Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Рум құқығы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 12 стр.

Год: 2005

Полный просмотр работы

Рум құқығының шығу көздері (деректері)


Жоспар
1 Рум құқығының шығу көздері (деректері) 3
1.1 Деректер немесе қайнар көздерінің анықтамасы 3
1.2 Рум құқығының құрастыру түрлері (формалары) 4
1.3 Рум құқығының кодификациясы 9
Әдебиеттер 12

1 Рум құқығының шығу көздері (деректері)
1.1 Деректер немесе қайнар көздерінің анықтамасы
Әрбір ғалым тарауларының ішінде дерек не шығу көздері деген ұғымдар болады. Ал, ғылыми дерек деген ұғым үш анықтамадан тұрады. Осы анықтамалардың бәрін біз өзімізге түсіндіруіміз керек.
Біріншісі. Не болса да бір жерден шығу керек. Мәселен, өсімдіктер тұқымнан, балапан жұмыртқадан шығады. Румдықтар Ab Оvo деген. Осында тұқым, жұмыртқа өсімдікке, балапанға дерек болады. Ал, құқық деген неден шығады? Мемлекет пен құқық теориясы бойынша құқықтың дерегі, тамыры десек те болады, әрбір мемлекеттің экономикалық жағдайынан шығады. Дәлірек айтсақ, экономикалық қатынастардың тарихпен айналысуынан пайда болады. Ал, Рум құқығы өзінің негізін, қайнар бұлағын Рум құл иелену мемлекеттік экономикалық қатынастарынан табады. Бұл бірінші анықтамасы.

1.2 Рум құқығының құрастыру түрлері (формалары)
Алдымен келіскендей құрастыру түрлері рум құқығының деректерінің екінші түрі (анықтамасы) деп есептейміз. Сол деректер, құрастыру түрлері рум құқығының тарихы бойынша алты түрге бөлінеді. Оларды әдет құқығы (1), республиканың заңдары (2), сенатусконсульттер (3), преторлардың эдикттері (4), императорлардың конституциялары (5), заңгерлердің жауаптары (6) деп санаймыз.

1.3 Рум құқығының кодификациясы
Жоғарыда айтқандай, Гай, Папиниан, Ульпиан мен тағы басқалар Рум құқығына бағасыз мұра қалдырған. Тарихта көптеген заңдар, сенатусконсульттер, басқа деректер сақталған. Оларды кім жинаған? Заңдарды алдымен заңгерлердің өздері жинай бастады. Сондай жинақтарға Кодекс деген атау берілген. Соdех деген латынша бірнеше жазылған тақтайды байлап жинағаны дейді. Ең бірінші кодекстерде Грегориан мен Гермогениан (295-300 ж.ж). Грегориан Адриан императорлардың конституцияларынан бастап 19 кітап шығарды. Ал, Гермогениан Адрианнан бастап Константин императорға дейін 120 конституцияларды жинап 69 жинақ қылып жазып қалдырған.