Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарихы

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар

1941 жылы 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңестер Одағына соғыс жарияламастан тұтқиылдан басып кірді. Осылайша, 4 жылға немесе 1418 күнге созылған - Ұлы Отан соғысы басталды. Бұл соғыс Кеңес Одағы үшін бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртүтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды талап етті. Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады.

Мәскеуді неғұрлым тез арада басып алуды Гитлер соғыстың тағы да жеңістің кілті деп білді. Міне, сондықтан да Мәскеуге қарай вермахтың ең негізгі күштері бағытталып, ең маңызды, шешуші шайқастар басталды.
Мәскеу түбіндегі шайқаста Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар ерекше ерлік көрсетті. Олардың бірі - 316 атқыштар дивизиясы болатын. Дивизияның кұрамында Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, ішінара Қырғызстанның еңбекшілері де болды. Дивизияның командирі болып, аты аңызға айналған 25-Чапаев дивизиясының қатарында шайқасқан генерал-майор И.В.Панфилов тағайындалды. Дивизия оөлімдері қысқа мерзім ішінде әскери даярлықтан өтіп, 1941 жылдың 18 тамызында майданға аттанды.

316-атқыштар дивизиясы алғашқыда солтүстік-батыс бағытқа жөнелтіліп, кейіннен қалыптасқан жағдайға байланысты Мәскеуді қорғауға жіберілді. Волоколамск түбіндегі ұрыста дивизия ерекше көзге түсті. Алты күн бойы жаудың үздіксіз шабуылдарына тойтарыс бере отырып, 80-ге дуық танкісін қиратты және мыңдаған солдаттар мен офицерлерінің көзін жойды.

Дивизия соғыс жылдарында жаудың 43 ұшағын, 387 танкісін, 451 қаруын, 828 пулеметі мен басқа да көптеген қаруы мен соғыс техникасын колға түсірді. 1941- 1945 жылдары неміс - фашист басқыншыларына қарсы шайқастардағы ерлігі үшін құраманың 14 мыңнан астам солдаттары, сержанттары мен офицерлері көптеген ордендермен және медальдармен марапатталған [3, 96 б.]