Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 59 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Күрделі атаулардың қалыптасу ерекшелігі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Сөз, оның күрделі түрлерінің өзіндік ерекшелігі 7
1.1 Қос сөз, оған тән белгілер 7
1.2 Күрделі сөз жән оның түрлері 12
1.3 Кіріккен сөз және оған тән белгілер 13
1.4 Біріккен сөз және оның емлесі 20
2 Күрделі атаулардың теориялық негіздері мен зерттелу тарихы 28
2.1 Күрделі атау, сандық ұғымдардан жасалған күрделі атаулар – сөзжасамдық бірліктер 28
2.2 Қазақ тіліндегі сан атауларының зерттелуі жайында 34
2.3 «Бір», «екі», «үш», «төрт», «бес», «жеті» сан атауларының концептілері 36
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59

КІРІСПЕ
Бүгінгі күні тіл ғылымы жаңа бағытта дамып келеді. Жаңа бағыттағы зерттеулердің дені тілді адам баласының өзін-өзі тануының құралы ретінде қарау принципіне сүйенеді. Бұған дейінгі лингвистикадағы басым бағыт – құрылымдық болса, қазіргі кезде бұл дәстүрден өзгеше дәстүр қалыптасты. Тілді тек өз ішіндегі құрылым ретінде емес, адамның ой-санасы, мұқтаждықтары, жаны мен тәнінің өзгерісіне қарай құбылып қана қоймай, дамуының жаңа кезеңдерінде тіпті адам тұлғасы мен танымын қалыптастыра алатын тірі жүйе ретінде қарастыру басшылыққа алынған.

1 Сөз, оның күрделі түрлерінің өзіндік ерекшелігі
1.1 Қос сөз, оған тән белгілер
Басқа түркі тілдері тәрізді, қазақ тілінде де күрделі сөздерді компонеттерінің бір-бірімен байланысу тәсілі тұрғысынан әдетте екіге бөледі. Құрамындағы сыңарлары сабақтаса байланысып құрылғандарын біріккен сөздерге, ал салаласа байланысып құрылғандарын қос сөздерге жатқызады. Күрделі сөздерді осылай жүйелеу дәстүрге айналып кеткенімен, тіл мамандарының бұл турасындағы пікірлері бір жерден шығады деуге келмейді. Тегінде біріккен сөз болмаса, қос сөздердің таза лексикалық тұлға болу-болмауы жайында әр түрлі пікірлер бар. Мәселен, қайталама қос сөз турасында Н.К.Дмитриев «Башқұрт тілінің грамматикасы» деген еңбегінде грамматикалық жолмен жасалған форма болады дейді [1, 45], ал А.Н.Кононов «Өзбек тілінің грамматикасы» деп аталатын еңбегінде: Екі сөзді қосарлау негізінде пайда болған лексикалық комплекс жинақтау, жалпылама, қайталау, эксперессивтік мағына білдіреді дегенді айтады [2, 104].

1.2 Күрделі сөз жән оның түрлері
Біздіңше, қос сөз, қысқарған сөзді қоспағанда, нағыз күрделі сөздің үлгісіне – бүгін, биыл, былтыр, қолқап, қоян, жылан, жануар, асқазан, ұлтабар, қарақұс, аққу, шашбау, тамақбау, итмұрын, қарабауыр, тараққұйрық, әкел, апар, сексен, тоқсан, қарапайым, ақсақал, жарымжан, сары ала, көк ала, жақсы көру, еңбек ету, күнелту, құр қалу, он салу, сатып салу, шығарып салу тәрізді сөздер жатады.

1.3 Кіріккен сөз және оған тән белгілер
Қазақ тіліндегі кіріккен сөздерге бәйшешек, белбеу, қонағасы, қолқанат, бүгін, биыл, сексен, тоқсан, ағайын, өйткені, былтыр, қарлығаш тәрізді сөздер жатады. Кезінде тіл мамандары көрсеткендей, бұлар да күрделі сөздердің басқа түрлері тәрізді сөз тіркесінен ажыраған. Мәселен, белбеу - белге буынатын бау, сексен, - сегіз он, бүгін -бұл күн, қоян -қой сияқты аң т.б. дені екі, ал былтыр (бір жыл дұр) үш сөздің тіркесінен пайда болған. Көптеген лингвистикалық әдебиетте кіріккен сөздерді, әдетте, біріккен сөздер есебінде қарайды. Кейбір жеке еңбектерде ғана олар біріккен сөздерден бөлініп алынып, күрделі сөздердің өз алды жеке түрі есебінде қаралу керек деген пікір айтылады [4, 110].

1.4 Біріккен сөз және оның емлесі
Бұған: қарабауыр, асқазан, ұлтабар, көксерке, аққайран, мысыққұйрық, түйетабан, итмұрын, сиырбүлдірген, ақсақал, балажан, бозбала, жарымжан, санырауқұлақ, көкнайза, қылтамақ, албасты, көнтері, аққүла, екіқабат, есерсоқ, көнетоз, қарақұс, шашбау, аққу, мендуана тәрізді алуан түрлі сөздер жатады.

2 Күрделі атаулардың теориялық негіздері мен зерттелу тарихы
2.1 Күрделі атау, сандық ұғымдардан жасалған күрделі атаулар – сөзжасамдық бірліктер
Қазақ тіл білімінде күрделі сөздер мәселесі бүгінгі күнге дейін ғалымдардың назарынан тыс қалмай келе жатқан күрделі мәселелердің бірі. Осы күнге дейінгі зерттеулерге шолу жасайтын болсақ, қазақ тіл білімінде бұндай сөздердің табиғатына алғаш рет тілтанымдық зерттеулер жүргізген ғалым Ахмет Байтұрсынұлы болды. Ғалым күрделі сөздерді қос сөз деп атап, қазақ тілі дыбыс үндестігіне сәйкес келгенін бірге, «ауытқитынын» сызықша арқылы жазуды ұсынады. Мысалы басқұр, аққала, желкесер және жел-бау, жүк-аяқ, тілеу-бай [7, 153].

2.2 Қазақ тіліндегі сан атауларының зерттелуі жайында
Қандайда бір ортақ тіл иелерінің ұжымы бар жерде сан да бар. Себебі сандар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың бір-біріне қатысты мөлшер, көлемін анқытаудан туындап, адамның дүниені тануының бір құралына айналған. Қазіргі кезде сандар кез келген ғылымның мазмұнына еніп, сол ғылым үшін қызмет етіп келеді. Сонымен бірге қай тілде болмасын ұлттың сандарға қасиет бергені байқалады. Сан атауларына қасиет беру, оны киелі санау дәстүрі – көптеген халықтарда тым ертеден келе жатқан құбылыс. Мәселен, жапондықтарда бұл «сан туралы ілім» деп аталады. Бұл ілім бойынша бір-бір сан атауы тоғыз планетаға сәйкес келеді.

2.3 «Бір», «екі», «үш», «төрт», «бес», «жеті» сан атауларының концептілері
Тұрақты сөз тізбектерінің біраз бөлігі жеті, үш, тоғыз, қырық сияқты бірқыдыру сан есімдердің төңірегіне топталып жүреді. Бұл сөздердің белгілі бір тізбек, тіркестерге түп қазық болу себебі халықтың ежелгі дәуірдегі ұғым-түсінігімен, салт-санасымен ұштасып жатыр. Фразеологизм ішінде бұл сөздер нақтылы сан мағынасында қолданылуы шарт емес. Мысалы, жеті ғылым тілін біледі [жеті ғаламның тілін біледі], қырық ру дегендерде нақты саннан гөрі әйтеуір «көп» деген ұғым бар.

ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмысымыздың негізігі тұжырымдарын қорытындылайтын болсақ мыналарды көрсетуге болады:
● Күрделі атаулардың лексикалық тұрғыдан алғандағы көріністері, яғни сөзжасамдық бірліктер немесе сөздік қор бірліктеріне тек қана біріккен, кіріккен, күрделі, қос сөздер мен қысқарған сөздер жатпайды, бұлармен қоса идиомалық тіркестерді де қарастырғанды дұрыс санаймыз. Себебі күрделі атау болып табылатын бұндай тіркестер лексиканың фразеологиялық деңгейінде қарастырылғанымен, тілдік қолданыста күрделі сөздер сияқты бір ұғым не құбылысты білдіріп, тұтастай, дайын күйінде жұмсалынады. Мұндай сипаттағы бес қару, үш тоғыз, он екі мүше, алпыс екі тамыр, бес жақсы сияқты идиомалық тіркестердің құрамындағы сыңарлары алпыс екі, он екі, он бес сияқты күрделі сөздерден грамматикалық құрылысы мен білдіретін мағыналарының этностық сипатымен ерекшеленеді.