Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Өнертану

Тип: Реферат

Объем: 16 стр.

Полный просмотр работы

Классик - композитор Ықылас Дүкенұлы (1843-1916)

Жоспар
1 Күй мектебінің қалыптасып өркендеуі 3
2 «Шыңырау» күйінің сараптап, саралау әдістемесі 10

1 Күй мектебінің қалыптасып өркендеуі
Қазақстанда ысқылы қылқобыз аспаптарда орындау дәстүрі өнері ұлттық бастау алды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында аспаптық музыканың даму кезеңі - майталман қобызшы Ықылас Дүкенұлының шығармашылығымен тікелей байланысты.
Ықылас жеті атасынан қобызшылар әулиеті атанған Дүкен қобызшының отбасында 1843 жылы дүниеге келді. Оның туып өскен жері казіргі Жаңарқа мен Сарсу ауданына қарасты жерлер. Ықыластың аталары қара қобыздың қасиеті мен сиқырлы – мистикалық үніне қатты сенген.

Ықылас екі жасынан - ақ ескі қобыздарды сүйретіп, ойыншық қылып ойнаған екен. Үш-төрт жасында от басында қариялар әңгімесінің үстінде атасы, не әкесі қобыз тартса көн шанаққа кішкене алақанын басып, тың тыңдап, зыңылдап шыққан үнге қап жүрген. Ол ел аузындағы «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян-сұлу», «Қамбар батыр», «Мұңылық - Зарлық» жырларына ұйып өскен деген деректер бар. «Сарысуда ұлан жаз бойы жатып алып жырлайтын жыршы Шөже жиі - жиі келген. Шөженің сай сүйікті сырқыратқан шерлі үніне боздаған қобыз үні қосылғанда, бес - алты жастағы Ықылас оны жылап отырып тыңдаған екен.

Ықыластың терең қиял, тұңғиық сыр, ұлы арман желісіне құрылған туындының бірі-«Қоңыр». Күй жұмсақ, байсалды және драмалық шиеленіссіз өрбіп, сезімін суреттеп, адамның ой- арманын барынша бейнелейді. «Қоңыр» күйі шырайлы лирикалық сезімге толы болып келеді.
Осы жерде, оның қобыздағы бақсы сарындарынан мүлде бөлек үн бояуға ден қойғаны байқалады. Отыз жасында Ықылас атақты қобызшы атанып, аспапты толық меңгеріп шығады. Бұрын әкесінен үйренген күйлерінің көлемін, техникалық негізін шенеулі екенін сезген ол, өз бетімен күй шығаруға кіріседі де, алдыңғы үйренген күйлерді бірнеше тарауға бөліп дамытады».

2 «Шыңырау» күйінің сараптап, саралау әдістемесі
Негізі қазақтың көптеген күйлері елеулі оқиғаларға, ірі құбылыстарға, немесе аңыз – ертегілермен байланысты болып шығарылған.
Сондай шығарманың бірі – Ықыластың «Шыңырауы» атты күйі. Бірінші болып күйді біздің дәуірге естірткен дарынды күйші Д. Мықтыбаев (1905-1976) болды. Деректерде 1958 жылы Б. Г. Ерзакович магнитофон лентасына жазып алған екен, ал 1959 жылы З. Жанұзақова нота бетіне түсірген.
Бұл күй эпикалық, мазмұнды шығармаға жатады. Шыңырау кұс туралы әңгіме өте көнеден келе жатқан ертегілерінің бірі. Оны халық арасында неше түрлі нұсқада айтады, мысалы оның мазмұны қазақтың «Ер – Төстік» ертегінде, шумер халқының Гильгамеш туралы эпосында кездеседі. Онда Шыңырау өте алып қара құс болып суреттеледі. Екінші бір нұсқасы шығыс Түркістанда өмір сүрген атақты күйші – домбырашы Қожеке Назарұлының «Нұрғазарын» атты күйінің тарихында да келтірілген. Аңыздардың көпшілігінің мазмұны біріне-бірі ұқсас болып келеді. «Мифологиялық тұрғыдан құс пен оның балапандары – аспан немесе жоғары әлеммен, жылан (айдахар) – төменгі, жер астындағы дүниемен үйлеседі. Оқиғаның орны – биік бәйтеректің өзі – үш әлемді біріктіріп, сонымен қатар, олардың арасында байланыс орнатады. Әңгіменің мазмұнында әлсіздік пен жауыздықтың, жақсылық пен зұлымдылықтың айқасы баяндалады» - деп жазады өнертену ғылымының докторы С. Күзембай.

Қос ішекте фложалетто шығару үші, екі ішекке саусақты қатар тигізіп орындайды. (бұл тәсіл тырнақ көбесімен, саусақтың ішкі жағымен бірдей алынады).
41-ші тактіде шығарма жоғарланған кварта мен төменгі бурдондық әуенімен G-dur тональностіне қайта оралады, осы жерде жыланды өлтірген аңшының арқасында қуанышқа жеткен анасы мен балапандары қосыла қобыз арқылы өте әсерлі көңіл күйдің көтеріңкі жағдайда болғандығын білдіреді.

Осылайша Ықылас қазақ аспапты өнерінің мәңгілік алтын қорына қосылған күйлерін шығарып жазды. Ол 73 – ке келіп, 1916 жылы қайтыс болды.
Шебер қобызшының көзін көргендер Ашай, Әбікей, Сүгір сияқты қобызшы – домбырашылар тікелей тәлім алған белгілі орындаушылар мен күйшілер. Олардың өнерін жалғастырушылар Жаппас Қаламбаев пен Дәулет Мықтыбаев.