Криминология ғылым жүйесінде
Егер сөзбе-сөз ұғынсақ криминология дегенiмiз кылмыскерлiк жайындағы iлiм: Crimen-қылмыс, logos -ілім. Бiрақ криминология ғылымының нақты мазмұны едәуiр күрделi әpi көп аспектiлi. Ол жекелеген кылмыстардың ғана емес, жаппай кылмыстық әрекет ретiндегi қылмыскерліктің де заңдылығын зерттейдi, адам неге қылмыс жасайды? Өз проблемаларын шешу үшiн көптеген адам , неге кылмыс жолына түседi? Ондайға жол бермеу үшiн не iстey керек? - деген cұрақтарға жауап бередi.
Қылмыскерлiктен бастау алып ол оның себептерiнiң, онымен күpecтi ұйымдастырудың,, оның алдын алудың талдамасына тереңдеген сайын қоғам мен табиғатта бар басқа да кең әpi күрделi проблемаларға шығады. Философ, керiciнше, қылмыскерлiктi көптеген құбылыстардың бiрi ретiнде, барлық басқалардың өзара байланысы, өзара әрекеттестiгi контексiнде қарайды. Философтар қылмыскерлiкке табиғат пен қоғамның жалпы заңдылықтарын зерттеуге байланысты талдама жасайды.
Профессор Г.М. Минковский бейнелеп айтқандай, криминологтердiң назар аударатын объектiлерi қалайда «фондық құбылыстар» болуға тиiс. Бiрақ криминологтер оларды толық көлемде емес, тек олардың қылмыскерлiкпен байланысын ғана зерттейдi.
Кылмыскерлiк детерминациясы жене себептiлiгi - бұл, жалпы алғанда, к,ылмыскерлiктiн. к.огамда туындау процесi (елеуметтік детерминация) жене сол процестi тудыратындарды, себептiк байланыстарды белiц алу (себептiлiк).
Бұл ретте криминологте оның өзiне ғана тән зерттеу саласы болады: тiкелей қылмыскерлiк туындайтын әр түрлi әлеуметтiк құблыстар мен процестердегi (әлеуметтiк, саяси жене баска) өзара байланыстылықты бөлiп алу. Ол өзi алған нәтижелер жайында экономистердi, саясаткерлердi, социологтердi, құқық қорғаушы және басқа мемлекеттiк органдарды, жұртшылықты хабардар етедi. Бiрақ криминолог, ендi болды, бұдан былай жұмыссыздық та, кедейлiк те болмайды, қылмыскердiң ешқайсысы жазасыз қалмайды деп қол қусырып oтыруғa тиiс емес.