Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Жаратылыстану ғылымдары

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Музыкалық қабілеттер


Жоспар
1 Музыкалық қабілеттер 3
1.1 Музыкалық есту қабілеті 7
1.2 Құйма - құлақ 10
1.3 Ырғақ 12
1.4 Музыкалық ырғақтың көркемдік мәні 17
1.5 Ес – есте сақтау 21
Әдебиеттер 25

1 Музыкалық қабілеттер
Қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай орындауда көрінетін қасиеті. Бір сөзбен айтқанда, қабілет дегеніміз – ұғымталдық, зеректік, алғырлық, қағілездік, сезімталдық, байыптылық, табандылық, адалдық, еңбекқорлық және т.б. қасиеттердің белгілі деңгейде жетілген жиынтығы. Қабілеттің дамуының табиғи негізін құрайтын бар қабілет жиынтығы дарыған оқушыны – дарынды, талант дейміз. Нышандардың жинағын дарындылық деп атайды. Бұл туа бітетін қасиет. Кейбір балалар оқуға түспей тұрып та қабілеттіліктерін танытады. Тек қана дарындылық жалғыз өзі уақытта дами алады.

1.1 Музыкалық есту қабілеті
Есту қабілеті дыбыс объектісін толық білмейінше, көзіне елестетпейінше беріле бермейтін қасиет. Дала баласының көргені, сезгені мен қала баласының таным - түйсігінде айырмашылық бар. Адам даусын, домбыраны естігенмен фортепиано дыбысын ажырата алмайтындар, болмаса керісінше жағдайлар көп. Есту қабілетінің түрлері көп. Ал музыкалық есту дегеніміз құрамдас бөлімі өте күрделі ұғым. Мысалы, ең маңыздысы дыбыс биіктігін, мөлшерлік, есту (жоғары, төмен) ладтық, әуездік (жарқын, мұңды), оның ішінде, мақамды әуендік, көп дыбыстық, тембрлік және динамикалық есту (көптеген қалыптасқан сөздерді аудармауға тырыстық). Мұның қай-қайсы да музыка маманына өте қажетті маңызы бар. Кейде Абсолюттік есту қабілеті бола ырғағы, есте сақтауы сәйкеспейтін кездер де жиі кездеседі.

1.2 Құйма - құлақ
Дәстүрлі орындаушылардың оң жақ ми жартысы жақсы дамыған деп мамандар дәлелдеді. Олар тіпті көзбен көрген, көрмей-ақ естіген әуендерін, күйлерін домбыраға еркін сала береді. Себебі анасының құрсағынан жерге түскеннен сол ортада өсті, құндағынан сол әуезді құлағына сіңіріп өмір жылнамасын бар болмысымен сезді. Ал біздің жағдайымызда есту қабілеті әр түрлі әдістермен дамытылады:

1.3 Ырғақ
Ырғақтық сезімді айтпас бұрын, алдымен ырғақ жайлы толық түсініктеме жасаған жөн. Ырғақ термині өте жиі, әр салалы қолданылады. Мысалы: өлең жолының ырғағы, проза, қойылым, дем алу, адам организмінің ауысу, алмасу, ауытқу, жүрек соғуы, тіпті жыл мезгілдерінің ауысу ырғағы. Ырғақ деген түсінік көбінесе мерзім, уақыт ара қашықтығын көрсетеді, бірақ нақты жүйеленген түрде емес, астыртын, құбылмалы түсінік ретінде жиі қолданылады.

1.4 Музыкалық ырғақтың көркемдік мәні
Қазақ сайын даласында өткен заманда мәңгілік мәнді музыкалық мұра қалдырған қаншама ұлыларымыз болды. Асыл мұраның жетпегені бар екені ақиқат, бізге жетіп бүгінгі күні құндылығы былай тұрсын, ұлттық рухани биіктігімізді дәлелдеп әлемде дарынды адамзат баласы атанғанымыз да осы дараларымыздың арқасында.

1.5 Ес – есте сақтау
Тіршілікте бар көрген, естіген білгенді жанның жоғалтпауы ес деп аталады. Осы сақталған нәрселерді бұрынғы түрімен жанның тірілтуі еске түсіру деп аталады. Ес болмаса адам өмірі мағынасыз, өмір, тіршілік алға жылжымас еді. Ес деңгейі әр адамда әр түрлі. Табиғаттан берілгенін былай қойғанда өскен ортасына, көрген тәрбиесіне тығыз байланысты.