Ұлттық есеп жүйесі
Ұлттық байлық дегеніміз-қоғамда белгілі уақыт кезеңінде қолданатын және де экономикалық айналымға енетін материалдық ресурстар, өткен еңбекпен жиналған өнім және табиғи ресурстар жиынтығы.
Анализде қолданылатын ұлттық байлық статистиканың көрсеткіштер жүйесі негізгі келесі мінездемелерден тұрады:
Жиналған байлық статистикасы әртүрлі ұсыныстармен пайдаланудағы материалдық игіліктер жиынтығының формасы ретінде болады. Ол категориямен тығыз байланыстағы көрсеткіштер - қоғамдық өнім. Жиналған байлық құрамымен оның көлемі статистикада натуралды және ақшалай түрде өлшенеді.
Ұлттық байлықтың басты элементтері:
Әр өндіріс процесі еңбек құралдары көмегімен жиналатын еңбек затын қайта құру процесі болып табылады. Еңбек құралдарының жиынтығы бірнеше өндірістік циклде қолданылатын біртіндеп тозатын және өз құнын өнімге аударатын, сөйтіп өзінің табиғи формасын жоғалтпайтын негізгі өндірістік қорды құрайды.
Негізгі қорлар құрамын зерттеу үшін оларды келесі топтастырулар бойынша жіктеуге болады:
Негізгі өндірістік емес қорлар - өзінің табиғи формасын сақтайтын және біртіндеп құнын жоятын ұзақ өндірістік емес пайдалану объектісі. Оған жататын: тұрғын үй номиналдық шаруашылық қоры, мәдени ұйым, денсаулық сақтау орындары және басқа қорлар жатады.
Негізгі қорлардың барлығы жалпылай және оларды жеке зерттеу, сәттік және орташа көрсеткіштерімен сипатталады. Негізгі қорларды негізінен натуралдық және құндық өлшем бірліктерімен бекітеді: