Батырлардың әлеуметтік табиғаты туралы сұрағы бойынша (ХІХ ғ.)
Соңғы уақытқа дейін қазақ фольклорын танушы тарихшылар мен әдебиетшілердің арасында батырлардың әлеуметтік бейнесі жөнінде сұрақтарға ғылымда қайшы көзқарастар орын алған.
Тарихи фактілерге қарамастан, батырлық-эпостық жырлардағы барлық қазақтың батырлары еңбекші халықтың мүддесін ғана қорғаушылар қатарына жатқызылып келген. Батырлардың әлеуметтік табиғаты жөнінде мұндай талқылаулар маркстік-лениндік түсінікпен қоғамдық-тарихи процесте еш бір қатынасы жоқ екені көрініп-ақ тұр.
Батыр сөзі татардың «багадур», «бакхатур» сөздерінен шыққан. Қазақ тарихынан, қазақ даласында халықтың сыртқы жаулардың езгісіне түскен уақытта, жауға қарсы күресте әскери қолбасшылары бар арнайы халықтық жасақтар құрылғаны белгілі. Бұл халықтық жасақтар ішінен айырықша ұрыста көзге түскендерді қазақтар «батырлар» деп атаған. Батыр сөзі қазақ және өзге түркі тілдерінде «күрескер», «күшті», «батыр», «қорқынышсыз», «жүректі» деген мағына береді.
Шоқан Уәлихановтың батырлықтың таптық табиғатына берген бағасынан біз батырлардың феодалдық иерархияда көрнекті орын алғанын көреміз.
Бірақ бұдан батырларды әлеуметтік категория ретінде тек соғыстардың арқасында ғана шықты деген қорытынды жасау асығыстық болады. Әскери - феодалдық шендегілердің өкілдері ретінде батырлардың таптық қалыптасуы ең бірінші кезекте қоғамның одан әрі феодалдануымен байланысты.