербес мықты саласына айналды. Оны сатып алушыға тауар несиесін, яғни төлем мерзімі ұзартылған несие ұсынушы түрлі қызмет саласындағы жүз мыңдаған компаниялар пайдаланады.
Қазақстан Республикасы жағдайларында бірінші кезекте ішкі факторинг кеңінен қолданылмайды, өйткені қазақстандық экспорттың негізін қазіргі таңда нақты факторлық тауарлар емес, шикізат көздері құрайды. Біздің экономикалық жағдайымызда бұдан әрі даму үшін айналым қаражаттары жетіспеушілігі кезінде факторингтік компанияның қарқындап өсуін қамтамасыз ете отырып, зор танымалдыққа ие бола алады. Кәсіпорын несиелік мекемеден ақша қаражаттарын алғанмен, оларды қайтаруға міндетті емес – мұны өнімді сатып алушы қайтарады.
Факторингтің негізгі мақсаты тез арада немесе шартта белгіленген мерзімде қаражаттар тарту болып табылады. Нәтижесінде сатушы сатып алушының төлем қабілеттілігіне тәуелді болмайды. Қаржылық қиындықтар туындаған жағдайда, банк сатып алушымен оның төлемдеріне кепілдік беру туралы немесе сатушымен және сатып алушымен мерзімінде төленбеген төлем құжаттарын төлеу құқығын факторингтік компанияға беру туралы шарт жасайды. /31/
3.2 Факторингтік операцияларды қаржыландыру құралы ретінде жетілдіру жолдары
Қазіргі таңда банктік несиелер басқа қаржыландыру құралдарымен салыстырғанда үстемдік құрып отырғаны белгілі. Осы орайда қазақстандық кәсіпорындар қымбат қаражат көздерін пайдалануға мәжбүр болып отыр, ал олармен қатар қазіргі таңда қаржыландырудың арзан көздері де бар. Атап айтар болсақ, өндірісті ұзақ мерзімді қаржыландырудың қазіргі кездегі бірден-бір тиімді жолы – бұл лизингтік қаржыландыру болып табылады. Ал кәсіпорынды қысқа мерзімді қаржыландыру, яғни айналым қаражаттарын қаржыландыру жағдайына келетін болсақ, онда банктік несиелерге балама ретінде коммерциялық несиелер мен факторингтік операцияларды қарастыруға болады. Алайда, соңғы аталған екеуі қысқа мерзімді қаржы құралы ретінде бүгінде өз қолдауын таппай отыр.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекеттің қаржы-несие жүйесінде коммерциялық банктердің ролі ерекше. Коммерциялық банктер экономикадағы бос ақша қаражаттарын жұмылдырып, оларды орналастыру қызметін атқара отырып, ақша айналымының үззіксіз жүріп отыруын қамтамасыз етудің негізгі буыны болып табылады. Олар несие нарығының және жалпы экономиканың барлық салаларына қызмет көрсететін әмбебап, көпқызметті ұйымдар болып табылады.
Қазіргі таңдағы коммерциялық банктер, қаржылық дәнекерші қызметін атқара отырып, маңызды экономикалық қызмет атқарады, ақша капиталының салааралық және аймақаралық бөлінуін қамтамасыз етеді. Капиталды салалар және аймақтар бойынша бөлу және қайта бөлу механизмі өндірістің объективті қажеттіліктеріне сай дамуына және экономиканы құрылымдық өзгертуге септігін тигізеді.