Рахат акционерлік қоғамындағы еңбек ақыны ұйымдастыруын талдау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Еңбек ақының мәні, мазмұны және қағидалары 5
1.2 Еңбек ақының нысандары мен жүйелері 10
1.3 Қазақстан Республикасында жалақыны мемлекеттік реттеу 13
2 «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫН ТАЛДАУ 17
2.1 «Рахат» Акционерлік қоғамының сипаттамасы және экономикалық қызметін бағалау 17
2.2 «Рахат» акционерлік қоғамының еңбек ақы жүйесін талдау 23
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 25
3.1 Шет ел тәжірибелерінде еңбек ақыны ұйымдастыру 25
3.2 «Рахат» Акционерлік қоғамындағы еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар 30
ҚОРЫТЫНДЫ 34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ 36
КІРІСПЕ
Экономикадағы түбегейлі өзгеріс - адамның еңбекке көзқарасын қалыптастырып, оның атқарған жұмысына қарай берілетін еңбек ақыны талап етеді. Осыған орай мемлекеттің дамуымен халқының материалдық ахуалы олардың күн көрісі және жалақысымен анықталады. Тәуелсіздік жылдарынан бері саяси-экономикалық реформалардың дамуының жолының басты кепілі ретінде біле отырып, халықтың тұрмыс деңгейінің жоғарлатуының бір көрінісі - жалақы саясатын жетілдіру болып табылады. Экономикалық саладағы мемлекеттік және жеке секторларда қызмет аясын кеңейтіп, жұмыс күшін жетілдіру арқылы өнім өндіру ісін кеңейту - жалақы деңгейінің мөлшерін экономикалық даму мүмкіндігіне орай жүргізу - халық тұрмыс көзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын күн көріс ахуалын көтеретін қомақты жұмыстардың бір бағыты деп білген жөн.
Еңбек ақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбек ақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да; мұны еш уақытта естен шығаруға болмайды.
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Еңбек ақының мәні, мазмұны және қағидалары
Еңбек ақы төлеудің маңызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз.
Еңбек ақы төлеудің негізінде еңбек ақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбек ақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбек ақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.
Әлеуметтік-экономикалық категория бойынша еңбек ақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.
Қызметкер үшін еңбек ақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбек ақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбек ақының ынталандырушы рөлі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.
1.2 Еңбек ақының нысандары мен жүйелері
Еңбек ақының жүйелері және нысандары өз алдына еңбектің нәтижесін қамтып көрсететін, сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығының көмегімен жұмсалған, еңбектің санына және сапасына тәуелді еңбек ақы мөлшерінің бекітілу тәсілдерін көрсетеді.
Мақсаттың ішінен басты нәрсе болып еңбек өлшемі мен еңбек ақы өлшемі арасындағы дұрыс арақатынасты қамтамасыз ету, сонымен қатар тиімді еңбекте жұмысшылардың мүдделерін көтеру болып табылады.
1.3 Қазақстан Республикасында жалақыны мемлекеттік реттеу
Нарық жағдайында тауар ретінде еңбек өнімінің нарығы мойындаған еңбек ақы төлемі жұмсалған шығындарға емес, еңбектің нәтижесіне төленеді. Тауарларды өткізуден түскен қаражаттар тауар өндірушілердің еңбегінің саны мен сапасын бағалаудағы және олардың жеке табыстарының негізгі көзін бағалаудағы жоғарғы белгі болып табылады.
Қазіргі уақытта, Қазақстанда еңбек ақыны реформалау (өзгерту), мемлекеттің кепілдеген ең қысқа күнелту деңгейін қамтамасыз етумен және ақы төлеудің жоғарғы деңгейінен шектеулерді жүйелі түрде алып тастаумен байланысты.
Еңбек қатынастарын реттеудің нормасы болып тарифтік келісімнің және ұжымдық келісім-шарттың негізінде жасалған жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арасындағы, жұмысшылар мен қызметшілердің арасындағы еңбек ақы төлеу бойынша келісім-шарттың қағидасы табылуы керек.
2 «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫН ТАЛДАУ
2.1 «Рахат» Акционерлік қоғамының сипаттамасы және экономикалық қызметін бағалау
Соғыс жылдары Алматы қаласына көшірілген Москва және Харьков кондитер мекемелері негізінде құрылған Алматы кондитер фабрикасы ең алғашқы өнімін 1942 жылы шығарды.
Қазіргі уақытта «РАХАТ» АҚ-нда техникалық мүмкіншіліктері бүгінгі салалық ғылымдар мен техникалардың даму дәрежесіне сәйкес келетін тәтті тағам өндірісінің барлық дәстүрлік технологиялары бар.
Кәсіпорында 2200 адам өнімді еңбек етуде. Өндірістік күштердің жыл сайын 65000 тонна кондитер өнімдерін шығаратын мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта кәсіпорында: бисквит, карамель, ирис, шоколад, кәмпит, зефир шығаратын 6 цех жұмыс істеуде.
2.2 «Рахат» акционерлік қоғамының еңбек ақы жүйесін талдау
«Рахат» зауытында басты орын қызметкерлеріне мерзімді еңбек ақы төлеу жүйесі және қызметақы төлеу әдісі қолданылады. Ал өндіріс орнындағы жұмыскерлердің еңбек ақысын төлеуде жаңа әдіс тарифсіз төлеу жүйесі қолданылады.
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Шет ел тәжірибелерінде еңбек ақыны ұйымдастыру
Шет елдерде кіріске қатысу, яғни еңбек өнімділігінің өсуі немесе сапасының көтерілуі нәтижесінде алынған қосымша пайданы қызметкерлер мен компания арасында бөлу сияқты материалдық көтермелеу түрі жеткілікті түрде кең қолданылады.
Скэнлонның, Ракердің және Ипрошеардың пайдаға қатысу жүйелері ең белгілі болып табылады.
Скэнлон жүйесінде жүзеге асырылған өнім көлемінің кұнындағы еңбек ақы үлесінің төмендеуі есебінен пайда болатын экономия бөлінеді. Ол үшін нақты жүзеге асыру көлемі базалық кезеңдегі іске асқан өнімнің кұнындағы еңбек ақы үлесіне көбейтіледі. Алынған сомадан еңбек ақының нақты шығынын алып тастайды.
3.2 «Рахат» Акционерлік қоғамындағы еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар
Курстық жұмысым «Рахат» АҚ мысалында жазылды. Кәсіпорынның қызметі кондитерлік өнімдерді өндіру.
Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру ұжымдық келісім-шарт бойынша реттеледі. Бұл келісім-шарт қорытындысы жалдамалы жұмысшы үшін өмірлік қажеттілік болып табылады. Кәсіпорын еңбек ақы төлеуде мерзімдік жүйені қолданады. Яғни, әр жұмысшының жұмыс істеу уақыты белгіленіп, соған сай еңбек ақысы төленеді.
Жалпы кәсіпорында еңбек ақыны төлеу жақсы ұйымдастырылған. Еңбек ақыны төлеуді жұмысшының білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі ескеріледі. Кәсіпорын жас мамандарды жұмысқа алғанда, оларға жеңілдіктер беріледі. Яғни, 10-күн ішінде олар оқыту мерзімін өтеді.
Еңбекті жетілдіріп ынталандырады деп тарифсіз еңбек ақы төлеу жүйесі ұсынылып отыр.
Тарифсіз еңбек ақыны төлеу жүйесі бойынша жұмыскердің еңбек ақысы толықтай оның істеген жұмысының нәтижесіне байланысты болады. Бұл жүйені келесі жағдайларда қолдануға ұсыныс беріледі: