Ахмет Байтұрсынов - қазақ әліпбиінің атасы және кемеңгер
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әліпбиінің атасы және кемеңгер көсемсөзші 6
1.1 Жазу ережелері 6
1.2 Әліпби мәселесі 13
1.3 Қазақша пән сөздер 20
1.4 Оқу-ағарту мәселелері 24
2 Ахмет Байтұрсынов-қазақ тілін зерттеуші 29
2.1 Атауыш сөздер 29
2.2 Шылау сөздер 53
2.3 Одағай сөздер 55
Қорытынды 58
Әдебиеттер тізімі 63
Кіріспе
Ахмет Байтұрсынов - қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде Қазан революциясына дейін де, одан дейін де, аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, тарихта орны айрықша зор тұлға. Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, қазақ халқының « рухани көсемі» болған Ахмет Байтұрсыновтың ұланғайыр еңбегі сан саладан көрінеді. Ол- ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсатты орындау үстінде ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап- танытқан зерттеуші әрі сол, зерттеулердің негізінде « Әліппе» мен тұңғыш ана тілі оқулықтарын жазған автор. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынов- өз халқына саяси, мәдени, рухани және әлеуметтік өмірінің сан саласына көз тігіп тікелей араласқан ірі публицист, қоғам қайраткері. Байтұрсынов-өнер иесі-ақын; қазақтың тілін ғана емес, әдебиетін де, мәдениетін де зерттеуші ғалым.
1 Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әліпбиінің атасы және кемеңгер көсемсөзші
1.1 Жазу ережелері
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіліндегі дыбыстардың таңбасын, дауысты, дауыссыз дыбыс таңбаларын анықтап кестелеп келтірген. Мақалдар да бала қабылдауына сай теріліп алынған. Мысалы: «Оқу- білім азығы», Білім-ырыс қазығы», Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», «Білім жұғысады, ырыс ауысады», «Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас» деген қанатты тіркестер оқушының қабылдауына жеңіл, әрі тәлімдік мәні зор. Қазақ жұртының қоғамдық әлеуметтік дамуы үшін ұлттық баспасөздің атқарар орны ерекше.
1.2 Әліпби мәселесі
Ахмет Байтұрсынұлы-өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама. Егер біз, Ахмет Байтұрсынұлы құрған әліпбиіне мұқият зер салып қарайтын болсақ, онда қазіргі халқымыздың тіреліп отырған тіл мәселесінің шешімін сол ғалым 20 ғасырдың басында-ақ шешіп кеткеніне ғылыми түрде толық көзіміз жетеді.
Ол үшін алдымен,Ахмет Байтұрсынұлының араб графикасынан алып жасаған әліпбиіне ( төте жазуына) назар салған жөн.
1.3 Қазақша пән сөздер
Академик Р.Ғ. Сыздықтың ғылыми- шығармашылығының жан-жақты қырларының бірі ретінде ғалым тұлғасының қоғамдық, ұлттық санасын бейжай қалдыра алмайтын қазіргі терминология мәселесіне соқпай өте алмаймыз. Оның өзектілігін академик Рабиға Сыздықтың өз сөзімен берсек: «Алдымен, ана тіліміздің сөз қазынасына, оның терминдер деп аталатын қабатына қатысты мәселелер көзге түсіп отыр, яғни бұрын қолданылып келген шет тілдік сөздердің бірқатары қазақшаланып, оны біреулер қабылдап, екіншілері қабылдамай жатқаны, бірсыпырасының бұрын жазылып келген түрі өзгертіліп « қазақшаландырылуы» ойлантады. Бұл фактінің бар екенін айтып беру оңай, қиыны -оның себептеріне көз жүгіртіп, дұрыс түсіндіру болса керек».
1.4 Оқу-ағарту мәселелері
Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жоқ. Қай жұрт болса да оқумен ілгері басып тұрғандығын, кейін қалудың себебі оқудың кемдігінен екенінен екенінен көріп тұрамыз.
Осы замандағы жан таңырқарлық нәрсенің бәрі ғылыммен табылған. Адам баласын көкте құстай ұшқызған, суда балықтай жүздірген-ғылым. Дүниенің бір шеті мен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған-ғылым, от арба, от кемелерді жүргізген-ғылым.
2 Ахмет Байтұрсынов-қазақ тілін зерттеуші
2.1 Атауыш сөздер
Ахмет Байтұрсынов мұғалімдер даярлайтын оқу орнын бітірісімен, 1895-інші жылдардан бастап бала оқытуға кіріседі. 13-14 жыл бойы ауылдық, болыстық бастауыш мектептер мен 5-6 жылдық екі кластық училищелерде мұғалім болып істейді. Бала оқыта жүріп, сол оқыту ісіне қажетті жағдайлар жайын ойлайды: ең алдымен, қазақ балаларының сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбалары ( графикасы, сол кездегі термин бойынша «әліпби») бар ма, екіншіден, оқу жүйесі жолға қойылған, үкімет тарапынан ашылған мектептер бар ма, үшіншіден ондай әліпби мен мектебі болған күнде қазақ тіліндегі «Әліппесі» мен ана тілі оқулықтары бар ма, баланы ана тілінде оқытудың тиімді әдістері қайсы- міне, осыларға назар аударады.
2.2 Шылау сөздер
І. Үстеу
Үстеу дегеніміз- сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздерді айтамыз. Мәселен, «әрең келдім дегенде», «әрең» демесем де, келгенім көрініп тұр, бірақ «әрең»-ді қостағанда келгендік үстіне талай келгендік.
Үстеу бес түрлі: нықтаулық, сынаулық, өлшеулік, мезгілдік, мекендік.
1) Нықтаулық үстеу.
Нықтаулық үстеу дегеніміз- басқа сөздердің мағынасын нығыздау үшін айтылатын сөздер. Мәселен, ең жақсы, бек нашар, әбден қанды, тым шабан, өте тығыз, тіпті қысқа, тап өзі, нақ сол, нағыз арзан, дәл тиді, дөп тиді, дәлме-дәл, қас жаман. Осындағы ірі әріптермен жазылған сөздер нықтаулық үстеу болады. Бұлардан басқа да сөздердің мағынасын күшейтетін, нықтайтын сөздер нықтаулық үстеу болады.
2.3 Одағай сөздер
Одағай дегеніміз- одағайланып, оңаша айтылатын сөздер. Одағай сөздер қазақ тілінде көп. Бапрша шапшаң болған істі көрсету үшін айтылатын, барша шабыттау үшін айтылатын: барша жекіру, ақыру, тыйу, қайыру, тоқтату, басу, жұбату үшін айтылатын, барша қуаныш, реніш, кейістік, уайым, қайғы, күйінгенде, сүйінгенде, қорыққанда, шошығанда, таңданғанда, тамсанғанда, я жан күйзелгенд, қиналғанда, я рахаттанғанда айтылатын сөздер және шығатын дыбыстар- бәрі одағай болады. Солай болған соң бірнеше топқа бөлінеді.
Қорытынды
Өз халқының болашағы үшін күрескен ғалым, оқу-ағарту, әдебиет пен тіл майданында мол еңбек сіңірген, өнімді шығармашылықпен көзге түскен, 1930 жылдардағы зобалаң кезінде сталиндік нәубеттің құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлы сияқты асыл да, арыс үркердей қазақ зиялысын қастерлеп,ерекше құрметпен атап жүрміз. Өйткені, екі ғасыр тоғысында, одан бергі 1920 жылдарда ғылым, мәдениет, оқу-ағарту саласында өзгеше бір серпіліс туған дәуірде, жаңа ашылып жатқан мектептерге алуан түрлі оқулықтар жазып, әрбір ғылым-ілім басында тұрып, көшбасшы болу осы әзиз ағалардың үлесіне тиді. Таланты кемел, халқымыздың біртуар тұлғасы өз мамандығынан тыс психология, педагогика тағы басқа салаларға қатысты еңбектер жазып, ғылым мен оқу-ағарту ісін кең өріске алып шықты.