Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 20 стр.

Полный просмотр работы

Қазақ тілінің ісөқағаздар стилі

Мазмұны
Кіріспе 3
I-тарау. Қазақ тілінің іс-қағаздар стилі 5
1.1 Қазақ тілінің-Қазақстан Республикасының 5
1.2.Іс – қағаздар стилінің ерекшеліктері 11
1.3 Тілдік норма мен дағды 15
1.4 Іскерлік қарым – қатынас 16
Қорытынды 18
Пайдаланған әдибиеттер 20

Кіріспе
Дамыған тілдердің негізгі белгілерінің бірі – сөз байлығы. Сөз байлығы дегеніміз тек сандық көрсеткіш қана емес. Ол ең алдымен сөз алуандығы деген ұғымды қамтиді.
Әдетте, тілде ақиқат дүниедегі әрбір зат, құбылыстың бас-басына телінген атаулары бар.Ол әрбір затты даралап көрсетеді (әкім, жусан, тағам, саусақ, шынтақ, т.б.) сонымен қатар, ең бастысы, олардың басын бір ұғымға жинақтайтын яғни, (қара, от, қол тәрізді) атаулардың; деректі атаулармен бірге (мектеп, кітап, т.б.) бейдерек атаулардың (білім, өнеге, тәрбие, ұғым, өнер т.б.) сондай-ақ, сезім-күйді көрсететін (монтию, жайраңдау, томсыраю, күлімсіреу, т.б. тәрізді) сөздермен қоса ой-танымдық мазмұндағы (қанағат, абырой, ар-ұят, адамгершілік тәрізді) сөздің болуы қазақ тілі лексикалық жүиесіндегі сөздің алуан түрлілігі сөз байлығының сапасын көрсетеді.
Халықтың тарихи тағылымы, көргені мен көңілге түйгені, логикалық, эстетикалық таным- білім қазақ тілінің сөз байлығында жинақталған.
Қазақ тілі- осылардың субстанциялануы, материализациялануы.
Қазақ тілі-жалпы адамзат өмірінің барлық салаларында жасалған аса маңызды білімді, қорытылған тәжірибелі кемел тіл ретінде өзінің сөздік қоры мен сөздік құрамында жинақталған тіл. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл деген жоғары мәртебеге ие болуы ендігі жерде оның жинақтауыш қызметіне тән мүмкіндіктерді кеңінен аша түспек.
Қазіргі кезде қазақ тілі жаңа бір леппен қайта түлеу, жандану кезеңін бастан кешіруде десек те болады.
Қазақ тілінің күш-құдыретін, нақтылығы мен дәлдігін, ресмилігі мен бейресмилігін тану үшін оның тарихын, көркемдік қуатын, аумақтық таралуын жан-жақты талдауымыз кажет.

I-тарау. Қазақ тілінің іс-қағаздар стилі
1.1 Қазақ тілінің-Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік тілі
Қазақ тілі-қазақ тілінің ұлттық тілі. Қазақ тілінің мүмкіншіліктері мен қоғамдық қарым-қатынасын, оның ресми-іскерлік стильдерін сарамалас бұрын, ана тіліміздің ұлттық қайнар көзіне тоқтала кетпесек болмас.
Қазақ тілі-небір күрделі ойды, аса нәзік мағыналық реңктерді дәлме-дәл бере алатындай құрылымы мен жүйесі дамыған, стильдік тармақтары сараланған, сөз байлығы аса мол, ұлттық тіл діңгейіне көтерілген қазақ халқының ұлттық тілі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Қазақ тілі- әлемдік тіл кеңістігінде қайталамасы жоқ, ғасырлар бойы гуманизм мен прогреске, қазақтардың ұлттық тұтастығымен бірлігін нығайтуға қызмет етіп келе жатқан тіл.

Міне осы айтылғандардың барлығы қазақ тілінің Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне аса қажетті алғышарттардың жеткілікті және қазақ тілінің ішкі әлеуметтік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсетті.

1.2.Іс – қағаздар стилінің ерекшеліктері
Қазақ әдеби тілі қоғамдық өмірдің білім мен ғылым саласында, құқықтық қатынас саласында, бұқаралық ақпарат саласында, әдебиет пен өнер саласында, тұрмыстық қарым – қатынас саласында қызмет етіп, тілдік ұжымның қарым – қатынасын өтейді.
Осымен байланысты қазақ әдеби тілінің бес түрлі стилдік тармақтары қалыптасып сараланған: білім мен ғылым саласында – ғылыми стил, құқықтық салада – ресми іс – қағаздар стилі, әдебиет пен өнерде – көркем әдебиет стилі, бұқаралық ақпарат саласында – публицистикалық стил, тұрмыстық қарым – қатынаста сөйлеу тілі стилі.
Қазақ әдеби тілінің стилдік тармақтары түптеп келгенде, үлкен екі арнаға сияды. Жоғарыда аталған публицистикалық стил, ғылыми стил, ресми стил, көркем әдебиет стилі – кітаби тіл стилі деп аталады.

Морфология – жалпылық мағына беретін сілтеу есімдіктерін қолданбау.
Синтаксисте – сабақтас құрмалас сөйлемдердің, оның ішінде себеп, мақсат, салдар және шарт бағыныңқыларының көбірек жұмсалуына мүмкіндік беру; мүмкіндігінше қыстырма конструкцияларды қолдануды дағдыға айналдырмау сияқты принциптердің сақталуы.
Іс – қағаздарға арналған жеке сөздер мен сөз тіркестерінен және фразеологизмдер құралатын ресми стилдің шағын түрі (подстиль) . Кеңсе тіліне тән терминдік атаулар: анықтама, сенімхат, өтініш, арыз, т.б.
Сондай – ақ ондай құжаттардың тілінде қалыптасқан сөз оралымдары мен сөйлемдер болады. Кеңсе тіл – таза әдеби тіл. Кеңсе тілінде диалектизмдер, жаргонизмдер, варваризмдер қолданылмайды. Егер ондай сөздер кірістірілген болса, ол – автордың кеңсе тілінің заңдылығы сақталмағанын білдіреді. Тиісті мекеменің, не ұйымның мамандығына байланысты кәсіби сөздердің енгізілуі қажет болып табылады.
Міне, осы тармақта кеңінен жүйелендіріп, тілдің іскерлік жағын қатаң әрі бірізді нормаға түсіру тіл заңдылықтары секілді үнемі даму үстінде болары анық.

Сипаттауда зат пен құбылыстың негізгі, міндетті белгілері айтылады. Мысалы: Арқасының сарғыш дағы бар, бауыры қоңырқай дақты, қанаты ұзын, бүкіт тұқымдасына жататын жыртқыш құсты ақсары деп атайды (кітаптан) .
Әйгерім отқа жақындап отырғандықтан өңі ажарланып, балқығандай қызара түскен. Үстіндегі қалың қара жіппен тысталған пұшпақ ішігінің айналасына жалпақ құндыз ұстатқан. Ішігінің сәнін бұрама күміс түймеге орнатылған үлкен кесек қызыл маржандар ерекше ажарлап тұр.
Басындағы кимешек шаршысы да ұқыпты сәнмен тартылған, кіршіксізаппақ.

1.3 Тілдік норма мен дағды
Тілдік норма дегеніміз – тілдік таңбалар (сөз, қосымша, сөйлем) , тілдік амал – тәсілдердің қолданыстағы бірізділік пен реттілік, білгілі бір тілдік ұжымның «дұрыс» деп таныған жүйесі.
Әдеби тілдің «зағдастырылған» нормасы – сөзді дұрыс қолданудың, громматикалық амал – тәсілдерді дұрыс пайдаланудың көпшілік таныған, тіл тәжрибесінде сыннан өткен қағидалары. « Тіл мәдениеті » әдеби тілдің нормасы туралы білім саласы ретінде пайда болғаны мәлім. Тілдік норма - әдеби тіл туралы ұғымның ең бір өзекті элементі. Сөйлеуде, жазуда тіл амалдарын дұрыс қолдана білу әдеби тіл нормаларын сақтау дегенде сияды.
Тілдік норма алдымен тілдік жүйемен (системамен) салыстыла қарастырылады.

1.4 Іскерлік қарым – қатынас
Тілдік қарым қатынастың әлеуметтік сипаты мен жағдайы әр саласы. Өмірдегі әр түрлі тіршілік жағдайына, өмірлік, қоғамдық қажеттілікке қарай адамдар арасындағы тілдік қатынас та түрленіп, сараланады.
Өзінің қолдану ортасына қарай ерекшеленеді, қалыптасады.
Кез келген Адам күнделікті өмірде белгілі бір әлеуметтік іспен айналысады, онда сол әлеуметтік ортаның өкілі болады. Мысалы: қоғамдық көлікке мінсе – жолаушы, дүкенге кірсе – сатып алушы, үйге келгенде – ата – анна, жұмыста – маман иесі, қызметкер, т.б.
Осындай қым – қиғаш өмір салтына байланысты адамдар қарым – қатынас жасаудың бірінен екіншісіне көшіп отырады.

Қорытынды
Қазіргі таңда да тіл мәдениеті үшін күрес, ең алдымен, ана тіліміздің қоғамдағы орнының беккемдігі, әлеуметтік жағдайының жоғары болуы үшін күрес болуға тиіс. Сансаналы қазақ тілінің сөз бедері қоғамның қай саласын алсақ та ешбір тілден кем емес, толық қалыптасқан әлемдегі кемел тілдерінің бірі. Іс – қағаздар, құжаттар, түрлі қарым – қатынастағы ресми тіл ретінде де өзінің қызметін атқаруда.
Заманының көшінен қалмай, бүгінде ресми тіл қайта даму үстінде. Әрине, кемшіліктері де жоқ емес. Бірақ бұл тілдің нашарлығына болған кемшілік емес, керісінше жарты ғасырда боданда болған тілдің тұншығып барып қайта оралуы есеп болар. Еліміздегі ресми іс – қағаздар стилдің жаңаша даму қарқыны әлі алда. Қазіргі жағдайы орыс тілінен аударма, салыстырма, қосымша түрінде болып отырғаны да жасырын емес.

Пайдаланған әдибиеттер
1. Балақаев, Қазақ тілінің мәдениеті, Алматы, 1971.
2. Балақаев М., Сыздықова Р., Жанписов Е.,
Қазақ әдеби тілінің тарихы, Алматы, 1991.
3. Балақаев М., Қазақ әдеби тілі және оның номалары, Алматы 1984
4. Балақаев М., Томанов М., Жанписов Е., Манасбаев Б., Қазақ тілінің стилестикасы, Алматы, 1974.
5. Жұбанов Е., Халық әдебиеті тілін зертеуді лингвостатистикалық аспектілер, Алматы, 1991.
6. Аханов К., Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993.
7. Қордабаев Т., жалпы тіл білім Алматы 1983.
8. Біріккен авторлар, қазақ тілінің стилистикасы, 1997.
9. Аманжолов С., Қазақтың әдеби тілі. Алматы, 1996.
10. Сауранбаев Н., Қазақ тіл білімінің мәселелері, Алматы, 1982.
11. Исаев С., Қазақ әдеби тілінің тарихы, Алматы, 1989.
12. Мұсебекова Ф., Қазақ тілінің стилистикасы, Алматы, 1982.
13. Садуақасұлы Ж, Қазақ тіліндегі іс – қағаздар, Алматы, 1990.
14. Хасанов Ә., Тіл білімі, Алматы, 1996.